Дәріс жоспары



бет15/15
Дата31.12.2021
өлшемі170,23 Kb.
#22937
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Аналитика дәрістер 2020ж

Оптикалық тығыздықты өлшеу құралдары. Жұтылуды өлшейтін құралдар сәулелену көзінен, монохроматордан, сәулеленудің қарқындылығын реттеу құралынан, реттеуіш саңылаудан, кюветалардан, сәулеленуді қабылдағыштан, тіркегіш құрылғыдан тұрады.

Сәулелену көздері: Вольфрамды, дейтерийлі, сынап-кварц лампалары.

Сәулеленуді қабылдағыштар: фотоэлемент, сәулелену энергияны электр энергиясына өзгертеді.

Тіркегіш құрылғы - ФЭК-56М.

Спектрофотометрия. Спектрофотометрияда фотоколориметрия сияқты аспаптық талдау тәсілдеріне жатады. Теориялық жағынан Бугер-Ламберт-Бер заңына бағынады. D=εch. Айырмашылығы тек пайдаланылатын аспаптарда және монохроматты жарық қасиетінде. Спектрофотометриялық өлшеулерде монохроматты жарық ағыны монохроматор көмегімен бөліп алады. Ал фотоколориметрияда жарық сүзгіштердің көмегімен қажетті спектр ауданын шамамен бөліп алады. Спектрофотометрлер (СФ) бұл қазіргі кезде жетілдірілген, қымбат аспап. Көптеген спектрофотометрлермен тек көрінетін ауданда ғана емес, сонымен қатар УК, ИҚ аудандарда да жұмыс істеуге болады.

Спектрофотометрдің (СФ-16) негізгі бөліктері. Спектрофотометр СФ-16 спектрдің 186-1100 нм аралығында оптикалық тығыздықты өлшеуге арналған. Спектрофотометр СФ-16 бір сәулелі аспапқа жатады, оның жұмыс істеуі салыстырушы ерітінді мен зерттелетін ерітінді арқылы өткен жарық ағындарын салыстыруға негізделген, оны фотоэлемент және күшейткіштің көмегімен орындайды. Аспапта кварц оптикасы пайдаланылады.

Сәулелену көзі ретінде: 1) вольфрам қыздыру лампасы; 2) дейтерий; 3) сынап-гелий лампалар пайдаланылады. Спектрофотометрде лампаларды екі патронды жарықтандырғышқа қондырады. Жарықтандырғышта орналасқан конденсатормен лампаның сәулеленуін монохроматордың кіру саңылауына жібереді.

Аспаптың монохроматоры тұтассәулеленуді спектрге ыдырататын дисперсиялайтын кварц призмасымен жабдықталған. Монохроматордың шығу саңылауында қажетті тұтқамен призманы айналдырып, қажетті толқынды монохроматты сәулеленуді алуға болады. Спектрфотометрлерде жарық сүзгіш құрылмайды, себебі 340-1100 нм аралығында аспапта шашыраған жарық болмайды.

Екі фотоэлементі болады, оны кезекпе-кезек қосады: сурьма-цезийлі және оттек-цезийлі, фотоэлементтер сәулеленуді қабылдағыштар. Аспапты ауыстырып қосудың толқындық шамасы құжатында көрсетіледі.

Фотондарды компенсациялайтын компенсациялық құрылғы. Компенсацияны потенциометрлермен орындайды. Өлшенетін шкала оптикалық тығыздықтың шамасы.

Ең жиі пайдаланылатын спектрофотометрлер СФ-4, СФ-4А, СФD-2, СФ-5 (шыны оптикалы).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет