Томас Аквинский (1225-1274) ұлы схоласт. Аквинский және барлық схоластар космостың кіндігі жер болып табылады деген Аквинский философияның пәні білімдердің жиынтығы деп есептеген. Философия адам ақыл-ойымен бір бөлшек болғандықтан, құдай туралы ілімнен (теологиядан) төмен тұрады. Теология – құдайдың өзінің ақыл-ойының сферасы. Құдай дүниені жоқтан жаратты. Материя қозғалыссыз, ол тек мүмкіндік. Форма белсенді. Ол материяны ақиқат етеді. Реалистерге кері бағыт ұстаған номиналистер. Олар астыртын материалистік ұғымды қолдады. Оның өкілдері: Роджер Бэкон (1214-1292), Уильям Оккам (1285-1349), Николай Уразмский (1313-1382). Санадан тыс өмір сүретін жалпылық жоқ, тек нақты заттар бар деп түсіндірді. Нақты затқа жалпының да, жалқының да керегі жоқ деді Уильям Оккам. Әмбебаптар - олар үшін тек белгілер (терминдер) бірақ олар барлық заттарға қолданылмайды, тек өзара ұқсас заттарға ғана қолданылады - деді. Роджер Бэкон схоластиканы сынады. «Шындыққа жету үшін нақты ғылымдарды, білу қажет»- деді.
Схоластика мен дін қағидаларын сынаған ғалым әрі ақын Омар Хайям (1048-1123) өмір сүрді. Ертедегі Қазақстан жерінен шыққан Әл-Фараби (870-950) философ, энциклопедист, Аристотельдің ірі талдаушысы. Оны «екінші мұғалім» деп атаған. Философияда ол идеалист болды, құдайлық, тәңірлік ақыл мен жанның мәңгіліктігі, өлмейтіндігі туралы үйретті. Біреуі-жалпыға бірдей-біреуі – нақты денемен байланысты, жеке екі жан бар деген,. 6 негізгі ережесі бар олар: құдайлық, аспан сфералары, белсенді интеллект, жан, форма, абстракт, материя. Философиялық білімді басты деп есептеді. Дүниеде космостық ақыл бар, оны белсенді ақыл деп те атауға болады. Әбу Әли Ибн Сина (Авиценна) (980-1037). Бұхарадан шыққан, тәжік отбасында дүниеге келген. Ол феодализм дәуірндегі Иран мен Орта Азиядан шыққан көрнекті философ. Материя – мүмкіндік, құдай қажеттілік, ал дүние – шындық. Құдай дүниенің себебі сияқты мәңгілік, дүние нәтиже сияқты мәңгілік. Жан өлмейді және материалдық емес. Бірақ қайтыс болғаннан кейінгі дүние физикалық мағынада емес, рухани мағынада өмір сүреді. Ибн-Рушд /Аверроэс/ (1126-1198) Корды халифатында /Испанияда/ туған. Ол философ, дәрігер, заңгер болды. Оның замандастары айтқан еді: «Аристотель табиғатты түсіндірді, ал Ибн-Рушд Аристотельді түсіндірді». Ол Аристотельдің ілімін жоғары жетістік деп жариялады, онда ешбір толықтырулар мен түзетулердің қажеті жоқ деп ойлаған. Ол ХІІ ғ. Араб философиясының тарихындағы ең соңғы ірі философ. Әрі қарай мұсылман әлеміндегі философияның дамуына ислам дінінің билеушілері кедергі жасады.
Ислам - дүниедегі ең ірі әлемдік діндердің бірі. Оның негізін салған - Мұхаммед пайғамбар /570-632/. Араб елдерінде философия мынандай төрт бағытта болды: 1) «таза ағайындылар» ілімі,2) Шығыстың перипатетизмі. Өкілдері: Закария Рази /864-925/, әл-Кинди /800-870/, әл-Фараби, әл-Бируни, Ибн-Сина, Ибн-Рушид, 3) Суфизм /софылық ХІ-ХІІғғ./ Түркістанда өмір сүрген Ахмет Иассауи софылықтың ірі өкілі болған. Софылық - өз заманындағы қоғамдық-әлеуметтік теңсіздікке, дүниеқоңыз болып, арын сатқан, билікке таласқан әкімдердің зорлық-зомбылығына, харам іс-әрекеттеріне наразылық көрсетіп, оларды Құдай жолынан ауытқығандар деп, өздері оларға қарсылық ретінде рахаттан безіп, диуаналық өмір сүрген адамдардың діни бағыты.
Қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды. Біріншісі /Николай Кузанский, Пико Делла Мирандолла, Леонардо да Винчи т.б./ адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап, рухани өмірде мәдениетте гуманизм (адам сүйгіштік) деген бағытта дүниеге әкелсе, екіншісі /Николай Макиавелли, Томас Мор, Томаз Компанелло/ адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяға бой ұрады, ал үшіншісі /Н. Коперник, Д. Бруно, Г.Галилей/ табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйене түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына әсер еткен, революциялық жаңалықтар ашты. Пантейзм - (гр. Pan – бәрі және tcheos-құдай) - құдай табиғаттан тыс бола алмайды, ол табиғатпен барабар бейқам бастама дейтін философиялық ілім. Терминді Толанд енгізген (1705). Бұрын пантейзм деген желеумен көбінесе табиғатқа материалистік көзқарас көрініс тапқан болса (мыс. Бруно және Спиноза ) қазір ол дүниенің құдай арқылы өмір сүруі туалы діни-идеалистік теорияға айналды және ғылымды дінмен жақындастыру әрекеті болып табылады.
Ежелгі заманнан ІХ ғасырға дейінгі кезең- қазақтардың ата-тегінің философиясы бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипаты басым болды.
Ежелгі заманнан ІХ ғасырға дейінгі кезең- қазақтардың ата-тегінің философиясы бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипаты басым болды.
Түркі халықтарының философиясы ІХ-ХІУ ғасырға дейін оның көрнекті өкілдері бүкіл дүние түркі дүниесіне ортақ тұлғалар – Анархарис, Қорқыт, Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, А. Иассауи. Бұл кезде түркі тілдес халықтардың философиясының «Алтын ғасыры» деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |