Дәріс кешені павлодар Дәріс тақырыптарының мазмұны 1-тақырып


Я, ю әріптерінің алдында ы, і



бет3/22
Дата15.11.2023
өлшемі84,42 Kb.
#123709
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
лекции по практикуму орфогр и пункт-1

Я, ю әріптерінің алдында ы, і әріптерінің орнына и әрпі жазылады: тақия, қия, тию.
Ій, ый дыбыстарын жалаң и-мен, сол сияқты үу, ұу дыбыстарын жалаң у дыбысымен таңбалау оқыту ісінде, сөздерді буынға бөлуде қиындық келтіріп жүр.
Ый қосар әріптері тек тый, сый деген сөздер де ғана жазылатынын негізгі ережеден ауытқу ретінде есте тұту керек. Йы, йі дыбыстар тіркесі мен ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге көсемшенің –й жұрнағы жалғанғанда, соңғы ый, ій әріптерінің орнына бір ғана и әрпі жазылады: байы + й + ды – байиды, оқы + й + ды – оқиды. И дыбысына бітетін етістіктерге жалғанатын тұйық етістіктің –у жұрнағы ю түрінде, көсемшенің –а жұрнағы я түрінде жазылады: и + у – ию, ки + у – кию, қи + а – қияды.
У әрпі мынадай орындарда жазылады:
а) түбір сөзде де, туынды сөзде де бірде жуан, бірде жіңішке естілетін дауысты у дыбысының, сондай-ақ дауысты дыбыстан бұрын және кейін келетін үнді у дыбысының таңбасы ретінде қолданылады: су, қуат, уәде, дәуір.
ә) ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанғанда, ы, і дыбыстары түсіріліп жазылады: оқы + у – оқу.
б) у дыбысына бітетін етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанғанда, оның түбірі өзгертілмей жазылады: сау – сауу.
Э, е әріптері орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілдерден енген сөздерге ғана жазылады.
Ю әрпі мынадай орындарды жазылады: а) сөз құрамындағы дауысты дыбыстан кейін қосынды й+ұу, й+үу дыбыстарының орнына қолданылады: аю, ою, көркею. ә) орыс тілінен енген сөздерде жазылады: полюс, люкс.
Я әрпі мынадай сөздерде жазылады: а) сөз басында және дауысты дыбыстардан кейін қосынды й+а дыбыстарының орнына қолданылады: яки, ая, мая, қия, тұяқ. ә) орыс тілінен енген кейбір сөздерде дауыссыз дыбстардан кейін де жазылады: отряд, снаряд.
2. Б, в, г, д әріптері, негізінде, сөздің басында, ортасында және орыс тілінен енген сөздердің соңында да жазылады: байқа, гүл, әдет, клуб.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет