Дәріс кешені павлодар Дәріс тақырыптарының мазмұны 1-тақырып



бет13/22
Дата15.11.2023
өлшемі84,42 Kb.
#123709
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
лекции по практикуму орфогр и пункт-1

10-тақырып. Леп белгісі және қойылатын орындары

    1. Леп белгісінің қойылуы

    2. Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы



1. – Ішінде сұраулы сөйлем жасайтын элементтері (ма, ме, па, пе, ба, бе шылаулары) бар, сәлемдескенде айтылатын сөйлемдерден кейін сұрау белгісі қойылмай, леп белгісі қойылады. Олар тікелей жауап қайтаруды тілемейді, сол сияқты сөздермен қайыра сәлемдесуді ғана қажет етеді: Армысыз, ардақты ата! (Ғ.Мүсірепов).
- Лепті сөйлемдерден кейін леп белгісі қойылады: Маңайда егіннен ине шаншар жер жоқ екен-ау! (С.Мұқанов).
- Бұйыру, өтіну мәнінде айтылып, баяндауышы ІІ, ІІІ жақ бұйрық раймен жасалған сөйлемдердің соңынан автордың қолдануына қарай не леп белгісі, не нүкте қойылады. Ондай сөйлемдер ерекше бір көңіл күйіне байланысты көтеріңкі дауыспен айтылса, лепті болады: Абай айыптап, кінәлағандай боп, ақырып жауап берді:
Ақырмаңыз! Тоқтатыңыз қазір мынау бассыздықты! (М.Әуезов).
- Ішінде сұраулы сөйлем жасайтын элементтері бар, бірақ ерекше бір сезіммен (сүйсіну, таңдану, мақтан ету) айтылған сөйлемдерден кейін леп белгісі қойылады:
Жамбылдың аты ақын ба,
Жылғадай жыры ақпаса! (Жамбыл).
- Ұран, үндеу мәнді сөйлемдерден кейін әрдайым леп белгісі қойылады: Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған! Қазақстан Республикасы ғылымын жетілдіре түсіңдер!
- Қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылып, келесі сөз бас әріппен жазылады: Тоғжан! Япырмай, жақсы айттыңыз-ау! (М.Әуезов).
- Қыстырма сөйлем лепті не сұраулы болса, екі жағынан жақшаға алынады да, леп не сұрау белгісі жабылатын жақшаның алдынан қойылады, жақша ішіне алынған қыстырма кіші әріптен басталып жазылады: Еміс-еміс естуімше, қыздың бір дұшпаны (неге дұшпан болатыны айтпай-ақ мәлім!) қызға мен жіберетін өлеңдердің біреуін түсіріп алады (С.Мұқанов).
- Жақшаға алынған қыстырмамен аяқталып тұрған сөйлемдерде леп, сұрау белгілері жалпы сөйлемге тиісті болса, олар жақшаның сыртына қойылады: – Астапыралда (солай дейтін оның кейде әдеті болушы еді)! – деді Итбай (С.Мұқанов).
- Одағай сөйлемнің басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылып, келесі сөз бас әріптен басталады: Пәләй! Мақұл-ақ! Ал ендеше мен нені айттым!? (М.Әуезов).
- Иә, жоқ дегендер сөйлем басында келіп, ерекше екпінмен айтылса, олардан кейін леп белгісі қойылады да, келесі сөз бас әріптен басталып жазылады: Жоқ, жоқ! Жалғыз емес, мен болармын қасында! (Ғ.Мүсірепов).
Ерекше мән бере көтеріңкі айтылған атаулы сөйлем сияқты сөздерден кейін де леп белгісі қойылуы мүмкін: «Иегі ителгінің тамағындай» деп қызықтырған, асықтырған қалыңдық! Ділда! Мұның жары! (М.Әуезов).
2. Құрмалас сөйлемдегі бірақ, сонда да, алайда, сондықтан, дегенмен сияқты жалғаулықтар түсіп қалғанда, екі сөйлем арасына әуелі үтір, одан кейін сызықша қойылады: Аяғы жоқ, – жүреді, аузы жоқ, – сөйлейді (Жұмбақ). Біз Алатаудай ел едік, – теңемек болды ойға жау (Жамбыл).
- Сызықша нүктемен, үтірмен, сұрау және леп белгілерімен, көп нүктемен қабаттаса келгенде, сол тыныс белгілерінен кейін қойылады: – Мен... – деп, Асқар азғана кідіріп бірдемені қиял еткендей бөгеліп тұрды да, – көлді жағалап қайтамын, – деді (С.Мұқанов).

  • Тырнақша мен нүкте, үтір, сұрау, ле белгілері және көп нүкте қабаттаса келгенде, олар былайша орналасады:

а) егер леп, сұрау белгілері және көп нүкте тырнақшаға алынған сөйлемге ғана қатысты болса, олар тырнақшадан бұрын қойылады, ал үтір мен нүкте тырнақшадан соң қойылады: «Өзім алып шығайын», – деп ойлады Бүркітбай (С.Мұқанов).
ә) Тырнақшаға алынуға тиісті құрылым тұтас сөйлем емес, оның ішіндегі жеке сөздер не сөз тізбектері болса, сөйлем соңына қойылатын леп, сұрау белгілері мен көп нүкте қатар келген тырнақшаның сыртынан қойылады: – Әй, қайтып келесің бе «бала»? – деп қалжыңдай айғайлайды ол жолдасына. О, шіркін, осы ән ғой «құлақтан кіріп, бойды алар»!
б) Сөйлем тырнақша жабылған жерден бітіп тұрса, леп, сұрау белгілері мен көп нүкте тырнақшаның іш жағынан қойылғанда, тырнақшаның сыртына басқа тыныс белгісі (сызықшадан басқа) қойылмайды: «Олай болса, – деп ойлады Асқар, – мынау көш не?» (С.Мұқанов).
- Нүкте, леп, сұрау белгілері және көп нүкте жақша ішінде алынған мәтінге қатысты болса, жақшаның ішінен қойылады. Жақшаның сыртына жалпы сөйлемге тиісті тыныс белгісі қойылады:
Байқауымша, әңгіме былай:
Біріншіден (рас қой мұным?),
Орыс үйі көрмей тыным,
Қонақ күткен, сөз қылып ұдай... (А.С.Пушкин).

  1. Баяндаманың, сөйлеген сөздердің ішіндегі жақшаға алынған ремаркалар сөйлем соңында келгенде, тыныс белгісі мен жақша былай қойылайды: ремарканың алдындағы сөйлем соңына қойылатын нүкте жақшаның алдынан қойылмай, соңынан (ремаркадан кейін) бір-ақ қойылуы мүмкін: Біздер, жазушылар, көркем сөзімізбен халықты ізгілікке тәрбиелеуге дайынбыз (Қол шапалақтау). Немесе ремарканың алдынан бір нүкте, жақша ішіне я болмаса сыртына тағы нүкте қойылып жазылуы да мүмкін: Біздер, жазушылар, көркем сөзімізбен халықты ізгілікке тәрбиелеуге дайынбыз. (Қол шапалақтау.) не Біздер, жазушылар, көркем сөзімізбен халықты ізгілікке тәрбиелеуге дайынбыз. (Қол шапалақтау). Келтірілген дәйексөздің қайдан және кімдікі екенін көрсету үшін жақша ішіне алынып жазылған сөздердің тыныс белгілерінің орналасуы да осындай: Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы (Абай).

  2. Драмалық шығармалардағы жақшаға алынатын ремаркалардың тыныс белгілерінің орналасу тәртібі мынадай: а) ремарка кейіпкердің атынан кейін қатар келгенде, нүкте жақшаның сыртына қойылады. Кейіпкердің атынан кейін нүкте қойылмайды: Баян (аз ойланып). Үш түрлі шарт қойсам, орындармысың? (Ғ.Мүсірепов).

ә) Ремарка кейіпкердің сөзінің ішінде екі сөйлемнің арасында немесе кейіпкер сөздің аяғында келсе, нүкте жақшаның ішіне қойылады; жақшаның алдынан сөйлемге тиісті тыныс белгісі қойылады: Амангелді. Миша! (Жайнаққа.) Әкет мыналарыңды! (Жайнақ Жапарларды айдап кетеді.)
- Тырнақшаға алынған дәйексөздің немесе басқаларының өзі тырнақшаға алынған сөздерден, сөйлемнен басталса, немесе аяқталса, екі тырнақша қатар қойылмай, біреуі-ақ қойылады, яғни ол жалпы дәйексөздің ішіндегі тырнақшаға алынған сөздерге де тиісті болады.
- Жақша ішіне алынған сөздердің тұрған жеріне қойылатын тыныс белгісі жақшадан соң қойылады: Аңдағұл атынан рудың он шақты аулы айнала қонып жайлайтын Алуа атты шалқар көл бар (оған кейін ораламыз), көлдің әр тұсынан су ағар жыралар қосылады (С.Мұқанов).
- Сұрау, леп белгілері көп нүктемен қабаттаса келгенде, әуелі сұрау не леп белгісі, одан кейін қатар екі нүкте қойылады. Ал леп белгісі, сұрау белгісі, көп нүкте – үшеуі қатар келгенде, мағынасына қарай әуелі сұрау мен леп белгісі, одан кейін бір нүкте қойылады.
- Лептік те, сұраулық та мәні бар сөйлемдерден кейін леп белгісі де, сұрау белгісі де қатар қойылады. Сөйлемнің қай мәні басым болса, әуелі сол мәнге тиісті белгі қойылады.
- Бірыңғай мүшелердің не құрмаластағы жай сөйлемдердің арасына көп нүкте тұрса, үтір қойылмайды: Сатылып кеткен бурыл биенің құлындарын кісінікі деуге қимаймын... іштей өзімсінем... көргім келеді де тұрады және көре де берем! (С.Мұқанов).
- Қаратпа, одағай сөздерден және сөйлем басында келген иә, жоқ деген сөздерден кейін көп нүкте тұрса, үтір қойылмайды: – Жаным! Асылым... барым бір өзің! (М.Әуезов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет