Дәріс кешені павлодар Дәріс тақырыптарының мазмұны 1-тақырып



бет17/22
Дата15.11.2023
өлшемі84,42 Kb.
#123709
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
лекции по практикуму орфогр и пункт-1

Да, де, та, те, әрі, не, немесе, яки, біресе, бірде жалғаулықтары салаласқа енген жай сөйлемдердің әрқайсысында қайталап келсе де, қайталамай келсе де, жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады: Біз Балқашқа баратын поезды күттік те, ол Петропавл поезымен со күні кешке Алматыға аттанды (М.Иманжанов).

  • Салаласқа енген жай сөйлемдердің арасында және жалғаулығы тұрса, үтір қойылмайды: Бұл биенің құлыны да өзіне тартқан бурыл болады және бұл бие ерте құлындайды (С.Мұқанов).

  • Салаласқа енген жай сөйлемдер бірақ, өйткені, сондықтан, дегендей, алайда, әйтсе де, ал деген жалғаулықтармен байланысса, үтір олардан бұрын қойылады: Күн бұлттанып-ақ тұр еді, алайда жауа қоймады.

  • Бірақ, өйткені, сондықтан, дегенмен, алайда, әйтсе де, ал деген жалғаулықтар жеке сөйлемнің басында келсе, олардан соң үтір қойылмайды. Кейде бірақ, дегенмен, алайда жалғаулықтары жеке жай сөйлемнің ортасында келулері мүмкін. Онда да алды-артынан үтір қойылмайды: Асқар ұзақ уақыт ұйықтай алмады. Бірақ жатқан қалпынан тырп етіп қозғалған жоқ (С.Мұқанов).

  • Ал, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, сондықтан деген жалғаулықтар сөйлем басында келіп, олардан кейін оқшау сөздердің бірі тұрса, жалғаулықтардан соң үтір қойылады. Бірақ ол жалғаулыққа байланысты қойылған үтір болмайды, оқшау сөздің алдынан қойылған үтір болады: Ал, шырақ, әңгімеңді айта бер.

  • Ал, бірақ, дегенмен, алайда жалғаулықтары қатар келгенде, өз араларына үтір қойылады: Бірақ, дегенмен өзі қорықпайтын бала екен.

  • Құрмаласқа енген алғашқы екі-үш немесе одан да көп сұраулы сөйлемдердің арасына сұрау белгісі емес, үтір қойылады: Сам жамырай бастағаны ма, жоқ, батар күннің жауын бұлты арқылы себездегені ме, әйтеуір, батыс жақта, көкжиек үстінде сарғыш мұнар сәуле бар (М.Әуезов).

  • Сабақтаса құрмаласқан жай сөйлемдердің араларына, негізінен, үтір қойылады: Баймағамбет тұрып есікті ашқанда, ар жағында тыстан қайтып келе жатқан Әйгерім көрінді (М.Әуезов).

  • Шартты бағыныңқылы сабақтастың жай сөйлемдерінің арасына үтір қойылады. Ал баяндауышы шартты райдан жасалған бағыныңқы сөйлемге ерекше мән беріле айтылса, немесе басыңқыдағы іс шұғыл, күтпеген уақиғаны білдірсе, сызықша қоюға болады: Ұрса – құлашы, сыбанса – білегі, ашылса – жүрегі, түйсе – жұдырығы көз тойдырмайды (Ғ.Мүсірепов).

  • Бағыныңқы сөйлем басыңқының ортасында келсе, үтір екі жағынан қойылады: Абай, Әбдірахман атқа мінетін болған кезде, үйден бірге ере шықты.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет