Bv реті 1-2 см-1 болғанда, Dv 10-6 см-1 болады, сондықтан орталықтан тебіле созылу мөлшеріне түзетулер тек қана J үлкен болғанда ғана енгізіледі. Бірақ жеңіл молекулаларда Dv мәнін J аз болғанда да ескеру қажет.
Айналмалы КШ-спектрлері жағдайында іріктеу ережесі өзгеріп, түріне ие болады. Сонда келесі теңдеуді аламыз:
(2.7)
яғни бірінші айналу сызығы қоздырушы сызықтан 6Bv қашықтықта орналасады. Жұтылудың айналмалы ИҚ-спектрі тек қана НСl, СО және т.б. полярлы молекулаларда ғана, ал КШ-спектрі полярлық та, полярсыз да молекулаларда бола беретінін айта кету керек.
Айналу спектрлерінен көршілес сызықтардың ара қашықтығы бойынша Bv табылады, осы Bv-дан үлкен дәлдікпен инерция моменті және ядроаралық қашықтық есептеледі. 2-кестеде мысал ретінде таза айналу спектрлері бойынша нәтижелер келтірілген. Көптеген белгілі екі атомды молекулалар үшін ядро аралық қашықтық 0,074 нм (Н2) және 0,465 нм (Сs2) арасындағы диапазонда жатады, ал айналу спектрлерінің сызықтарының ара қашықтығы 0,01-ден 120 см-1 арасында өзгереді.
2-кесте. Негізгі электрондық күйдегі кейбір екі атомды молекулалардың айналу тұрақтылары мен ядро аралық қашықтықтары
-
Достарыңызбен бөлісу: |