ІІІ Модуль. ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет. 10 сағат. 11-дәріс. Шоқан Уәлиханов шығармашылығы.
Шоқан Шыңғысұлы Уҽлихановтың ҿмірбаяны мен қалыптасу жылдары.
Шоқан – саяхатшы, зерттеуші ғалым.
Шоқан – қазақ ҽдебиеті тарихына қатысты зерттеу мақалалар жазған алғашқы қазақ ғалымы.
Шоқан Шыңғысұлы Уҽлиханов – заманының жан-жақты білгір ғалымы, батыл саяхатшысы. Ол – қазақтың тарихын, этнографиясын жҽне ҽдебиетін тұңғыш зерттеуші. Шоқан – қазақ пен қырғыздың ҽдебиет теориясы мен фольклоры туралы алғаш рет ғылыми пікір айтып, зерттеу еңбектер жазған ҽдебиетші ғалымы.
Шоқан кадет корпусына он жасында оқуға түсіп, ҿте жақсы үлгеріммен бітіріп шығады. Ең жетік оқушылырдың бірі болып бітірген Шоқан туралы Григорий Потанин озінің естелігінде: «Шоқанның санасы тез ҿсіп, ҿз қатарластарынан ҿте озық болған еді. Ерекше қабілетті жҽне басқа да ерекшеліктері мол адам болатын», – дсйді.
Шоқанды кадет корпусьн бітіріп шығысымен 1853 жылы генерал-губорнатор ҿзіне жҽрдемші етіп алады. Ҿзге ұлттан шығуына байланысты ол соңғы жылдың оқуын жалғастыруына рұқсат ала алмайды. Ол туралы жҽне оның талапты адам екені туралы қала чиновниктері мен интеллигенция арасында талай ҽңгімелер тарайды. Ал генерал- губернаторға жҽрдемші болып, ұлықтар кеңесіне араласуы Шоқанды талай адаммен кездестіріп, ҽкімшілік ортаның ішкі сыр-сипатын ҽбден тануға кҿмектесті. Ҽр түрлі жоғарыдан келіп жататын бұйрықтар, кұпия хаттар Шоқанның да қолына түседі, бұл отаршыл үкіметтің жүргізіп отырған саясатын жан-жақты түсіну үшін Шоқанға пайдалы еді. 1857 жылы Шоқанды қырғыз еліне ҽртүрлі материал жинауға жібереді. Ал, 1858 жылы Қашқарға жҿнелтілген экспедициямен бірге кҿп тапсырмалар беріп, оны
Қашқарияға жҿнелтеді. Ол 1858 жылдьң 27 сентябрінде Кашқарияға барып, 1859 жылдың
11 мартына дейін сонда болады. Ол жердің жаратылысы, этнографиясы, тарихы, экономикалық жҽне саяси түрмыстары жҿнінде кҿп материалдар жинап, ҿзіне тапсырылған міндеттерді толық орындап қайтады. Сол 5—6 айдың ішінде ұйғыр тілін үйренеді, шығыс тарихы жайында сирек кездесетін кітаптарды қолға түсіріп алады. Қысқасы, аз уақыттың ішінде кҿптеген ғылми-зерттеу жұмысын жүргізеді. Осы Қашқария сапары туралы жазған еңбектері Шоқан есімін шет елге де таратты. Денсаулығына байланысты Шоқан ауылда біраз уақыт болады.
Ауруынан біраз сауыға келе 1863 жылдары Омскіге келіп ҽскери қызметке қайта орналасады. Сол жылы генерал-губернатор тарапынан жасальп жатқан Сібір ҿлкесіндегі қазақ елі үшін сот реформасын даярлауга кіріседі, реформаға Шоқан ҿз жобасын ұсънады. Осылай Омбыда ол қоғамдық іске қызу араласып, бір жыл бойы жұмыс жасайды. 1864 жылы жаз ҽскери қызмет бабымен Шоқан Жетісу ҿлкесіне жүріп кетеді. Оңтүстік Қазақстан, Қырғыз ҿлкелеріне жіберілген отрядпен бірге Шоқан Верныйға келеді. Осылайша қызу жұмыс үстінде жүріп, Шоқан 1865 жылы қайта науқастанып, біржола тҿсек тартып жатып қалады. Асқынған кҿкірек ауруы күзгі салқынға ұшырап, Шоқанның бойын тез билеп алады. Осы аурудың кесірінен Шоқан 30 жасында, тым жас кезінде дүние салды. Оның сүйегі Қапал жақтағы жол бойындағы Қоянкҿз бекетіне жақын Кҿшентоған деген жерде, қазіргі Алтынемел станциясы маңына жерленген. Орыс достары оның басына мҽрмҽрдан ескерткіш құльптас қойған. 1959 жылы Шоқан қабірінің үстіне үкіметіміз сҽулетті мүсін – ескерткіш орнатты.
Қазақ елін дін шырмауынан альп шығып, мҽдениетке жететін жаңа жолды меңзеді.
«Европа мҽдениетіне орыстың Византия арқылы жетуі сияқты, біздің қазаққа да татар дҽуірін бастан кешіру ісі туып тұр. Қазақ халқының тоттанбаған таза ойына татар оқуынан пайда аз, ҿркендеуін бҿгеуден басқа не күтеді? Татар дҽуірінен біздің де аттап ҿтуіміз керек, бұл жолда ҿкімет бізге жҽрдемдесуге тиіс. Бұл – суға кетіп бара жатқан адамды құтқару сияқты жҽрдем. Ол үштін татар молдаларын қолдауды ҿкімет қоюы керек те, татар мектептерінің орнына орыс-қазақ мектептерін ашу керек», – дел, ол елін мҽдениетке жеткізу жолында программалық пікірлер үсынды. Шоқан –патшалық Россияның екі түрлі сипатын да кҿре білген ойшыл. Оның пікірлестері кҿрнекті қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар еді: Н.А. Некрасов, С.Т. Аскаков, С.Ф. Дуров,
Ф.М. Достоевский, Л.Н. Майков, т.б. озық ойлы ғалым-профессорлар: А.Н. Пыпин, А. Н. Бекетов, П.П. Семенов-Тянь-Шанский, Д.И. Менделеев, т.б. басқа революционер- демократтар: Н.Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбовтар болатын..
Н.Г.Чернышевский ҽсерінен болса керек, Шоқанның кҿзқарасы да тез ҿзгереді. Жалпы қазақ деп сҿйлеу орнына Шоқан қара халықты, кҿпшілік журтшылықты ажырата атап, еңбекші жағына мойын бұрады. «Математика кҿзімен қарағандада, – дейді Шоқан, – оннан жүз сенімдірек те, пайдалырақ та». Сондай-ақ достарына жазған хаттарында Шоқан жергілікті сұлтандар мен байларға наразы екенін айта келіп, «ал даланың пролетариатымен доспын, олармен тез ұғысам», – деп ҿзінің еңбекші ел жоғын жоқтап жүргенін жасырмайды. Сот реформасы туралы еңбектерінде де Шоқан қазақ қоғамында бірімен-бірі келіспес жау, ҿзара қайшылықтары күшті екі топ бар екенін ашық айтады.
Сҿз болып отырған сот реформасы туралы үсыныс-пікірлерінде Шоқан терең ой- түжырымдарын жасап, ҿзінің дүниетану қабілетін сездіреді. Ол реформаның заман тілегіне сай халықтың мұң-мұқтажына тікелей қатысты болуы керек, – деп біледі. Экономика мен саясат бірімен - бірі байланысты нҽрсе деп ұққан Шоқан саяси реформа экономикалық ҿзгерістерді жүзеге асырудың қүралы есебінде жүргізілсін деген талаптар қояды.
«Адам баласы ҿзінің ҿрлеу жолында түпкілікті бір мақсатқа ұмтылады. Ол мақсат – ҿзінің тұрмысын жаксарту. Прогресс дегеніміздің ҿзі – осы болмақ. Біз осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, адамның тұрмысьн жақсартуға жағдай туғызатын реформалар ғана қажет демекпіз». – дейді ол.
Шоқанның кҿпке мҽлім еңбектері ішінде мҽдениетімізге тікелей қатысы бар ең кҿлемділерінен мыналарды атап кҿрсеткен орынды: «Абылай», «Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары», «Елдегі мүсылманшылдық туралы», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың ертедегі қару-жарақтары», «Жоңғария очерктері», Қазақ шежірелері», «Жамиғ-ат-тауарих-тан», «Алты шаһардың хал-жайы», «Сібір тарихынан хаттар», «Кҿкетай ханның асы», «Сібірге қарайтын қазақтардың сот құрылысын ҿзгерту туралы», «Құлжа күнделіктері» жҽне басқалар.
Шоқанның достары Г. Н. Потанин жҽне басқалар 1903 жылы шығармаларының қолға түскен бҿлігін Н. И. Веселовский редакциясымен бір -ақ рет бастырады.
Оның мақалалары мен хаттарының жинағы 1949 жылы екі тілде басылып шықты. 1958 жылы Шоқанның бір томдық кҿлемді таңдамалы шығармалар жинағын Қазақ ССР Рылым академиясының тарих институты даярлап, Ҽ. Марғүланның басшылығымен жарық кҿрді. Шоқанның кҿп томдық жинағы үлкен бес кітап болып шықты. «Жазушы» баспасы 1978 жылы бір томдығын қазақ, тілінде шығарды. Бүлар шоқантанудың қазіргі жоғары сатысын айкындар зор табыс болып отыр.
«Қырғыз-қайсақтардың үлкен ордасына қарасты елдердің аңыз-ҽңгімелері»,
«Бұхардың Абылайды жоқтауы», «Абылай туралы жырлар», «XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи ҽңгімелер» деген кҿлемді еңбектердің қазақ ҽдебиеті тарихына тікелей қатысты зерттеулер екендігі мҽлім. Ал, Шоқанның «Қазақ халық поэзиясының түрі туралы» атты еңбегі — поэзия-мыздың теориясы туралы тұңғыш зерттеу. «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар» сияқты зерттеулердің кҿп беттері қазақ ҽдебиеті мҽселелерін егжей-тегжейлі сҿз етеді.
Қазақты, оның ҽдебиеті мен мҽдениетін орыс пен Европа жұртшылығына таныстыруды Шоқан ҿз еңбектерінің ҿзекті бір мақсаты деп санаған.
Шоқанньң ҽдеби зерттеу еңбектері кҿлемі жағынан шағын, олар хат, мақала, очерк түрінде жазылған. Оның ҽдеби зерттеу еңбектерін үш топқа Қ.Жұмалиев бҿледі: а) Қазақ ҽдебиеті тарихының мҽселелері, ақындар, олардың шығармалары туралы мҽлімет; б) Қырғыз бен қазақ халықтарының ауыз ҽдебиеті туралы зерттеулер; в) Қазақ- қырғыз поэзиясының түрлері туралы теориялық зерттеулер.
Қазақ суырыпсалмалығы туралы ол: «Мұндай қасиеттердің болуына кҿшпелілердің алаңсыз тіршілігі, ҿмірі ҽсер етті ме, ҽлде ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен моншақтай тізілген жұлдызы кҿп ашық аспанды сұлу табиғаты ҽсер етті ме, ол қазірге бізге белгісіз».
Шоқан қазақтың суырыпсалма ақындарының ішіпде Шҿже, Жанақ ақындардың дарындылығын, олардың ерекше шеберлігін айтты. Жанақты «Қозы Кҿрпеш – Баян сұлуды» жырлап ҿткен ҿз кезінің ірі суырыпсалма ақьны деп атап кҿрсетеді. Ғашықтар кесенесін Шоқан арнайы түрде барып кҿреді.
«Түркі тілдерінің ішіндегі ең тамашасы қазақ ҿлеңдерінің нақышы деуге болады. Онда араб тіліндегідей жасанды, бояма сҿздер жоқ, бүл таза тіл» - деп ой түйді ол. Шоқан – халық ҽдебиетін кҿп жинап, орыс тілінде ең алғаш рет қазақтың халық ҽдебиеті туралы пікір қалдырған ғалым. «Ауыз ҽдебиетінде халықтың басынан кешкен ұлы оқиғалары, ҽдет- ғұрыптары, тарихы, рухани тіршілігі, кҿркем сҿз үлгісі айқын кҿрінеді, ол деректі тарихи мҽлімет беретін бай материал», –деп Шоқан ҿте орынды ескертулер жасайды.
Шоқан ҿзі тұстас ғалымдар арасында орын алып жүрген сюжет ауысу, не үқсас сюжеттер жайын зерттеуге де назар аударады. Бүл мҽселеде кҿп айтылып жүрген ҽзір қисындарды қолдай салмай, ҿз тұжырымдарын жасайды. Зерттеушінің ойынша, ҽр елдің ҽдебиеттегі сюжет, түр ұқсастықтары кҿбінесе қарым-қатынастан ауысудан, бірыңғай ұқсас ҿмір сүруден, шаруашылық пен түрмыстарының бірыңғайлығынан болатын құбылыс деп біледі. Шоқан араб пен қазақ — кҿшпелі ел, бұл екеуіндегі кейбір ұқсастық тҿркіні де сондай себептерден. Ал орыс жҽне басқа славян халықтарындағы ұқсастықтың олардың кҿршілік, тілдік аралас-қүраластығынан деп дұрыс түсіндіреді.
Ғалымның ҿлең туралы зерттеулері де маңызды. Ол қазақ ҿлеңдерінің түрлерін жіктеп берді. Қазақ ҿлеңдерін: жыр, жоқтау,толғау, қайым ҿлең, қара ҿлең, ҿлең деп бес түрге бҿледі.
«Ру жіктері» деген мақаласында ол қырғыз ауыз ҽдебиетінің үш түрін атап кҿрсетеді. Олар: ертегілер, эпостық жырлар (сага), ҿлеңдер. Осы жанр түрлеріне жататын ҽдебиет мысалдарын келтіріп, бұл туралы ҿз тұжырьмдарын баяндайды. «Манас» жырында қырғыз ҽдебиетінің барлық жанр түрлерінің қамтылатынын атап кҿрсетеді.
Жазушы С. Мүқанов Шоқанның ҿдебиет теориясы туралы – «Сҿз ҿнері» атты зерттеулерінің қолжазбасы туралы мҽлімет береді. «Манас» дастанына айрықша тоқтап, бүл асыл мұраның халықтық сипатына назар аударады, оны орасан жоғары бағалап,
«үлкен бір энциклопедия» деп қарайды, «Илиадамен» салыстырады. Зерттеуші осы
«Манасты» жыршылар аузынан жазьш та алған. Жырдың варианты соңғы кезге дейін белгісіз болып келген еді. 1965 жылдары бұл жырдың Шоқан жазьп алған нүсқасын ғалым Ҽ. Марғұлан тауып, табыс етті.
М. Ҽуезовтің «Ҽр жылдар ойлары» (1959) атты кітабынан «Манас» туралы зерреуді оқуға боладьі.
«...Біз сүлтанның мінезінің оғаштығына таң қалдық, – деп жазады Шоқан. – Ол шатырға семіз қаздай байпаңдап басып кірді. Сҿйтті де тҿрге шығып отыра қап, мелшиіп қатты да қалды, жүрттың бҽрін кҿзімен жедел шолып ҿтті де, тақпақтап: «Жалайырда қой кҿп, Жанғазыда ой кҿп,- деді. Соны айтты да, тағы да мүлгіп, мелшиді де қалды».
Бұл арада Шоқан жалайыр руы сұлтанының тоғышар тұлғасын тамаша танытып отыр. Жанғазының мінезі, сҿздері, қозғалысы, жүріс-тұрысы шебер бейнеленіп беріледі. Осындай қызық суреттер қырғыздар тұрмысын кҿрсетуде де жиі үшырайды.
Шоқанды шебер публицист деген бұл пікірлерді М. И. Фетисов зерттеулері де растайды.
Шоқанның Европаға ерте тараған еңбектері Жоңғария туралы жазғандары болатын. Ғалымның «Жоңғария очерктері» мен «Алты шаһардың жай-жапсары» деген еңбектері 1861 жылы, кҿзінің тірі кезінде, орыстьң императорлық география қоғамы жазбаларының үшінші кітабында басылған.
Шоқанның еңбегі ағылшын, неміс, француз тілдеріне аударылды. 1865 жылы Лондон баспасы оның Жоңғария туралы жазгандарын ағылшын тілінде жариялады.
Шоқан Уҽлиханов туралы ҿткен ғасырдың екінші жартысында француз географы, саяхатшы-ғалым Элизе Реклю кҿп томды зерттеулерінің тҿртінші кітабында баяндады.. Ол Шоқанның Орта Азия мен Қашқарияны тиянақты зерттеген атақты ғалым екенін ескертеді. Семенов-Тянь-шаньский сияқты орыс ғалымдарымен қатар қойып, жоғары бағалайды.
«Современник» журналы Шоқан туралы ҿз пікірін 1864 жылы-ақ жариялаған.
Мысалы, осы журналда К. Губарев «Қазақ сахарасы» деген мақала жариялап, онда:
«...Шоқан Уҽлихановтай ерекше қабілетті адам бұратана деп аталатын басқа халықтардың ешқайсысынан бұрын-соңды шыққан емес», – деп жазған.
А. И. Герценнің «Колоколы» да Шоқан туралы пікірлер қозғап, Шоқандай ұл туғызған халықтың тағдырына жанашырлық білдіреді. Шоқан туралы орыс жұртшылығының шынайы пейілі Г. Потаниннің естелік еңбектерінде де тамаша айтылған. Оның «В юрте последнего киргизского царевича» атты очеркі 1896 жылы «Русское богатство» журналында басылған-ды. Бүдан кейін 1904 жылы шыққан Шоқан шығармаларының тұңғыш жинағының алғы сҿздерінде бұл пікір толық қайталанған. Шоқан шығармаларының жарық кҿруімен байланысты 1905 жылы «Тургайская газетада» Шоқанның ҿмірі мен еңбектері туралы мақала басылды.
Қазақтың алдыңғы қатарлы адамдары да оны ерте таныды, 1870—1882 жылдары Ташкент қаласында шығып тұрған «Түркістан уалаятының» бетінде Шоқан туралы мақалалар басылды. «Дала уҽлаяты» газетінің 1894 жылғы бір санына басылған «Шоқан Шыңғысұлы Уҽлиханов» атты кҿлемді мақала ерекше назар аудартады. Онда Шоқанның
турғанына 60 жыл толғалы отырғаны хабарланады. Ҿмірбаяны жҽне еңбектері туралы түсініктер беріледі..
Шоқанды толық танытуда Ҽ. Марғұлан еңбегі ерекше атап кҿрсетуді керек етеді. Шоқан шығармаларын баспаға даярлау үстіндегі іздену нҽтижесінің ҿзі орасан. Сондай-ақ, жазушы С. Мұқанов та ғалым творчествосын зер сала зерттеп, соны еңбектер жазды. Мысалы, оның «Жарқын жұлдыздар» монографиясы –Шоқан мен Абай творчоствосы туралы соны зерттеу. Жазушы қаламынан туған «Шоқан» пьесасы мен «Аққан жұлдыз» трилогиясы тамаша ғалымның кҿркем образьн жасап, оның есімін кейінгі ұрпаққа паш еткен туындылар .
Шоқанға бір хатында Ф. М. Достоевский ( 1856 жылғы хатынан бір үзінді): «...Сіз, – дейді Ф. М. Достоевский, – мені жақсы кҿремін деп жазыпсыз. Ендеше мен туралап-ақ айтайын, мен сізді жанымдай жақсы кҿремін. Мен Сізді жақсы кҿргендей ешуақытта да, ешкімді де, керек десе туған аға-інімді де жақсы кҿрген емеспін, мұньң себебін бір құдай білсін»...
Шоқанның еңбектері ғылым ісіне ҿзіндік үлесін қосқандығы қандай айқын болса, оның азаматтық тұлғасы ұлтжанды қаншама озық ойлы адамдарды тҽрбиелей беретіні сҿзсіз.
Ағартушылық-демократтық бағыттағы жаңа жазба ҽдебиет ҿкілдері. Ағартушы- демократтарға тҽн қасиеттер жҽне қазақ даласына енген замана ҿзгерістері. Ағарту саласындағы жаңалықтар. Алғашқы қазақ баспасҿзі. Қазақ ҽдебиетіндегі дҽстүр жалғастығы. Ҽдебиеттегі жаңа беталыстар. Жаңа адамдар тобының пайда болуы. Зиялы қауымның халық үшін атқарар қызметі. Қазақ ҽдебиетіне ҽлем ҽдебиетінен ене бастаған аудармалар. Ш.Уҽлихановтың қазақ ҽдебиетіне қатысты ойлары. Ш.Уҽлиханов – саяхатшы, ғалым. Шоқанның кҿсемсҿздері. Ш. Уҽлиханов мұрасының ерекшелігі. Шоқан қазіргі дҽуір зерттеушілерінің кҿзімен. Халыққа қызмет етудің жолдары. Шоқанның гуманизмі.