Дәріс. Кіріспе. ХІХ ғасырдағы қазақ



бет11/20
Дата24.03.2023
өлшемі125,31 Kb.
#75945
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
Лекция ХІХ ғасыр әдеб

/Балуан Шолақ/ 1864 жылы туылады. Кейін саусақсыз қалған соң/ біреу күйген, біреу үсіген деп айтады/ шолақ деп аталыныпты. Ҿзі : Баласы Баймырзаның атым Шолақ, Оң қолым отқа күйіп болдым молақ,- деген. Баймырза Шолақтың жас кезінде
Кҿкшетауға кҿшіп барып, кҽсіпшілік етеді,, ағаштан түйін түйген шебер баласын керек-жарақтан тарықтырмайды. Шолақ тҿбелесқор ҽрі атқұмар болып ҿседі, қайда жиын-той болса, соның гүліне айналады. Денесіне зор үні сҽйкес келіп, ҿз ортасынан теңдесі жоқтай ҿнерпаз болады. Біржан, Ақан ҽндерін бабына келтіре айтады. Ҽке-шеше ҿлген соң, қалған малды біраз талғажау етіп, Ғайныкей деген қызға үйленеді. Ел аралап, ҿнерлі жастарды жинайды, кейбір ҽндерді хормен орыдайды. Отыз бесінде аты жайылады балуан ретінде. Бұл жҿнінде ҿзінің «Сентябрь» ҽнінде айтқан. Омбыға патшаның мұрагері келгенінде Севр деген палуанды жығады, 49 жасында Қоянды базарында Коран деген балуан мен күресіп, оның қабырғасын сындырып жеңеді. Аңыз бойынша, ол Қажымұқанмен кездескен, бірақ күш сынаспаған.
Қазақ жеріне орыс, украин шаруалары келіп орналасуына наразы болған ол арандатушылардың тіліне еріп, сол келуші-лердің поселкасының 40 ҿгізін айдап, базарға сатады. Сонымен бір түрмеге түседі, басқа бір ұрылар қуып кеткен поселка малдарының жаласы қоса жабылып, 80 ҿгізден ҽрең құтылады, осы күйді ҿз ҿлеңдерінде беріп отырған. Ҿмірдің бар мҽселесін күшпен шешуге болмайтынын түсінген ол келе-келе қол күшінен бас тартып, ҿнер жолына ауысады. Орыс чиновнигінің бірінің қызымен танысуы оның орыс шаруаларын мазалауын қоюға себеп болыпты, қараңыз, С.Мұқанов « Балуан Шолақ» повесі. Балуан Шолақтың аты аталғанда, қатар аталатын бір қыз есімі бар. Кім? Ол жайында не білесіздер? Ғалия- Ақмоладағы Тілеу дегеннің қызы, сұрлау, ат жақты
келген, бетінде аздаған шешек дағы бар, оң қолынан ҿнері тҿгілген шебер екен. Жастай атастырылған күйеуі Біржан дегеннен ажырап, Қараҿткелге қайта келіп, қымызшы болып істепті, содан Балуан мен танысып, ұнатысып, қосылуға сҿз байласады. Балуан оған келісілген 47 –ні қайтару үшін Кҿкшетауға кеткенінде, билер соты болып, Ғалия ҿз басын қорғап шығады, ал Балуанның басына баяғы 80 ҿгіз жаласы қайта ауып,Семейде ұрланған бір топ жылқы дауы бұған жабылып, түрмеге түсіп, кешігеді. Мұны ҿзгелер Ғалияға басқаша жеткізеді, қауесетке толқыған Ғалия Есенжол дегеннің Қанапиясына тұрмысқа шығады, Қанапияның да ҽйелі бар екен, тоқалдыққа ұрынған Ғалия одан да кетіп, Қояндыда қымыз сатады. Онда бір семейлік бай баласы қызығып, ҽйелге еріп, семьясын тастап, Қараҿткелге келеді. Бұндай жағдай қазақ арасында кездесе ме? Ерді ҽйелдің ертіп кетуі. 5-6 жылдан соң Қалиды қайта Семейге ертіп келіп, сонда тұрақтапты. 35 жасында туберкулез ауруынан қайтыс болған. Осы Ғалияға арналған Балуанның ғашықтық ҿлеңдері жұрт аузында аңыз болып айтылады. Балуан: Баласы Баймырзаның Балуан шолақ, Бойымда толып жатыр күш пенен бақ. Сұлу қыз, келіншекке тынышсызбын, жалғыз-ақ тал бойымда мінім сол-ақ,- деп, ҿзінің сұлу қыз-келіншектің пірі болғанын айтып ҿтырған. Балуан Шолақ қазан тҿңкерісінен кейін Кҿкшетау Совдепінде жұмыс істейді, 1918 жылдың аласапыранында қызыл ҽскерлерге кҿмектеседі, ҿзі 1919 жылы 4-5 күн ауырып, қайтыс болған. Ҽндері: «Талды кҿл», «Құлан кісінес», «Ашылы айырық»,
«Қос перне», «Кенже қоңыр», «Дікілдек», «Ыңғайтҿк», «Желдірме», «Қосалқа», «Қос барабан», «Кҿкшетау».. Оның 8 ұлынан бір тҿбе болып ҿскен жалғыз қызы Бҽти туралы ел ішінде қызық ҽңгіме бар. Балуан Шолақ ҽндерін Жетісуда Кенен Ҽзірбаев орындаған. Балуан шолақ цирк палуандары кҿрсететін ҿнер түрлерін ел ішінде жиі кҿрсетіп отырған. Мысалы, жерге жатып, бір үлкен тасты кеудесіне қойдырып, балғамен ұрдыру, иығына үлкен бҿренені салдырып, он-он кісіден екі жағына асу т.б. Бұл жайында Сафуан Шаймерденовтың «Құс жолы» деген кітабында айтылады, балуанның Битабарға еткен ҽсері.
Айым да сен, Ғалия, күнім де сен, Оң қабағым тартады күлімдесең. Менің кҿңілім Ғалия дауалансын, Ауған түйе секілді бейімдесең.
Ғалияның қолында бұйда пышақ, Ғалияны кҿрдім де жайдым құшақ, Ғалия жатыр ма екен, отыр ма екен, Шомылған айдын кҿлде аққуға ұқсап,
Ойпырмай, жан сҽулем, Ғалия, кҿзіңнен.
Қосылып ем ҿзіңмен. Бір кҿрінсең ҿзіме, айрылмас ем ҿзіңнен. Ойпырмай, жан сҽулем, Ғалия басыңнан, Кеткім келмес қасыңнан, Жұпар иісі шығады, қолаң қара шашыңнан. Ҽннің қайырмасының ҽлденеше құбылуы ғашықтық сезімнің шынайылығын, қызулығын кҿрсетеді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет