Дәріс. Кіріспе. ХІХ ғасырдағы қазақ


дәріс. Абай Құнанбаев шығармашылығы



бет16/20
Дата24.03.2023
өлшемі125,31 Kb.
#75945
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

дәріс. Абай Құнанбаев шығармашылығы.


Абай ҿскен орта мен заман кҿріністері. Абайдың ақын ретінде қалыптасуы.


Абайдың аудармалары. Абайдың дастандары.
Абай ҿлеңдерінің ерекшеліктері. Абайдың қарасҿздері.
Абай ҿскен заман қандай еді? 1868 жылғы жаңа тҽртіп бойынша, қазақ даласындағы патшалық басқару органдары түрліше болды. Қазақ даласы облыстарға, облыс уездерге бҿлінді. Уезд болыстыққа, болыстық ауылнайларға /старшиналарға/ жіктелді. Семей облысы бес уезге бҿлінді – Семей, Қарқаралы, Павлодар, Ҿскемен, Зайсан уездері. Бір уездің құрамында 20-22 болыстан болды. Семей уезін 20 болыстық құрады. Волостной управитель деген сҿз Абай шығармашылығында ҽкімдік бҿлікті де, соның басындағы ҽкім деген мҽнді де білдіреді. Үш жылда болыспен бірге билер де сайланып қойылған. Бірнеше болыстар арасындағы үлкен дау, қылмысты істерді ҽр болыс, уезд, облыстардан бҿлініп шығарылған қазақ билерінің сьездері қарады. Бұндай съезд шербешнҽй сияз деп аталынды.
Құнанбай 1804 жылы туылған. 1850 жылы 72 жасында Ҿскембай ҿлген, жас күнінде батырлық, жаугершілікке кҿп салынған Құнанбай кесек мінезді, қатал жан болған. Құнанбай қарадан хан болып, екі жылдай аға сұлтан болған. Аға сұлтан - округ бастығы. Құнанбай 80-ге келген ҽрі ол туралы ел ішінде аңыз кҿп. Құнанбай аға сұлтан болып тұрған кезінде Қарқаралы қаласынан мешіт салдырады. 70 жасына таман Меккеге барып, ҿз пұлына қазақтар түсіп жүрсін деп Тақия салдырады. Абай Құнанбайдың 41 жасында туған. Құнанбайдың ҽйелдері: Күңке, екіншісі- інісі Құттымұхаметке айттырылған-Ұлжан, оны інісі ҿлген соң келіндей алады, одан Тҽңірберді, Ыбырай, Ысқақ, Оспан; үшінші
ҽйелі- Айғыз. Одан Халиолла, Ысмағұл деген балалары болған. Тҿртінші ҽйелі Нұрғанымнан бала жоқ. Ұлжан мен Айғыз бір ауылда болып, Құнанбай осылармен тұрған уақытта Абай екі шешесінің ортасында болады, сондықтан Телғара деп аталыпты.
Абай он жасқа келгенде ҽкесі Семей қаласына оқуға береді. Семейде алғаш Ғабдулжапар деген молдадан, одан Ахмет Ризаның медресесіне барады. Мұнда үш жыл оқыған Абай ҿз бетінше шығыс ақындарын да оқиды. Абай 28 жасқа келгенде үстінен түскен арыздарға байланысты 1877-1878 жылғы қыста қалаға шақыртылып, 12 үлкен іспен тергеліп, Семейде 3-4 айдай жатып қалады. Құры тергеуге іліндіргені болмаса, Абайды жаулары жеңе алмайды. 35-36 жастарының шамасында Абай Семей кітапханасынан Толстойдың кітабын сұрап тұрғанында Петербургтан айдалып келген революционер Михаэлис деген кісімен танысады. Михаэлис осы жақта 40 жылдай тұрып қайтыс болған. Абай оны ҿз ҿмірінің соңғы жылдарында да есіне алып, ―Дүниеге кҿзімді ашқан кісі – Михаэлис‖ - деп кеткен. Енді қолына түскен кітаптарды талғаумен оқи бастаған ол философтардан Спенсер, Спиноза, Дарвин, Дрэпер еңбектерін қарайды, Гете, Байрон сияқты Европа ақындарын орыс зиялыларымен қатар оқиды. Ҿз балалары Ҽбдірахманды, Мағауияны, кейіннен қызы Күлбаданды да орыс мектебіне оқуға береді.
1890 жылдардан бастап ұстаздық, үгітшілік жолына түскен Абай қара сҿздерін жаза бастайды. ‖Ғақлия‖ деген ҿсиеттері сол 1890 -1898 жылдары жазылған. Ҿз ҿлеңдерін 1896 жылға дейін жиғысы келмеуі оның ҿлең сҿзге аса үлкен сынмен қарағанын кҿрсетеді. Ҽуезовтай ғалымның айтуынша, Абайдан қалған 16-17 ҽн бар. 1903 - 1904 жылдардың қысында Мағауия құрт ауруынан тҿсек тартып жатып қалады да жазғытұрым қайтыс болады. Ҿмірден де, ҿлімнен де қажыған Абай бір алуан ауруға ұшырап, ешкіммен сҿйлеспей, емделмей, Мағауияның ҿлімінен кейін қырық күн отырып, 23 июньде қайтады.
Кеннанның ―Сібір жҽне айдау жазасы‖ деген кітабында Абай туралы аздаған дерек бар, ҿзге орыс оқымыстыларының Абай туралы жазбаларын зеттеушілер елуінші жылдарға дейін кездестірмеген.
Ҿлеңдері:
Абайдың толық жинағы 1858 жылғы екі ҿлеңінен баста-лады: Біріншісі- ―Иузи – рҽушан‖, екіншісі- «Фзули, Шҽмси‖. 1864 жылы жазылған ―Ҽліфби‖ деген ҿлеңі бар. 13-
18 жас аралығында шығарғандарынан сақталғандары осылар. Абай бұларды түркі ҿлеңдерінің үлгісімен жазып отыр. 1889 жылғы ―Қор болды жаным‖ 1891 жылғы
―Кҿзімнің қарасы‖ ҿлеңдерінде де шығыс классиктерінің табы бар. Ақын «Болыс болдым, мінеки», «Мҽз болады болысың», «Бойы бұлғаң», «Сабырсыз, арсыз, еріншек»,
«Адасқанның алды жҿн, арты соқпақ» ҿлеңдерінде қазақтың жағымпаз, қу, бұзақы тобын ҿлтіре сынап, олардың екі жүзді бейнелерін жасады, сол топтың іс-ҽрекетіне батыл қарсы шықты. Ақын қызды біреуге ана, біреуге қарындас, біреудің қорғаны, жанашыры, сүйгені деп түсіндіріп, оның жарқын мысалын «Масғұт» поэмасында кҿрсетті. Тегінде адам басы сау бола ма?
Үйінде тексерілмес дау бола ма? Ері ашу айтса, ҽйелі басу айтып,
Отырса, бұрынғыдай жау бола ма?- деп, поэманың басты кейіпкері Масғұттың алдына таңдау ұсынғанда дүниедегі ен байлық пен ақыл даналығын алғызбай, ақын оған ҽйел жұртшылығымен достықты қалауды ұсынады. Абай ҿлеңін оқығанда ғашық жастардың ішкі сезімі, жүрек сыры, ақ ниет, адал пейілі кҿңілді тербеп, ғашықтық сырды терең толғауы сол заманнан озық тұрғанын сезіндіреді. Абайдың достық туралы пікірлері оның гуманизм идеяларымен тығыз байланысты.
Абай ҿлеңдері – еңбек сүйгіштікке тҽрбиелейтін зор идеялы шығармалар.Ҿмірдегі барлық нҽрсе еңбекпен келерін, адам ҿмірі үшін еңбек ҿте маңызды екендігін, еңбексіз ҿмірдің адамды аздырарын ескертеді.
Абайдың табиғатты суреттеп жазған ҿлеңдері тек түр жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да ҿзгеше. Классикалық ҽдебиет үлгісінде жазылған бұл ҿлеңдерде табиғат жалаң емес, ел тұрмысы қоса қамтылады. Табиғаттың кҿктемде оянуына, құлпыруын
нағыз суреткерше бере білген ақын жер—қалыңдық пен күн күйеудің мифологиялық образдарын жасады.
Күн—күйеуін жер кҿксеп ала жаздай, Біреуіне біреуі қосылыспай,
Кҿңілі күн лебіне тойғаннан соң,
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
«Еңбекті сат, ар сатып неге керек, Үш-ақ нҽрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек».
Тоты құс түсті кҿбелек, Жаз сайларда гулемек, Бҽйшешек солмақ, күйремек, Кҿбелек ҿлмек, сиремек, Адамзатқа не керек: Сүймек, сезбек, кейімек, Харекет қылмақ, жүгірмек, Ақылмен ойлап, сҿйлемек, Ҽркімді заман сүйремек, Заманды қай Жан билемек, Заманға жаман күйлемек, Замана оны илемек. Замана талабЫн түсіну, сол ұсынған зор мақсатқа сай қызмет ету алдыңғы қатарлы адамдаға тҽн нҽрсе.
Абай шығармаларында халық поэзиясының кҿркем тілі, қанатты сҿздері жиі кездеседі. Мысалы, ―Қар аппақ, буркіт қара, түлкі қызыл, ұқсайды қаса сұлу шомылғанға‖,
―Сен жаралы жолбарыс ең, мен киіктің лағы ем‖, ―Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы‖ деген жҽне осы сияқты ҿлең жолдарындағы теңеу, эпитет, метафоралар дың негіздері халықтық. ―Кҿркемдік,- деген Н.Г.Чернышевский,- түр мен идеяның сҽйкес келуінен келіп шығады; шығарманың құндылығының қандай екенін кҿру үшін, оның негіЗі болып отырған идея ақиқат па? Ҽлде жоқ па? Мүмкіндігінше, осыны ҿте зер салып зерттеу қажет. Егер идея жалған болса, оның кҿркемдігі жҿнінде сҿз болуы мүмкін емес, ҿйткені түр де осындай жалған болады‖... Реализмге тҽн бұл ұстанымдар ақын туындыларынан берік орын алған.
Абай ҿлеңдері ҿзінің реалистігіне қоса асқақ романтизмге тҽн сипаттарымен ерекшеленеді. ―Ҿзгеге, кҿңілім, тоярсың‖, ―Кейде есер кҿңіл құрғырың‖, ―Жүрегім, ойбай соқпа енді‖, ―Не іздейсің кҿңілім, не іздейсің‖ ҿлеңдеріндегі ішкі жан дүниесі, сезімі, арманы, үстем тап қауымына наразылығы, ҿз басының қайғысы ашылады. ―Жалын мен оттан жаралып‖, ―Жүрегім, нені сезесің!, ―Жапырағы қуарған ескі үмітпен‖, ‖Ішім ҿлген, сыртым сау‖, ―Ауру жүрек ақырын соғады жай‖, ―Жүрегім менің қырық жамау‖ ҿлеңдерінен ақын романтизмі айқын кҿрінеді.
―Жарқ етпес қара кҿңілім ―, ―Есіңде ме жас күнің‖, ―Асау той, тентек жиын‖, ―Аса, тойға баратұғын‖, ―Қол жетпеген нҽрсені‖, ―Қараңғы түнде тау қалғып‖ сияқты аударма ҿлеңдері мен ҿзіндік туындылары нағыз тұнған романтика. Абайдың бұл салалас еңбектері оның А.С.Пушкин мен М.Лермонтов рухын-дағы ҿзгеше қырын танытады. Қайғылы шындықтың ауыр ҿкінішін ҿз басының қайғысындай етіп кҿрсетеді.
Ҿлеңнің сыртқы формасы бұрын тҿрт жолды не кҿп жолды шумақтар болса, екі,үш, тҿрт, алты, сегіз жолды бір шумақтар Абайға тҽн жаңалықтар. Буын саны жағынан да Абай біраз ҿзгеріс енгізді. ―Сегіз аяқ‖, ―Кҿзімнің қарасы‖, ―Я, құдай, бере кҿр‖, ―Қатыны мен Масақбай‖, ―Тайға міндік‖ буын саны жағынан да соны.
Абайдың поэмалары туралы шолу.
Ақынның лирикадан оқиғалы, кҿлемді шығарма жазуға ойыса бастағанын кҿрсететін маңызды еңбектері – поэмалары. Ақын-ның ―Масғұт‖ поэмасы да – жаңа ойға құрылған шығарма. Масғұт ҿзінің ізгі ниеттілігімен тонаушылар озбырлығынан жҽбір кҿрген шалды қорғап қалады, яғни жазықсыздарды қорғау – Масғұттың негізгі ұстанымы. Осы ―Масғұт‖ поэмасының мазмұны М.Ҽуезовтің айтуынша, И.Тургеневтің ―Восточная легенда‖ ҽңгімесімен мазмұндас. И:Тургенев аңыздық сюжет желісін Джиаффардың зҽбір кҿріп жатқан ақсақалды құтқару ісіне құрған. Ал Абай аңыз сюжетін жаңа бір ой айту үшін пай-даланған. Абайдың аяқталмай қалған ―Ҽзімнің ҽңгімесі‖ поэ-масы араб ертегісі ―Мың бір түндегі‖ Хасан зергердің ҽңгімесіне ұқсайды. Ақын хикаяны түгел баяндамай, алданған жас зергердің оқиға тарихын береді.Адамгершілік идеясынан туған пікірлерін мунда да ескі аңызға жаңа мҽн бере отырып жеткізеді. Қалай да бай болуға құмартып, оңай олжаға кенелмек болған жастың аңғалдығын сынай отырып, ақша құмар
жылпостардың қолындағы оңай олжаға айналарын кҿрсетеді, олар болса, адам тағдырымен санаспай, алдап, ҿлімге айдап, сол арқылы байлықтарын молайтуға ұмтылады. Кішкене оқиғадан ақын үлкен ой түйеді.
Абайдың қарасҿздері мен нақылдары
Бұлар ақынның ҿлеңдерімен ҿзектес жатқан, оларды мазмұны жағынан толықтыра түсетін жаңа ҽдеби түрмен жазылған туындылар болып саналады. Абайдың қара сҿзге бет бұруы замана талабынан туындаған еді. Ғылыми трактат, тастих ретіндегі шағын үлгілерін, Жҽмидің қарасҿз үлгілерін есте ұстағаны даусыз. Сүйіншҽлиев сынды ғалымымыз Абайдың қарасҿздерінде прозаның мынадай шағын үлгілері бар дейді: 1. Өсиет-ғақлияға Абайдың адамгершілік, мораль, мінез-құлық туралы мысал жҿнімен келетін эссе ретіндегі сҿздері мен діни ғибрат ретіндегі біраз дидактикалары жатады.
―Он үшінші‖, ―Жиырмасыншы‖, ―Жиырма сегізінші‖, ―Отыз сегізінші‖ сҿздері; 2. Тастих /утверждение/ немесе философиялық трактат. Бұған дүниеге кҿзқарасын білдіретін ғылыми пікірлер айтқан эсселері жатады: ―Жетінші сҿз‖, ―Он жетінші сҿз‖,
―қырық үшінші сҿз‖, ―Қырық бесінші сҿз‖. Бұдан ҿзге ―Жиырма жетінші сҿзі‖ мен ―Отыз сегізінші сҿзі‖ де трактаттқа ұқсайды, түрі жағынан сҽл бҿлектеу, ҿсиет-сұхбат ретінде, диалог, кеңес сҿз үлгісінде жазылған. 3. Нақыл , тұспал сөз. /афоризм, изречение/ . Бұл сҿз-дер ҿлеңдерінде де жиі кездеседі. ―Сақалын сатқан кҽріден еңбегін сатқан бала артық‖, ―Отыз жетінші сҿз‖; ―Жиырмасыншы сҿз‖ .



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет