Дәріс. Кіріспе. ХІХ ғасырдағы қазақ


дәріс. «Зар заман» әдебиеті. Дулат Бабатайұлы мұрасы



бет2/20
Дата24.03.2023
өлшемі125,31 Kb.
#75945
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

дәріс. «Зар заман» әдебиеті. Дулат Бабатайұлы мұрасы.


  1. Дулат Бабатайұлы ҿмірбаяны туралы мҽлімет

  2. Дулат Бабатайұлының шығармашылығы

  3. Мысал ҿлеңдері

  4. «Еспембет» дастаны

  5. Ақын ҿлеңдерінің кҿркемдік ерекшелігі.

«Сары уайымшыл», «зар заман» деп аталынған, тарих сахнасынан ҿзіндік орнын кҿп уақытқа дейін толық ала алмаған Дулат, Шортанбай, Мұрат, Ҽбубҽкір сияқты ХІХ ғасырдың белгілі ақындары бүгінгі тҽуелсіз еліміздегі бетбұрыстарға сай қазірде жаңаша оқытылып, ҽдеби мұралары жұртшылық назарына ұсынылуда. Белгілі ғалымдар Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаевтар бұл адамдардың мұрасы туралы сҿз қозғағаны үшін кҿп теперіш кҿрсе де, мысқалдап болса да айтып отырды, ҽр жылдары С.Мұқанов, Ы.Дүйсенбаев, Қ.Ҿмірҽлиев, Т.Кҽкішев, М.Мағауиндер зерттеуге түрлі дҽрежеде атсалысып отырды.


Түбі бір түркі ҽдебиетіне жататын қырғыз ҽдебиетінде де зар заман ҽдебиеті бар. Молда Қылыш /1866-1917/, «Зилзала» еңбегі дидактикалық поэма болса, 1911 жылы басылған Жетісудағы жер сілкіну апатын мистикалық, діншілдік сарында жырлаған. Қалығұл Байұлының /1785-1855/ «Ақырзаман» шығармасында «Аяқ бас болар, бас тас болар» деген сияқты жыр жолдары мол. Арыстанбек Бұйлашұлынікі де осындай //»Тар заман» толғауы, «екі ноғайдың қоштасқаны»/.
Бұларға ортақ белгілер: қауіп-қатерді, зорлық-зобалаңды алдын ала ескертуі, зардаптарын кҿрсетуі; Ел берекесін алған отаршылардың құбыжық кейпіндегі бейнесін жасауы; олармен қоса елді бірігіп тонаған ел билеушілерін сынауы, ел бірлігі жоқтығына күйінуі; Зар заманның шындық рқиғаларын келер ұрпаққа аманат етіп қалдырулары.
...Жырымды менің сұрасаң,
Сары алтынның буынан – деп ҿз ҿнерінің бағасын дҽл бағалай білген, туған елінің тарихындағы қайталанбас тұлға – Дулат Бабатайұлы 1802 жылы Балқаш пен Аякҿз маңын жайлаған Найман-Сыбан елінен шыққан. Ескіше сауатты ақын ҿз ҿлеңдерін кейін қолжазба кітап етіп жазып жүрген.Оның сауатты болды дегенді растайтын мынадай ҿз сҿзі бар: «Құран кітаптарды оқыдым, молдаға жүгіндім». Кей ҿлеңдерінің стилінен ескі ҽдебиет ізі байқалады. Дулат мұрасы бізге оның сол кезеңде шығарылған «Ҿсиетнама» жинағы арқылы жҽне оның кҿзін кҿріп, ҿлеңдерін жинап, жеткізген Шыңғыстау ақындары Ғаббас Байділдҽұлы мен Шҽкір Ҽбенұлының қолжазбалары арқылы жетті. ҚРҰҒА-ның қолжазба қорында Дулат ҿлеңдерінің қолжазбалары бар. Дулат кезінде бүкіл
қазақ даласына танымал болған, ҿзі Шығыс, Оңтүстік Қазақстан жҽне Арқаны түгел аралаған. Алғаш жай ҽзіл-оспақ шығарып жүрсе, бірте-бірте ұшталып, жергілікті тақырыптардан гҿрі ауқымы үлкен, саяси, ҽлеуметтік, қоғамдық мҽселелерді жырлауға ауысады.
«Ҿсиетнама» жинағына ақынның біраз толғаулары мен ҿсиет ҿлеңдері енген. Кҿлемі 800 жодай болатын бұл кітап оның шығармаларының дұрыс жеткізілуінің дҽнекеріндей. Ақын шығармашылығын зерттеуі жинақтау ісі 1930 жылдардан кейін қолға алынды. С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин бастырған 1939 жылғы сегізінші класс хрестоматиясында жҽне 1940-1941 жылғы Қ.Жұмалиев жазған мектеп оқулығына енген. Ал ғалым Х.Сүйіншҽлиев осы тақырыпта 1959 жылдан бастап зерттеулер жургізіп келеді. Біраз уақыт ескі саяси жүйеге қатысты зерттеушілер Дулатты кертарпа, ескішіл ақын десіп келді, қазірде бұл кҿзқарастар түбірімен ҿзгерген. Дулат ҿлеңдерінің стильдік ерекшелігі жайлы, оның қазақ жазба ҽдебиетіне шоғырлы ҿлең құрылымын ҽкелген жаңашыл ақын болғандығы жайлы айтылған зерттеуші ғалымымыз Рабиға Сыздықованың пікірлері ерекше. Дулат ҿлеңдерінің саны қомақты ҽрі жанрлық ерекшелігі де бар. Шығармаларының идеялық мазмұны да түрліше.
Дулат ҿз елінің патша ҿкіметіне тҽуелділікте болғанына наразы ақын болғандықтан, ҿлеңдерінде азаттықты аңсау, сол азаттыққа жеткізетін ерлерді іздеу сарыны бар. Бұрынғы кездегі аруақты батырлар ҿз елін ҿзге елдің қысымынан қорғай алушы еді, қазір заман басқаша, хан, би, ҽкім біткен ҽділеттен айныды, заман азып, ел тозды, енді бұл дүниені ҿзгертпесе, қазақтың бағы ашылмайды деген қорытынды жасайды. «Бірінші сҿз» деген ҿлеңінде туған ҿлкесінің сұлулығын суреттеп, ҿзін соны қорыған қызғыш құска теңейді, яғни ҿзінің ҿмірлік мақсаты ел қамы екендігін кҿрсетеді.
Жоның жайлау кең алаң, Сен десе, салам байбалам. Атам қонған кең далам. Жайлауыңды кҿргенде, Мендей сені қызғанар, Жадыраймын,жайланам. Ҿксігіңді ойласам, Ұйқы беріп, қайғы алам. Бауырыңда ҿскен қай балаң?!
Кҿл қорыған қызғыштай,
Осындағы соңғы тармақтағы ой кҿне руна жазбаларындағы, Күлтегін ескерткішіндегі
«күндіз отырмадым, түнде ұйықтама-дым» деген оймен ҿзектес, яғни жұрт жанашырларының ой-армандары қай дҽуірде де сабақтас. Ақын «Бесінші сҿз» немесе
«Ата қоныс Арқада» деген ҿлеңінде қазақ халқының жоңғар-ларға қарсы ерлік күрес жүргізу арқылы ҿз тҽуелсіздігін сақтағанын еске түсіріп, сол ерлердің істерін, батырлықтарын мадақтайды. Сол қырғын қантҿгістер арқасында сақтап қалған қасиетті жерді патша отаршылары басып алды, бұл қорлыққа кҿніп болмас, келешек ел қамы үшін күресетін патриот жастарды тҽрбиелеу керек. Осындай үміт артар жастар қайда? Ҿзінің
«Ақтан жас» деген ҿлеңінде жетім қалған балаға ертең ер сауытын асынып, батыр болар ма екенсің деп армандайды. Жігіттің даңқын шығаратын бір ғана жол бар, ол – ел мақсаты үшін аямай күресу жолы, бұрынғы дҽстүрді берік ұстау, сыртқы жауларға қарсы қол бастау. Ұл боп туған жастың бірінші мақсаты ел бастап, ел қорғау. Ел тҽуелсіздігі үшін күресте халыққа керегі – бірлік, адам бірлігі күшті құмырсқа ҽрекетінен қажетті жерінде үлгі алу керек, халық бойында сол құмырсқаға тҽн тіршілік үшін күрес мақсаты болу қажет. Ҿмір сүру оңай емес, ҽрбір жан – жануар тірлік қылғанда, саналы адам баласы ҿз қамыңды жас кезіңнен ойлауың керек. Жабырқама, жасыма, тынымсыз тірлік ет, күрес, сонда ғана ҿмірің мағыналы болмақ. Ақынның осы ойлары «Еспембет» дастанында сюжетті шығарма арқылы беріледі. Ақын кей ҿлеңдерінде сауда, елді басқару, заң, билеу тҽртібіне наразылық білдіреді. Бұрынғы ізгі адамдар жоғалды, заман бұзылды, ел билеушілері жыртқыш аңдай елін талағаннан басқаны білмейді. «О,Барақ жас, Барақ жас» деген ҿлеңінде:
Қазіргі қазақ ұлығы, жаман иттен несі кем – Жемтік кҿрсе, қан кҿрсе, Айрылар мүлде есінен. Сендер атқа мінген соң, Тандыр болып суалды, Шалқар кҿлдей несібем... Елдегі
жоқшылықтың себебін байлардан пейіл кеткендіктен болды ма деп те ойлайды. Екіталай күн туғанда, халық күшті қайдан алмақ? Елді азаптан құтқаратын ақылға сай іс қалатын ер. «Кҿп жамандар жиылып, Үйінен енді шыға алмас, Шуылдаған қарғадай, Кҿш басшысы кеткен соң.» Бұзылған молда, дін иелерін де ақын сын нысанасынан таса қалдырмайды. Қоғамның ҿзгеруіне байланысты қанаудың жаңа түрлері де шыққан. Екі жақты қаналу, алым-салық та кедейдің мойнындағы ауыртпалық екенін ол ашына айтты. Пҽленің басы, ақын ойынша, сауда-саттықта. Байлар ақша үшін тері-терсекке дейін қалдырмай сатуға құнығып алды, пейіл кетіп, адамдықтан ажырады, олар елді жеудің орнына адал кҽсіп істеп, соған елді бағыттаса, ел күйзелмес, кедейленбес еді. Қолға құрал алып, жатпай-тұрмай кҽсіп қылуға үндейді. Мысалы,
Ұста соқса темірден, Ағаш кессең арнаулы, Ҽртүрлі аспап, сайман бар. Балта менен ара бар.
Темірсіз теңдік алмайды, Түрлі сайман ағаштан, Керектісін сайлаңдар. Балта арқылы таралар.
Ақтаруға жер қойнын, Тетігін тауып, темір соқ, Арнап соққан кетпен бар. Қышқаш пенен балта бар.
Кетпен алып қолына, Ҿнеріңіз үйлессін! Мұратына жеткен бар.
Дулат, ғалым Х.Сүйіншҽлиевтің айтуынша, алғаш рет мысал жазған ақын болып саналады. Одан бізге 4-5 мысал жетті. Ол бұл жағынан ҽдебиетімізге жаңа форма енгізген ақынның бірі. Бұл мысалдар ақыл, ҿнеге айту тұрғысында.
Дулат ҿлеңдері ақылды жеткізе білген кҿркемдік қалыбына да толы. Тілі нҽрлі де ҽрлі. Мысалдар: Кҿргеннің кҿзі тойғандай, Топты ортадан ойғандай. Сҽулетіңнің сағымы, Бұтағына шынардың, Күнді ҽкеп іліп қойғандай. Сҽндісің, жаным, сҽндісің, Сҽн салмақ сені азапқа...
Ыдысысың параның, Қотара құйса толмайтын. Ашылған ҽбден араның, түйені жұтсаң түгімен, Биені жұтсаң, бүгімен, қақалмай-ақ толғайтын...
Саудагер сарттай қайтты ҿмір, Құмар ойнап ұтылған. Мҿңіреп жұртқа ой қайтты, Бұзауы ҿлген сиырдай. Нҽпсі—тҿбет қабаған, жемтік кҿрсе тұра ма, Ырылдап танау жиырмай.? Ҿзімнен ҿзім қызғанып, азын-аулақ жиғаным, Ҿзіме де бұйырмай. Күнҽм жойқын, тҽубҽм аз, Тіршіліктен не таптым? Дүние- жемтік, мен - тҿбет, соны бақпай, не бақтым. Ырылдасып ҽркіммен, Не қапқыздым, не қаптым....
Ҿлеңді рухани қажеттілік деп білген ақын жыр құдіретін кҿтеріп, сусағанға сусын, шаршағанға демеу болар асыл сҿзді бағалап, оның құнын кҿкке кҿтереді.
Меруеттей сҿзбен шашайын, бойыма біткен асылым, Ақындық нҿсер қуаттың, Сусағанды сулатып, күйзелгенді қуантып, Жырыммен елді жетелеп, Мүйіс жерден тҿтелеп, Ағылайын ақпадай...
Дулат шығармаларының басым бҿлігі - дидактика. Кей шығармалары арнау не толғау түрінде келеді. «Ей, айтайын арнап Ешенге», «О,Ақтан жас, Ақтан жас»,
«Кеңесбайға», «Сүлеймен-ге», «Қазаққа» т.б.
Ақынның суреткерлігі оның табиғат лирикасынан айқын кҿрінеді.
Ақын ҿлеңдерінен Махамбет ҿлеңдерінің сарынын да байқаймыз. Оның ҿзіне дейінгі ақындармен тақырыптас бір ҿлеңі- «Он бес деген жас қайдасы». Он бес деген жас қайда, жарға ойнаған лақтай? Қайда кеттің жиырма жас, Тастан шыққан бұлақтай? Жиырма бес бар ма маңайда, Жайқалған жасыл құрақтай? Отыз кеттің алыстап, Толықсыған сынаптай. Отыз бес , неге келмейсің, кҿп іздетіп жылатпай? Қырық, астың кезеңнен. Суырған қыннан қынаптай Ақын енді бірде бұрынғының жасы мен ҿз кезеңінің жасын салыстыра
сипаттайды.» Манағының жігіті, жапанда біткен теректей. Ендігінің жігіті, Ағашқа керткен иректей. Бұрынғының қыздары, қырмызы қызыл жібектей, Ендігінің қыздары, Құрсауы жоқ шелектей. Ал «Айтпасымды айтқыздың» деп басталатын ҿлеңінде келіншекке байғыз бен тауыс құс туралы нақыл айтып,лашынның жемі болған тауысты
мысалдап,»таңдаулысың, тҽуірсің, сен дағы, келін, тауыстай. Құмарлық – бұлт кҿшпелі, Тұра ала ма ауыспай? – деп сҿзді орынымен жұмсауға шақырады.
Дулат шығармалары қазақ жазба поэзиясы мен ауыз ҽдебиеті арасындағы алтын кҿпір іспеттес. Жыраулық пен ақындық ҿнерді ұштастыра білген ақын шығармашылығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда елге тың біраз ҿлеңдері, кҿркемдік мҽселесі, ҿзіндік үлесі туралы тарата айтылды.
Табиғат суретін беру мен мысал ҿлең жазудың басы да Дулаттан басталады. Шоғырлы ҿлең циклі де ол енгізген жаңалықтың бірі. Қазақ ҽдебиет тарихындағы ҿзіндік орны айқын ақын шығармаларын талғамға сай оқыту ҽр мезгілдің ҿзіндік міндеті болып саналады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет