Дәріс. Кіріспе. ХІХ ғасырдағы қазақ


дәріс. Шәңгерей Бӛкеев шығармашылығы



бет20/20
Дата24.03.2023
өлшемі125,31 Kb.
#75945
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Лекция ХІХ ғасыр әдеб

дәріс. Шәңгерей Бӛкеев шығармашылығы.


  1. Ш.Бҿкеевтің ҿмірі мен шығармашылығы.

  2. Шҽңгерей шығармашылығына қатысты зерттеулер.

  3. Ақын лирикаларының тақырыбы.

3. Ш.Бҿкеевтің қазақ ҽдебиеті тарихындағы орны.
Шҽңгерей Сейіткерейұлы қазіргі Орал облысы, Орда ауданында, Жасқұс деген жерде 1847 жылы дүниеге келген, атақты Жҽңгір ханның немересі. Жҽңгір қазақ даласындағы соңғы билік иесіне саналатын хан /1845/, оның есімі Махамбет, Исатай бастаған шаруалар кҿтерілісін басып – жаншуға қатысты оқулықтарда жиі аталады. Шҽңгерейдің ҽкесі Сейіткерей 1852 жылы дүние салып, бала ерте жетім қалады. Ағайын-туыс арасында ол жоқшылық кҿрмей, молшылықта ҿседі. Сарай маңындағы тҽрбие-тҽлім, оқу мен білім оны мұсылманша сауатын ашқан соң кҿркемдік ҽлеміне ерте тартады. «Ай белгілі ақ мешіт, Алпыс бҿлме, жүз есік. Салынған екен кҿк орда, Сол кҿк орданың ішінде, Лҽззат тауып бір-бірімен, зауықтасқан ата-ана, жолаушыдай шҿл қаққан, Сҿйлес еттім жиһанға»... Осы жыр жолдары оның мүлде бҿлек отбасыдан шыққандығын айғақтайды. Оның оқу, іздену сапары оңды болып отырған. Ҽуелі, Астрахань реальное училищесінде, одан соң Орынбор кадет корпусында оқиды. Саратов, Самар, Орал, Қазан, Уфа шаһарларындағы жергілікті ұлықтар қатарында қызмет атқарған. Мировой судья/бітім, келісім-кеңесші билігін жүргізуші/ болып Самарда істейді. Ҽділет үшін күрес жолының оңай еместігіне қызмет бабында кҿз жеткізеді, осы жұмысынан түскен соң, биліктен біржолата бас тартады. Патша тарапынан ҿзіне дворяндық атақ алып, мекен-жайға лайықты жер кестіріп, ҿзінің ойына дұрыс кҿрінген істер жасаған. Л.Толстойдың Ясная Полянасындағы меншікті шаруашылықтың үлгісін ескере отырып, қазақ жағдайына лайықты жұмыстар жасатады. Кҿркем Кҿлборсы маңына ҿзіне қарасты туыс, ел-жұртын ҽкеліп, жаңа тұрмыс құруға тырысады. Мектеп ашып, ҽуелі ҿзі оқытып, кейін мұғалім жалдайды. Кҿптеген шеберхана, кҽсіп құралдарын жасайтын, темір соғатын, арба жасайтын т.б. істейтін шеберханалар аштырады, монша, сауық кеш ҿткізетін орын, музыка аспабын жасайтын орын, суретшілер бҿлмесін жасатады. 25 жасынан бастап шаруашылықты ҿзге адамға тапсырып, ҿзі таза ҿнермен, саясатшылықпен айналысады. Елдегі аты танымал ҿнер адамдарын маңайына жиып, Батыс Қазақстанға белгілі бҿкейлік саз, ҽуен қалыптастырады. Бҿкейлік саздың ерекшелігі мамыржай, қоңыржай, бірқалыптылығында, бапты, сыршыл-дығында сияқты. Құрманғазы, Дҽулеткерей, Мұхит, Абыл, кейіннен Дина да осы саздың негізгі ҿкілдері болып саналған. Хан ордасы мен Кҿлборсы зиялы қауым бас қосатын құтты мекенге айналған. Қазан, Кфа оқымыстылары келіп тұрған.. Жҽңгір хан қазан мүфтиінің қызын алған соң, ордада дін иелерінің ықпалы болыңқыраған. Шҽңгерейдің орыс, батыс ҽдебиетімен жете таныс болғандығын барлық зерттеушілер айтып келген. Ол орыстың Пушкин, Лермонтов, Фет, Тютчев т.б. шығармаларымен таныс болған. Шҽңгерей қазақ даласының табиғатын жырлауда, оның хайуанаттарын суреттеуде ерекше шеберлік
танытқан. Оның ақындық талғамындағы ерекшеліктер оның оқуы мен тҽрбиесіне де қатысты. Адамның ішкі дүниесін үңгіп, сырын ашар сезімтал лирика, бейнелі, суретті кҿрініс Шҽңгерейге тҽн. Ол қоғам қайшылықтарын, ҽлеуметтік жағдайларды беруден гҿрі ҿзге биікке бет қояды. Жеке адамның тіршілігін, пҽнимен үндестікті толғана жырға айналдырады. Ақын қоғамдағы адамдарды топқа бҿлмей, жалпағынан алып қарайды. Оған адамның дҽулетінен гҿрі адамдығы, жеке қасиеттері ұнайды. Тіпті, қоғамдағы орыннан да жеке қасиеттерді жоғары бағалайтындай. Адамның жан дүниесінің тазалығы, ҽділдігі, батылдық пен кісілігі, сыртқы-ішкі ҽлемнің жарасымдылығын суреттейді. Шҽңгерей шығармаларындағы негізгі арқау- ақындық «мен». Ол барлық шығармаларында ҿзінің жайын, ҿмір жолын айтар ойына ұштастыра келіп, образдар арқылы терең толғаған. Кейде ҿз атынан суреттей отырып, оны ҿзгенің не хайуанаттың атынан бейнелейді. Бұны аллегориядан гҿрі кейіптеуге, салыстыруға кҿбірек ұқсас дейді Х. Сүйіншҽлиев. Ол ойларын баяндаудан гҿрі кҿркем кестелеуге ұмтылған. Оның мақсаты кҿркемдігі жоғары туындылар жасау болғандай ҽрі бұл қадамы ізсіз кетпей, ол қазақ ҽдебиетінің тарихында бейнелі , сұлу суретті поэзиясымен қалды. Оның Бұл бағыттағы ізденістерін Бернияз Күлеев пен М.Жұмабаевтар жалғастырды.
Ақындық «менді» даралау басым дегенбіз. Ақын «мен» деген сҿзге философиялық мҽн беріп, оны дүниенің ҿзгерісімен, дҽулеттің тұрақсыздығымен, ҿмірдің ҿткіншілігімен байланыс-тырады.
Кімсің? - деп біреу сұраса, Ҿзім болып «Мен» деген.
«Мен» деген кетсе дүниеден, Ҿзім болып «Менмін» деп, Жауап берер қай адам?»
«Менмін» деген – сол менмін,
Жалпылама, алаш, ҽр заман,- деп, «Мен» деген сҿздің мағынасы, жалпы халық, адам баласы дейді. Бұл Абайдың «Ҿлсе ҿлер табиғат, адам ҿлмес» ҿлеңдеріндегі пікірлерімен үндес.
«Қиямет, мақшар күн туса, Ҿзім қайта «мен» болып, Мен болармын қайтадан, Қайтадан жаным- қайтадан адам. «Бұл сҿзің қалай» десеңіз, Ҽуелінде бар болып, Ақырында жок болмақ, - Шариғатқа қилап заң».
Қандай заман болса да адам мүлде жоғалып кетпейді, оның орнын келесі «мен» басады, ҿзгеріс болғанмен, жойылып кету жоқ дегенді ақын осылай жеткізеді. Ал ,жеке адамның ҿмірі қысқа, жалған. Біраз жас балалықтан ер жетуге дейін ҿтеді. Саналы тұстың ҿзін адам қадірлей білмейді. Ҿмірін кҿбі бос ҽуремен ҿткізеді. «Ҿмірдің ҿтуі», «Жалғаншы жарық дүние», «Бұл дүние пҽнилығын етеді екен», т.б. ҿлеңдерінде ҽр нҽрсенің пайда болуы, ҿсуі, ҿркендеуімен қоса солуы, кебуі, қурауы, қартаю, қажуы, жоғалуы бар, бірақ бұл дүние бірінің орнын бірі үздіксіз басып жатқан ҿмір керуені сияқты үздіксіз қозғалыс деген ойларды кҿңілге түйдіреді. « Бұл дүние пҽнилығын етеді екен, Бір дҽурен ҿтіп, бірі жетеді екен. Жұрт болар бір күндері жоқ адамдар, Ескілер бірден-бірге бітеді екен». Дүние, ҿмір ҿткінші дей отырып, соның бҽрінің адамға ҽсері болатынын айтады, еңбек нҽтижесі ескерусіз қалмақ емес.
«Құйрық атып құлия» ҿлеңінде де ақын дүние, дҽулеттің тұрақсыздығын айтып налиды. Шҽңгерей туындылары терең ойға құрылған шығармалар, бірден мағынасын аңдамай қалу да мүмкін. Осы ҿлеңінің басқы ұйқас соңы «ия»-ға аяқталып тұр, бұл да бір ҿзгешелік. Адам ақылы шексіз, қиялы қанатты болатынын ол «Таудағы тас ұядан» ҿлеңінде шебер бейнелейді. Таудағы тас ұядан, Лашындай сарыққан қиядан, Шалқып сҿзім шығады, Ойласам, пікір-қиялдан. Аспалап қиял кетеді, Шыққан оқтай жаядан. Жасындай барып жалт етіп, Кҿк қақпасын ашады, Жарығына алданып, Дидарға қадам басады... Ақын шығармалар-ындағы адамгершілік тақырыбы, адал достық сатылған достықтан ҽрқашан таза болуы керек деген ойлар былайша ҿрнектелген.
Шҽңгерей лирикасы – махаббат тақырыбын кең қамтитын дүниелер. Ҿз ҿмірінің деректеріне негіздей, не меншіктей отырып ол құштарлық мҽселесін беріле жырлаған. Жеке бастың құштарлығы мен жан-тҽннің рахатын құлшына жырға айландырды ол. Ҿзі туған ҿлкесінің ерке серісі болған ол жалған дүниенің алдамшы сипатынан сезініп, оқшау күн кешті. Аң аулады, ит жүгіртіп, құс салып ҿзінің саятшылық ҿнерін ұзақ қызықтады. Түрлі аспаптарда ойнап, ел-жұртын ҿнер мерекесіне бҿлеп отырды. Ҽкімшіліктен кеткенімен, елдің құрмет-сыйына бҿленуде болды.
«Жігіттің болса алған жақсы жары, Сен болсаң бір аллаға еткен зары. Баладай риясыз еркелеген. Сен болсаң тағы сонда ынтызары... Ақылы жамалына болса лайық, Жігіттің сол емес пе жан дидары»... Ақын шын махаббатты кҿрсе қызарлыққа қарсы қояды. Кҿрінгенге кҿз сүзбей, таңдап су ішетін тағылар ға ұқсап, сүйгеніңді дұрыс таңдауды, бағалауды ұсынады. Жатып ішерлік, жасықтық жігітке лайық емес деп, ҿзінше жақсы жігіт сипатын береді.
Ол да ҿзінің туған жер, ҿскен еліне тамаша жыр жолдарын арнаған. «Қайран жерім»,
«Кҿлторғай», «Кҿлборсы», «Нарын туралы» толғауларында табиғат кҿріністері жақсы кҿрініс тапқан.
Ҽр түрлі ҿлең ҿсіп кҿгеріңкі,
Мақпалдай тҿсеп салған туған жерім... Жап-жасыл жер жүзінің қоштығына, Аспанда торғай шырлап еткен сайран. Бір сағат саф ауасын татқан адам, Табады неше түрлі дертке дҽрмен. Сейіл етіп арумен жүрсең мұнда, Кҿкіректе қалмас еді-ау титтей арман... Ақын ҿзге ақындар сияқты ғылым қуып, ҿнерлі болуға жастарды шақырады. «Ғылым»,
«Эдиссон» атты ҿлеңдерінің мақсаты - осы. Ҿнер-білімді игерген адам ғана жансызға жан бітіреді, ағылшын ғалымы- Эдиссон сондай жан, ол телефон, телеграф ҿнерінің жетігі.
«Эдиссон мұны істеген – ғалым адам, Оқымас, жалқау біздей емес надан. Кҿп сырлар ашты түпсіз дариядан, Періште-міз оң жақтағы ҿсер еді, Солардай болып ҿтсек дүниеден»... Талапты жас бірден нағыз ғылымды үйренуге күш салу керек.
Қазақ жастарына ҿнеге ретінде тау шеркештерінің ерлік ҿлімдерін үлгі етеді. Лермонтовтан «Беглецті» аударуы кҿңілге кҿп ой салады. Ал күрескер халықтың ерлікті қолдайтынына сүйсінеді, қорқақты қорлап, қашқын Һарунның бейнесін жасап, олардың жазасы ҿлім екенін айтады. Һарун туған елінің қарғысына ұшырап, бірде-бір адам оны үйіне кіргізбейді, ақыры ҿзін-ҿзі ҿлтіреді, сүйегіне дейін ит-құстың жемі болып, балалар мазағына айналады.
Адамнан артық ажар, ақыл, айлаң, Ажары ақ бетіңнің асқан айдан, Адасқан арық қудай болдым асық, Айдындай ақ тҿсіңе, асыл айнам.
Ақынның ҿлеңі бейнелі, суретті дегенді дҽлелдеу үшін қосаяқ туралы ҿлеңіне кҿркемдік жағынан талдау жасайық .
Шҽңгерей ақын жырлары ХХ ғасырдың басында ғана баспа бетін кҿрді. Ақын 1917 жылы бар байлығы мен қоныс-мекенін тастап, Тайпақ ауданы, Тҿре тҿбесідегі туыстарына келеді. Қаратҿбеге қарасты Ақбақай деген жерде, сүзек ауруынан 1920 жылы қайтыс болады, яғни кеңес үкіметінің қанды қырғынына ұрынбайды.
Кей ақындар жинақтарына жекелеген шығармалары еніп жүрді. Ғұмар Қарашевтің 1910 жылы шыққан /Орынбордан/ «Шайыр», «Кҿксілдір» деген кітабында үзінділері берілген. «Шҽңгерей ҿлеңдері» жинағы 1934жылы Манаевтың бастыруымен Алматыдан шыққан. Е.Ысмайыловтың 9 класс оқушыларына арналған оқу құралында /1939-1940/,
«Үш ғасыр жырлайды» /1965/, «Бес ғасыр жырлайды» /1989/ жҽне қазақ ҽдебиетінің тарихына қатысты еңбектерде «ҿнер-ҿнер үшін» деген теорияны жақтаған ақын ретінде мысалға келтіріледі.
Шҽңгерей шығармалары жазба поэзияда ҿзіндік орны бағалы туындылар екендігін жыл ҿткен сайын кҿрсетіп келеді.
Ш.Бҿкеев шығармашылығы туралы жарияланған кейінгі баспасҿз материалдары.
«Ҽдеби мұра» жинағындағы Шҽңгерей шығармашылығына қатысты айтылған ойлар.
«Таза ҿнер» теориясы мен Шҽңгерей ойларының ұқсастық жақтары. Шҽңгерейдің ақсүйектік сҽн-салтанатының оның шығарма-шылығына тигізген ҽсері. «Ясная поляна» сияқты Шҽңгерейдің жеке шаруашылығы. Шҽңгерей қалыптастырған бҿкейлік саз. Сұлулық пен ҽдемілік, табиғи үйлесімнің ақын мұрат-мақсатына айналуы. Шҽңгерейдің
«Қосаяқ» ҿлеңіне кҿркемдік талдау жасау. Шҽңгерейдің «Ұршық» ҿлеңінің философиялық мағынасы. Символизм бағытының Шҽңгерей ҿлеңдеріндегі кҿрінісі. Шҽңгерейдің сүйген жарға деген махаббатының кҿрінісін бейнелейтін «Қатшекейге» ҿлеңі, махаббат лирикасы.
Жалпы адамзат мүддесінің жырлануы. «Ғылым», «Эдиссон» ҿлеңдерінің мҽні. Табиғат лирикасы: «Кҿлторғай», «Кҿлборсы», «Қайран жерім», «Нарын». Шҽңгерейдің М.Ю.Лермонтовтан «Беглецті» аудару арқылы білдіретін ойы. Жастарды оқу, білімге шақыру жҽне жалпы адамзаттық гуманизм.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет