Дәріс. Кіріспе. Тжқ құқықтық, заңнамалық және нормативтік-техникалық негіздері


Халықаралық еңбек ұйымдары (ХЕҰ - МОТ) практикалық ережелерінің жинағы мен техникалық стандарттарға негізделген ақпараттық материалдар



бет10/23
Дата28.11.2023
өлшемі243,83 Kb.
#130681
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
1 дәріс

9.3. Халықаралық еңбек ұйымдары (ХЕҰ - МОТ) практикалық ережелерінің жинағы мен техникалық стандарттарға негізделген ақпараттық материалдар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ҚР СТ 12.0.0012005. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттық жүйесі (ЕҚСЖ - ССБТ). Ұйымдағы еңбек қорғауды басқару жүйесінің жалпы талаптары.
Аталмыш стандарт «ЕҚСЖ. Ұйымдағы еңбек қорғауды басқарудағы жалпы талаптар» және ЕҚБЖ ХЕҰ 2001 ҚР 12.0.0062002 МЕСТ қатынасы бойынша модификацияланған болып табылады.
Берілген стандарт ұйымдағы еңбек қорғауды басқару жүйесінің жалпы талаптарын орындайды. Аталған стандартта көрсетілген талаптар кез келген ұйымда ұйымдастыру - құқықтық түріне қарамастан қолданыла береді:
- тиімді, халықаралық стандарттарға көшірілген еңбек қорғауды басқару жүйесін құру;
- еңбек қорғауды басқару жүйесін жетілдіру;
- еңбек қорғауды басқаруды тиімді қалыптастырушы жүйеге және еңбек қорғау саласындағы берілген саясатқа сай талдау өткізу.
9.4. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттық жүйесі (ЕҚСЖ)
Кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетудің ең тиімді профилактикалық құралы – өндірісте міндетті түрде мемлекеттік еңбек қауіпсіздігі стандарттарын пайдалану.
Еңбек қауіпсіздігінің стандарттық үйесі 12 шифрға ие (3 - сурет). Ол 0 – ден 9-ға дейінгі шифрлардан тұрады.
Қауіпсіздік жүйесінің стандарттарын 3 деңгейге бөлуге болады.
Бірінші деңгейлі стандарт (0 кіші жүйелік) негізгі жалпы жүйелік мәселелерді қамтитын құжаттар (ішкі жүйенің құрылымы мен мақсаты, міндеттері, терминологиясы, енгізу мен бақылау, зиянды және қауіпті өндірістік факторларды топтастыру және т.б.).
Екінші деңгейлі стандарт (1 кіші жүйе) әрбір қауіпті және зиянды өндірістік фактор үшін еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормалар мен жалпы талаптарды белгілейді және адам ағзасына әсер ету сипатын анықтайды.
Үшінші деңгейлі стандарт (2...5 кіші жүйелер) өндірістік процестерге, технологиялық жабдықтарға, қызметкерлерге, ғимараттар мен құрылыстарды қорғауға арналған жалпы қауіпсіздік талаптарын қамтиды.
Қауіпсіздік жүйесінің стандарттары жоғары сапалы нормативтік – техникалық құжаттарға жатады және олар заңдар деңгейінде әрекет етеді. Олар ғылым мен техниканың дамуына байланысты өзгерістер енгізу үшін әр бес жылда міндетті түрде қайта қарауға жатады. Егер түзету болмаса, стандарттың қолданылу мерзімі ұзартылады.

10-дәріс «Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 122 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет