Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет83/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   94
Байланысты:
Кожанов 2

Дербестеу. Мес қарынның қимыл қызметін бұзып қосарлана жүретін қарындардың гипотониясы мен атониясынан, созылмалы қарын кебуін перитониттен ажыратады.
Емі. Негізгі батыл ем ретінде, операция жасап бөгде затты алып тастайды. Іші қатқан жағдайда аз мөлшерде (200-300 г) іш өткізетін тұздар тағайындайды, жылы клизма жасайды. Ауырсынуын басу мақсатымен қан тамырына 250-300 мл 25% алкаголь, анальгин енгізеді. Шіру процесін басу үшін ауыздан фурациллин, окситетрациклин, ихтиол және басқаларын береді. Жүрек қызметін жақсартатын дәрілер қолданады: тері астына – натрий кофеин-бензоаттың 4 г, ауыздан – оймақ гүл тұбасын 15-25 мл береді.
Сақтандыру шаралары. Зат алмасуының бұзылуын болдырмайтындай етіп малды сапалы азықтармен азықтандырады, ірі азықтардағы темір-терсектерді колмен тазалайды, сусымалы жемдерді – электромагнитті қондырғылардан өткізеді, ферма маңын темір-терсектерден және басқа да металл қоқымынан жүйелі түрде тазалап тұрады.
Гастрит.
Гастрит (Gastritis) – асқазанның кілегейлі қабығының қабынуымен және оның сөл бөлу, фермент бөлу, эвакуаторлы, экскреторлы, инкреторлы қызметтерінің бұзылуымен өтетін ауру. Туындауына байланысты гастриттер негізгі және туындаған, өтуіне – жіті және созылмалы, зақымдану сипатына – эксудативті және альтеративті, қабыну сипатына – ұйымалы, катаральді, геморрагиялық (қанды) болып бөлінеді.
Себептері. Көптеген мал басының гастритке шалдығуының негізгі себептеріне жататындар: малдың жасына сәйкес емес сапасыз (көгерген, шіріген, ластанған және ашыған) азықтармен азықтандыру, олардың құрамында улы заттардың болуы, бірыңғай және құнарсыз белокты, витаминді және минералды азықтандыру, азықтандыру режимін бұзу.
Дамуы. Паталогиялық процестердіңдамуы этнологиялық фактордың сипатына, күші мен ұзақ мерзім әсер етуіне, сонымен қатар малдың түріне, жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Тұрақты гиперсөлбөлу жиі асқазан жынының қышқылдығының жоғарылауына сәйкес келгенімен ал бұл қалыпты кейде қышқылдығы төмен де болуы мүмкін, сонымен қатар қышқылдылықтың жоғарылауы оның көлеміне байланыссыз да болады.
Симптомдары. Күйзелу және азыққа тәбеті төмендеу біртіндеп дамиды. Кекіру, ал шошқалар мен ет қоректілерде азық қабылдағаннан кейін немесе оған байланыссыз да құсу пайда болады. Құсықта көп мөлшерде азық, сілекей және кілегей көп, ал қайталанған құсуда өт бар. Ішектердің перистальтикасы төмендейді, іші жүрмейді. Нәжісі қатты, қара түсті, сыртында жұқа кілегейлі жұқа қабыршақ қапталған. Ал егер құсу жоқ болса, онда торайлар мен иттерде асқазан аумағы аздап ауырсынады, асқазанның гипотониясы мен пилорустың түйілуінде сипап көргенде шылпыл дыбыс шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет