Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері


Балау. Ауру туралы жиналған мәліметтер мен анықталынған ауруға тән сырт белгілеріне негізделінеді. Ауруларды дербестеу



бет89/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Байланысты:
Кожанов 2

Балау. Ауру туралы жиналған мәліметтер мен анықталынған ауруға тән сырт белгілеріне негізделінеді.
Ауруларды дербестеу. Кейбір індетті және құрт аурулары танаулардағы кілегейлі қабықтарды зақымдайтын еске алған жөн.
Емі. Фермада, танаулары қабынған ауру малдар пайда бола бастаса оларды тудырған, не себепкер болған жағдайларды жоюға әрекет жасайды. Көңілді, әсіресе қорадағы ыстықтық-ылғалдылық тәртібін сақтауға, желөтін туғызбауға бөледі, малдардың астын төсенішпен қамтамасыз етіп, ауадағы жиналған артық аммиакты және күкіртті сутекті азайтуға шаралар қолданады. Шаң басқан, не өткір иісті азықтарды бермейді. Азықтарды аммиакты сумен өңдеу ережелерінің қатал сақталуын қадағалайды. Танаулардың кілегейлі қабықтары талаурана қабынғанда танау қуыстарын 0,25%-ды новокоин, 3%-ды бор қышқылы, 5%-ды натрийдің бикарбонат ерітінділерімен жуып шаяды. Қабыну созылмалы түрде өтсе танау жолдарын бір апа бойы тәулігіне бір реттен 1%-ды күміс нитраты ерітіндісімен не хлорлы цинкпенжуып-шайып тұрады. Итке пипеткамен танауына 1 %-ды минтолдың майдағы ерітіндісін тамызады. Қабыну крупозды не фолликулярлы түрде өтетін болса, онда танаулардың өздерін емдеумен қатар бір дүркін антибиотиктер мен сульфаниламидтерді қолданған жөн (өкпе қабынуының емі).
Сақтандырудың мағынасы малдарды өсіру технологиясын, күтім және азықтандырудың ережелерін қатал сақтауды талап етеді. Көңілді, әсіресе кілегей қабықтарын тітіргендіретін себептерді (шаң-тозаң, ыстық ауа, өткір иісті азықтар, аммиак, көп жиналған ауа т.б.) азайтуға көбірек көңіл бөледі.
Гайморит
Себептері. Қосалқы қуыстардың кілегейлі қабықтарын, айналасындағы жағалай жалғасып жатқан ағзалар – танаулар, бет сүйектері, тіс, көмей және жұтқыншақ дерттенгенде, олардан таралған ауру қоздырғыштары (микробтар) қабындырады. Суық тию және А витаминінің жеткіліксіздігі аурудың дамуына себепкер болады.
Дамуы. Қосалқы қуыстарға түрлі эксудаттың (катаральді, қоймалжың-іріңді, т.б.) жиналуына байланысты денеге қабынба уыттары тарап, тыныстану, азық қорыту, қан айналу жүйелері қызметтерін бұзады.
Симптомдары. Қабынбалардың екеуі де, көбінесе созылмалы түрде өтеді және ылғи да сыңар жақтары ғана дерттелінеді. Зақымдану дәрежесіне байланысты ауру малдар жабығады, мазасызданады, азыққа тәбеті тартпайды, өнімділігі және жұмысқа қабілеттілігі нашарлайды, дене қызуы қалыпты шаманың жоғарғы көрсеткіштер деңгейінде болады не аздап көтеріледі. Бір жақ танауынан қоймалжың, іріңді, өткір, сасық иіст ақпалар ағады. Ақпа мал басын еңкейткенде көбейе түседі.
Гаймор және маңдай қуыстарын қолмен басқанда малдар ауырсынып мазасызданады. Балғашықпен тықылдатқанда анық естілетін ашық дүңкіл дыбыстың орнына бәсеңдеген күңгірт дыбыс естіледі. Кей жағдайларда әсіресе қабынулар созылмалы түрде өткенде қосалқы қуыстар тұсындағы сүйектердің пішін үйлесімдері өзгеріп кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет