Аурудың себептеріне қарсы бағытталған арнайы емдеу әдістері:
Жалпы емдеу әдістері:
қанның сары суымен емдеу (гипериммунды, реконвалесцентті қан сары суларымен);
химиялық терапия (емдік дәрілік заттармен, превентивтік, сақтандыру, сырттай емдеу, дегельминтизация жүргізу, сүт қышқылы бактерияларын қолдану, антибиотиктермен емдеу);
антибиотиктермен емдеу;
фаготерапия;
фитонцидтермен емдеу;
вакцинамен емдеу.
Жергілікті емдеу әдістері:
радикалды операция жасау;
антисептикалық дәрілік заттарды қолдану.
Функционалды-динамикалық және жүйке жүйесін реттеушілік емдеу әдістері:
санитарлық жағдай мен күтім тәртібі (диеталық азық, жақсы күтім, оқшаулап жеке ұстау, тыныштық);
аурудың белгілеріне қарсы күресу;
тітіркендіру, көңілін басқа жаққа аудару (скипидармен емдеу, қыша және банкі қолдану);
жүйке жүйесін сақтандыру мақсатында қажыту (новокаимен тежеу; физикалық әдістермен емдеу; бром, хлоралгидрат, морфин препараттарын қолдану);
қуаттандырушы, қалпына келтіру емдеу әдістері (физикалық әдістер, аэроионмен емдеу, протеинмен емдеу, лизаттармен емдеу, биогенді қуаттандырушы заттармен емдеу, Дорогов препараты – АСД, Богомолец препараты – АЦС-терді қолдану, қан құю);
оттегімен емдеу.
Орын толтыру арқылы емдеу әдістері:
оттегімен емдеу;
қанмен емдеу;
ферменттермен емдеу;
гормондармен емдеу;
витаминдермен емдеу;
тұздармен емдеу.
Ветеринарияда жиі қолданылатын новокаинмен тежеу әдістері.
1 – сурет. В.В.Мосиннің әдісі бойынша иненің бағыты. А – жылқы, Б – сиыр.
В.В.Мосин ұсынған эпиплевралды тежеу әдісі.
Бұл әдіс бойынша 0,5 %-ды новокаин ертіндісін плевра үсті клетчаткасына, оны қоршаған шекаралық симпатикалық нерв бағанасын және кеуде пердесінің аяқтарының алдыңғы жағында орналасқан ішкі нервтерді тежеу үшін жібереді.
Жылқылар мен ірі қара малдарына инені жіберу нүктесі соңғы қабырғаның алдыңғы шеті мен арқаның ұзын бұлшық етінің латералды шетінің түйіскен жері болып табылады. Алдымен сол жерге новокаинның 0,5 %-ды ертіндісін инфильтрациялық әдіспен сіңіреді. Ұзындығы 10-12 см, диаметрі 1,5 мм инені 30-35º бұрыштықпен, көлденең, қабырғаның алдыңғы шетіне параллель бағытта, кеуденің соңғы омыртқасының алдындағы омыртқаның денесіне тірелгенше еңгізеді. Содан кейін инені шприцпен қоса сагиталды жазықтықта 5-10º-қа бұрады. Сонда иненің үші омыртқаның денесінен аздап алшақтайды. Шприцтің поршеніне қысым түсіре отырып ертінді плевраның үстіңгі клетчаткасына еркін кіргенге дейін инені алға қарай жай жылжытып отырады. Ертінді еркін кірген жерге 0,5 %-ды новокаин ертіндісін 0,5 мл/кг мөлшерінде малдың екі жағына тең етіп бөліп жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |