Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет51/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   94
Байланысты:
Кожанов 2

3 – сурет. И.Я.Тихониннің әдісі бойынша белдеме тұсының блокадасы. А – оң жағынан, Б- сол жағынан.
Иттерге тежеу жасау үшін оны операциялық үстелге бір жақ жанына жатқызып бекітеді. Ертіндіні жіберу әдісі, оның концентрациясы мен мөлшері жоғарыдағыдай. Ертіндінің дозасын тең етіп бөліп, екі жағынан да тежеудің нәтижесі әлдеқайда жоғары.
Тежеу жасауда И.Я.Тихонин ұсынған қарапайым приборды қолданған қолайлы. Ол үшін 500 немесе 1000 мл сиымдылықты түбі жадағай колбаны алады да, оған бас жағы бүгілген, диаметрі 3-4 мм шыны түтікшені тығыны арқылы түбіне дейін жеткізіп орналастырады. Түтікшенің сыртқы үші ұзындығы 40-45 см болатын резина түтікшемен қосылған. Оған бір муфтасы 10-20 граммдық шприцпен қосылған Агали краны жалғастырылған. Агали кранының екінші муфтасы 45-50 см ұзындықтағы екінші резина түтікшесімен қосылған. Ол түтікшенің орта тұсында шыны түтікшеден бақылау терезесі орналастырылған. Оның бос үшіне инемен қосу үшін конюля еңгізілген. Новокаин ертіндісін колбаға құйып, жеке, қайнату арқылы зарарсыздандырады. Содан кейін прибордың бөліктерін жалғастырады. Тежеу аймағына еңгізілген инені резина түтікшесіндегі конюлямен қосады. Одан кейін Агали краны арқылы колбадан шприцпен 100 мл\мин жылдамдықпен ертіндіні ине арқылы тежелетін аймаққа жібереді. Ұсақ малдарға 20-граммдық шприц қолданылады.

4 – сурет. И.Я.Тихонин мен М.М.Сенькин ұсынған бүйрек маңайының блокадасы. 1,2 – сол және оң жақ бүйректер, 3 - арқаның ұзын бұлшық еті, а және б – инені енгізетін нүкте.
М.М.Сенькин ұсынған белдеме тұсының жүйкелерін(паранефралды) новокаинмен тежеу әдісі.
Бұл әдіс бойынша новокаинмен тежеуді малдың оң жағына жасаған қолайлы. Ол үшін малды станокқа бекітіп, ине еңгізетін операциялық жерді дайындайды. Инені ақырғы қабырға мен бірінші белдеме омыртқасының қанатының аралығы немесе бірінші және екінші белдеме омыртқаларының қанаттарының аралығы арқылы, омыртқа қанаттарының үшінен орталық арқа сызығына қарай 1,5-2 см қашықтықта еңгізеді. Инені төмен, аздап ішке қарай бағыттап, малдың жасы мен қоңдылығына байланысты, 8-11 см тереңдікке еңгізеді. Иненің үші кеуде пердесінің аяқтары мен сіңір қапшықтары арқылы өткенде тырс еткен дыбыс сезіледі. Одан кейін де инені 1,5-2 см-дей ары қарай жылжытып барып 0,25 %-ды новокаин ертіндісін 1 мл/кг мөлшерінде жібереді. Қажет болған жағдайда 7 күннен кейін қайталауға болады.
Ірі қараның оң жақ бүйрегі көбінесе бірінші және екінші белдеме омыртқаларының қанатарының аймағында орналасады. Краниалды шеті соңғы қабырғаның алдыңғы жағында бауырмен шектеседі, ал каудалды шеті – үшінші белдеме омыртқасының қанатының деңгейіне дейін барады. Латералды шеті – бірінші және екінші белдеме омыртқаларының қанаттарының үшінен 2-3 см шығыңқы болады.
Ірі қараның сол жақ бүйрегінің ұзын шажырқай бауы бар. Міне, соның салдарынан ол бүйрек малдың месқарнының толу деңгейіне байланысты әртүрлі жерде орналасады. Месқарын асқа толы болғанда бүйрек оңға қарай ығыстырылады да, 2-5 белдеме омыртқаларының денесінің астында орналасады. Сондықтан да ірі қараға тежеуді тек оң жағынан жасаған қолайлы.
Қойлар мен ешкілерге бұл тежеуді Г.В.Мартыновтың әдісімен жасаған дұрыс. Ол үшін бірінші және екінші белдеме омыртқаларының қанаттарының арасы арқылы, олардың үшінен 1-1,5 см ішке қарай ығысып барып инені еңгізеді. Инені омыртқа қанатына тірелгенше еңгізеді де, одан аздап ығыстырып барып 1,5-2 см тереңдікке еңгізеді. Иненің үшінің дұрыс орналасқанын тексеріп барып, малдың салмағына байланысты, 40-60 мл мөлшерінде 0,25 %-ды новокаин ертіндісін жібереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет