Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері


Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары



бет53/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   94
Байланысты:
Кожанов 2

Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары


Анықтамалар
Иньекция – арнайы сұйықты организмге диагноздық немесе емдік мақсатпен енгізу
Перикардит – жүрек қабының қабынуы
Гидроперикард – шемендену
Миокардит –жүрек бұлшық етінің қабынуы
Миокардоз – жүрек бұлшық етінің  зат   алмасуының   бұзылуы 
Миокардиофиброз – жүрек бұлшық етінің фиброзданып, өзгеруі
Эндокардит – жүрек ішкі қабының қабынуы
Тромбоз – қан түтігінің қан ұюынан бекітілуі
Невроз – жүйке қажуы
Жүрек пен қан тамырлар жүйесі – мал организміндегі ең басты жүйенің бірі. Оның негізгі қызметі – ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және түрлі нәрлі  заттармен  қамтамасыз еткізіп,  зат   алмасуынан  қалған керексіз  заттарды  денеден шығару.
Малда жүрек пен қантамырлар аурулары көбінесе індетті немесе түрлі жұқпалы емес аурулардың асқынуынан болады. Кейде, негізгі ауруды жойғаннан кейін малдың шығынға ұшырауына жүрек пен қан тамырларының қайтадан орнына келмейтіндей болып өзгеруі себепкер болады. Бұл аурулар арнайы бағыттандырылған шаруашылықтар мен өнеркәсіптік кешендерде жиі кездесіп тұрады. Осы бағыттағы өндіріс барысында кездесіп тұратын себептер (малдың тығыз орналасуы, үздіксіз жұмыс істеп тұрған тетіктердің шуылдары, т.т.) малды ылғи үрейлендіріп, жүйкелерін қажытып, жүрек пен қан тамырлар жүйесінің қызметтерін бұзуларына әсер етуі.
Жүрек пен қан тамырлары қызметінің бәсеңдеуі көбінесе жүрек етінің жиырылу қабілетінің әлсіреуінен болады. Тыныс алу және басқа да жүйелер мен ағзалардың аурулары әр түрлі дәрежеде жүрек пен қан тамырлары қызметтерінің бәсеңдеуіне себепші болады.
Жүрек пен қан тамырлары қызметінің бәсеңдеуі мынадай негізгі белгілермен көзге түседі: жүрек соғуының ырғағы бұзылады, ентігеді, көгереді және ісінеді. Ырғақтың  бұзылуына  қатынасты белгілер мыналар: жүректің тез соғуы, шоқырақ ырғағы, эмбокардия (жүрек соғысының, дыбысының күші мен құбылысының біркелкіленуі), қосымша жиырылуы, біркелкі емес аритмия (ырғақсыздық), териовентрикулярлық (жүрек құлақтары мен қарыншаларының арасындағы) бөгелістер, жүрек құлақшалары, мен қарыншаларындағы Гис тармақтары мен жүректің Пуркинье талшықтарындағы бөгеттемелер.
Өкпелерде қан іркілдегендіктен әдеттегіден көбірек жиналған көмір қышқылы мен басқа да  зат   алмасуының  қалдықтары сопақша мидағы тыныс алу  процесін  реттейтін орталығын қаттырақ қоздырып ентіктіреді. Қатты ауырғанда Куссмаульдің үлкен биотов және Кейн-Стокс тыныстары пайда болады.
Сонан соң дерттің ауыр өтуінің дәлелі ретінде дене көгілдір тартып, жүректің соғу ырғағы бұзылады. Дене көгілдір тартқанда тері мен кілегей қабықтары да көгереді. Дененің көгеруі қанда қалпына қайта келген гемоглобиннің көбеюінен болады. Бұл гемоглобиннің алқызыл тартқан оксигемоглобиннен (оттегіленген гемоглобиннен) айырмашылығы – қара-қызыл, көк болып келеді. Қалпына қайта келген гемоглобиннің қанда көбеюіне, қан айналымының бәсеңдеуі салдарынан өкпелерде, оның нашар оттегіленуі мен ұлпалардың, оттегіні (жетіспегендіктен) әдеттегіден көбірек және тезірек пайдалануды әкеліп соқтырады.
Дененің көгілдір тартылуымен қатар не біраз кешеуілдетіп барып организмде шектелінген немесе жалпы ісік пайда болады. Дененің ісінуі жүрек пен қан тамырлары қызметінің нашарлауының қатерлі белгілері болып есептеледі. Жүрек қызметінің нашарлауынан болатын ісіктің негізгі себептері қанның көк тамырлар мен капиллярдағы (майда тамырлар) іркілісінен қысымы көтеріліп, тамырлардың қабырғаларын көріп, түтікшелерін қаттырақ ашып, қан сұйығының сыртқа шығуынан болады. Жүрек ақаауларынан болатын ісік, сарысудың ет пен терінің арасында жиналуынан, әдетте дененің төменгі (астыңғы) бөлігінде орналасады. Сарысу сірі қабық қуыстарында да жиналуы мүмкін. Жүрек ақауларынан болатын ісіктің басқа текті ісіктерден айырмашылығы, ол тығызырақ қамыр тәріздес (саусақпен басқанда із қалады), ісікті басса – ауырады, бірақ малдың қызуы көтерілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет