Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет59/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   94
Байланысты:
Кожанов 2

Сақтандыру шараларының мақсаты – жүрек пен қан тамыры ауруларын дер кезінде анықтап, емдік көмек көрсетіп тұру.
Жүрек етінің қабыну аурулары
Миокардит (Myocarditis). Миокардит жүрек бұлшық етінің қабынуы. Миокардиттің мынадай клиникалық түрлерін айырады: барысы бойынша – жіті және созылмалы; аурудың таралуы бойынша – шектелінген және жайылған; пайда болу себептеріне байланысты – босалқы және қосалқы түрлерін.
Себептері. Жүрек етінің қабынуы – көбінесе басқа індетті паразиттік және жұқпайтын ішкі аурулардың асқыну салдарынан пайда болатын қосалқы дерт. Миокардит саңырауқұлақ микробтары тудыратын аурулардың организмді уландыруынан пайда болуы мүмкін (микоз, микотоксимоз). Жұқпайтын аурулардың ішінен тікелей миокардитті асқындыратын аурулар мыналар: жүрек қабының қабынуы, жүректің ішкі қабының қабынуы, плевраның қабынуы, өкпенің қабынуы, азықтармен уланулар.
Дамуы. Жүрек етінің қабыну  процесі  организмде орын алған негізгі аурулардың қоздырушы микробтары мен вирустарының шығарған уыттарының жүрек етіне әсер етуі зардабынан пайда болады. Аурудың алғашқы кезінде жалқықтану  процесі  басым болып, жүрек етінің орталықтары домбығады, сонан соң оларда өзгеріс-ұлғаю (альтерация-пролиферация)  процестері  басталады.
Жіті миокардит екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңінде жүрек еттерінде әлі айтарлықтай өзгерістер байқалынбайды, тек қабынудан пайда болған жат және басқа да түрлі уытты  заттар  миокард рецепторларын (сезімтал нервтерін) қоздырып, жүрек қызметін күшейтіп, жеделдетеді. Жүрек қызметінің тездетілуі артериядағы қысымды күшейтіп, қан айналысын жеделдетеді. Аурудың екінші кезеңінде, жүрек етінің қажуына байланысты миокардтың қоректенуі жеткіліксізденіп – азғындау (дистрофия-дегенерация) басталады да, оның жиырылу қабілеті әлсірейді, артерияда қысым азайып, қан айналысы баяулайды. Осы кезеңде ентігу, көгеру, ісінулер пайда болып, бірінші кезеңдегі аурудың барысы мен салыстырғанда жүрек жұмысының ырғақтығының бұзылғандығы айқынырақ білінеді.
Өлекседегі өзгерістер. Миокардиттің даму түрлері, көпшілігінде негізгі аурулардың ерекшеліктері мен өту жайына көп байланысты болады. Алдыңғы жалқықтанудың басым болған кезеңінде, жүрек етінің домбыққандығы, кесіп қарағанда түсінің қызғылттанып, кейде теңбілденіп, қанталағаны көрінеді. Қоректенуі бұзылып азғындаған кездерінде (дамудың екінші кезеңінде) жүрек еті бозарады, бұдырланады, кесіп қарағанда өзіне тән кескіні жойылады. Азғындағаны айқын білінгенде жүрек етінің түсі піскен етке ұқсап божырап, ыдырағыш келеді. Жүрек етін аурудың әр түрлі кезеңдерінде гистологиялық әдістермен зерттегенде, өзгерістер ет талшықтарында, миокардтың дәнекер ұлпаларының тұлғасында, тамырларында жане жүйкелерінде болатыны айқындалынады. Ет талшықтарында, көбінесе, ағзатталынған немесе майланған азғындау, дәнекер ұлпаларында ісік – негізі заттардың бұзылып өзгеруі, лимфа түйіршіктерінің (лимфоцит), кезген торшалардың, кейде түйір лейкоциттердің (гранулоцит) шоғырлануы көрінеді. Тамырлардың өзгеруі оның төңірегіне инфильтраттың (клеткалық элементтердің, қанның, лимфаның ұйысуы) жиналуымен, майда тамырлардың қабырғалары гиалиноздануымен (шыны тәрізденіп жылтырауы), кейде тамырдың ішінде қанның ұйыумен (тромб) бейнеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет