Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Серозды (ұйымалы) гастритке кілегейлі қабықтың ісінуі және гиперемия, кейде асқазанның фундальді бөлігінде қанталау тән. Гистологиялық тексеруде эпителиальді қабатта дистрофия, инфильтрация, кілегейлі қабат астында серозды эксудат, қан тамырлары гиперемияланған, безді эпителийдің кейбір жері некрозданған, десквамацияланған (сыпырылып түскен).
Балау. Малды азықтандыру мен күтуге, рацион құрамына талдау жасайды. Азықтарды бактериологиялық, вирусологиялық тексеруден өткізеді, азықтарға микологиялық, токсикологиялық талдау жасайды. Нәжісті тексереді. Сонымен қатар антибиотиктер мен химиялық препараттарды микрофлораға сезімталдығын анықтайды.
Болжамы. Жіті кастральді гастритке жағымды, ал геморрагиялықта – сақтықты қажет етеді немесе жағымсыз. Дер кезінде емдемеу, ұзақ мерзім этиологиялық себептің әсер етуінен қабынудың асқынған түрі дамып, ішектің қабынуымен созылмалы өтуі мүмкін.
Емі. Аурудың себептерін жояды. Егер малдың көбі ауыратын болса, онда олардың, соның ішінде мегежіндердің ұясындағы азықтың бәрін алып тастайды. Ашықтыру тағайындайды: торайларды 6-8 сағатқа, жас шошқалар мен құлындарды 12-16 сағатқа, жылқылар мен иттерді 1 тәулікке.
Сақтандыру. Малды азықтандыру, күтіп ұстау, жұмысқа жегу ережелерін сақтау – сақтандырудың негізін құрайды. Сапасыз, өте ыстық немесе суық улы заттармен зақымдалған азық бермейді. Ірі шошқа кешендерінде мегежіндердің азық қорытуын, сүт безінің жағдайын, зат алмасуын бақылайды.
Ұлтабардың қабынуы Ұлтабардың қабынуы (Abomasitіs) – азық қорытудың және басқа да ағзалардың қызметтері бұзылуымен өтетін ұлтабардың кілегейлі қабығы мен оның қабырғасының эксудативті немесе альтеративті қабынуымен жүретін жіті немесе созылмалы ауру.
Себептері. Абомазит химиялық, механикалық және бактериальді факторлардың әсерінен болатын полиэтиологиялық ауруға жатады. Төлдерде термиялық факторлардан (ыстық, суық сұйық азықпен азықтандырғаннан) болады. Сақа малда ластанған тамыртүйнектілер және сүрлеммен азықтандырғаннан олардағы құм, топырақ кілегейлі қабықтың қабынуының себептері болады.
Дамуы. Дисбактериоз, ішекте шіру процестерінің үдеуінен және гиперсөл бөлуден, эвакуация кідіргеннен жын мезгіл-мезгіл тұрығады. Ұлтабар ауруының дамуы оның орнынан ығысуына және ширатылуына душар етеді, сонымен қатар пиларус түйіледі, қысқа мерзімге немесе бөлікті эвакуацияның кідіруі гиперсөл бөлумен және гипохлоргидриямен өтеді.
Симптомдары. Жіті серозды (ұйымалы) және катаральді қабынуда дене қызуы, тамыр соғуы, тыныстануы қалыпты. Мал аздап күйзеледі, азыққа зауқы төмен, кейде бұзылған, шөліркейді, күйіс қайыруы сирек және әлсіз. Тіл асты кілегейлі қабығы, конъюнктива гиперемияланған, тілдің түбіндегі емшектер, склера аздап сарғайған.