Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері


Паталогиялық-анатомиялық өзгерістер



бет85/94
Дата20.02.2023
өлшемі3,97 Mb.
#69481
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   94
Байланысты:
Кожанов 2

Паталогиялық-анатомиялық өзгерістер. Кілегейлі қабықта серозды қабыну, ол инфильтрацияланған және гиперемияланған, онда ошақты қанталау бар. Гистологиялық зерттегенде беткейлі және безді эпителий дистрофиялық, некроздық өзгеріске ұшыраған, эксудатта қанның жасушалық элементтері аздап кездеседі, әсіресе лейкоциттер.
Балау. Анамнездік мәліметтерге, малды күтіп-ұстауға, төлдерді сүт, жасанды сүт пен ірі талшықты азықпен, бордақылаудағы малды – тамыр түйнектілермен, қант қызылшасының, спирт өндірісінің, майлы дақылдарды өткізудің қалдықтарымен азықтандыруына, осының бәріне талдау жүргізеді. Клиникалық диагноз қою өте қиын, ал көбіне алдын ала болжамды қойылады. Ұлтабарда көптеп құм жиналса, онда азық қорыту бұзылады, энтерит дамиды. Егерде жаппай ауруға шалдықса, онда өлген немесе қолдан сойылған малға патологиялық-анатомиялық зерттеу жүргізеді.
Болжамы. Асқынбаған катаральді абомазитке болжамы жақсы, геморрагиялықта - өте сақтықты қажет етеді немесе сенімсіз.
Емі. Аурудың белгілі болған және мүмкіндік туғызатын себептерін жояды. Ауру малды оқшаулап себебіне, өтуіне, топта ауырған мал пайызына байланысты ем қолданады. Диеталық азықтандырғанда рационға кілегейлі (шырышты) заттар қайнатпасын, жұмсақ шөп немесе көк шөп, жүгері, жүгері сүрлемі, қант қызылшасы, сәбіз қосады. Ұлтабар алды қарындарды, ұлтабарды және ішектерде іш жүргізетін дәрілермен тазалайды. Ауру ауыр өткенде мес қарынды жылы сумен 2 %-ды натрий гидрокарбонаты немесе калий перманганаты (1 шелек суға 1 гр) ерітінділерімен жуып шаяды.
Сақтандыру. Құрама жемдердің жасанды сүттердің, майы алынған сүттің сапасына зер салады. Малды бір азық түрінен екінші түріне ақырындап ауыстырады. Ірі сабақты азықтарды дайындап береді. Жазда майы алынған сүттен ацидофильді сүт дайындайды. Құммен, топырақпен ластанған тамыр-түйнектілерді, ірі азықтар және көк шөпті, зеңмен ластанған азықтарды бермейді.
Асқазанның ойық жарасы
Асқазанның ойық жарасы ( Morbus ulcerosis) – асқазанда пептикалық ойық жара мен симптоматикалық ойық жаралар (жіті және созылмалы) кілегейлі қабықта әртүрлі аурулардың жергілікті көріністерімен жіті немесе созылмалы деструкциялы өзгерістер пайда болуымен өтетін созылмалы рецидивті ауруларды құрайтын ветеринарияда шартты нозологиялық ауру.
Себептері. Пайда болуының басты себеп тері экзогенді және эндогенді факторлар. Организмнің иммунобиологиялық реактивтілігі төмендеуінен, аутоиммунды процесстердің пайда болуынан, азық қорыту процестерінің звенолары арасында байланыстың бұзылуынан, ағзаның секрет бөлу, эвакуаторлы қызметтерінің, кілегейлі қабықтың қан айналымы мен трофикалық реттелуінің бұзылуынан ағза мен жүйелер аурулары пайда болады.
Дамуы. Экзогенді және эндогенді факторлардың әсерінен жүйкелік, гормональді және де жергілікті гастродуоденальді жүйе қызметінің бұзылуларын реттейтін күрделі тізбекті жәнеөзара байланысқан құбылыстар пайда болады. Бүйрек үсті безінің глюкокортикоидті қызметі күшейгендіктен, асқазан безінің сөл бөлуі күрт күшейеді (гиперацидті жағдай, қозған асқазан), ал ол кілегейлі қабықтың зақымдануын арттырады.
Симптомдары. Аурудың бастапқы кезінде азыққа зауқы төмендейді, іші өтеді және қатады, дене қызуы қалыпты болады немесе қысқа мерзімді субфибрильді қызба. Мал күйзеледі, дене массасының өсуі төмендейді, біртіндеп анемия дамиды. Егер ауру асқынбаса белгілі клиникалық белгімен өтпейді, кейде белгісіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет