Дәріс курсы қ останай, 2021 Пікір сарапшылар


ТАҚЫРЫП. АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯ КЛИНИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ САЛАСЫ РЕТІНДЕ. АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ДИЗОНТОГЕНЕЗ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ



бет7/47
Дата14.09.2023
өлшемі0,77 Mb.
#107721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47
2 ТАҚЫРЫП. АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯ КЛИНИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ САЛАСЫ РЕТІНДЕ. АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ДИЗОНТОГЕНЕЗ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ.


1. Арнайы психология пәні, міндеттері және әдістері.
2. Баланың психикалық дамуының жалпы және арнайы заңдылықтары.
3. Арнайы психологияда даму деңгейлері. Дизонтогенездің психологиялық параметрлері
4. Психикалық даму бұзылыстарының түрлері.


1- сұрақ. Арнайы психология – психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы. Арнайы психологияның жеке бағыттары:
– кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология);
– саңырау және нашар еститіндер психологиясы (сурдопси-хология);
– соқыр және нашар көретіндер психологиясы (тифлопси-хология);
– психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы;
– сөйлеуінде бұзылыстары бар баллар психологиясы;
– тірек-қимыл аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психо-логиясы.
Арнайы психология пәні ерекше оқытуды қажет ететін балалардың психикалық дамуы болып табылады.
Арнайы психология объектісі туа біткен және жүре пайда болған психикалық және дене бітімі дамуында ауытқуы бар балалар.
Арнайы психология психологияның келесі салаларымен байланысты: балалар, жас ерекшелік және педагогикалық психология, психофизиология және нейропсихология. Дегенмен арнайы психологияны оған жақын патопсихология мен клиникалық психологиядан айқын ажырата білу керек.
Нормативтік-құқықтық құжаттамада арнайы білім беру жүйесіне жататын балалардың контигентін анықтайтын бірнеше ұғымдар бар.
Дамуында бұзылуы бар балалар – бұл әр түрлі немесе бірнеше анализаторлардың (көру, есту, қимыл-қозғалыс, сөйлеу) қызметіндегі бұзылулар салдарынан, сондай-ақ, ОЖЖ органикалық зақымдануы салдарынан психикалық және дене бітімдік дамуында тежелуі (бұрмалануы) бар балалар. Термин психологиялық - педагогикалық әдебиетте арнайы білім беруді қажет ететін балалар категориясын ажырату үшін қолданылады.
Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл дамуындағы кемістіктер әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемақы алуға мүмкіндік беретін, яғни бинефицитарлық статусқа ие балалар. Дәстүрлі терминологияда бұл балаларды мүгедек балалар деп атайды.
Білім алу қажеттілігі ерекше балалар- бұл білім беруде арнайы коррекциялық көмекті қажет ететін балалар. Арнайы білім беру жағдайы тек қана арнайы мекемелерде ғана емес, жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаларда да болуы мүмкін [11].
Арнайы психологияның негізгі міндеттері:
1. Даму кемістігі бар балалар мен қалыпты дамып келе жатқан баланың психикалық дамуындағы негізгі заңдылықтарды ашу.
2. Даму кемістігі бар баланың әртүрлі категорияларының психикалық даму ерекшеліктерін қарастыру.
3. Кеміс баланың даму механизмін анықтау. Бала дамуындағы механизмнің бұзылу тегін, уақытын, тереңділігін анықтау.
4. Дамудағы кемістіктерге байланысты өзіндік ерекшеліктерді анықтау.
Арнайы психологияның ерекше, арнайы әдістері жоқ. Жалпы психология, балалар психологиясы және педагогикалық психологияда сияқты жеке және топтық лабораториялық психологиялық эксперимент, бақылау, іс-әрекет өнімдерін зерттеу (мысалы, балалар жазба жұмыстарын талдау, олардың суреттерін, еңбек сабақтарында жасаған әр түрлі заттарын зерттеу), саулнама, проективті әдістемелер, тест, оқу эксперименттері, сонымен қатар, шартты-рефлекторлы әдістемелер қолданылады. Әр әдістеме нақты мақсатқа және зерттеу объектісінің ерекшеліктеріне сай қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет