2- сұрақ. Баланың психикалық дамуының жалпы және арнайы заңдылықтары.
Баланың қалыпты дамуына қажет Г.М. Дульнев пен А.Р. Лурияның тұжырым-даған негізгі 4 шартын бөліп алуға болады.
Бірінші, ең маңызды шарт - «ми мен оның қатпарларының дұрыс, қалыпты қызметі»; түрлі патогендік әсерлердің салдарынан туындаған патологиялық күйлер болса - тітіркендіргіш және тежелгіш процестердің дұрыс қатынасы бұзылады; түскен ақпаратты анализдеу мен синтездеудің күрделі формаларының жүзеге асуы қиындайды; адамның түрлі психикалық қызметтерінің түрлі аспектілеріне жауап беретін ми блоктарының өзара әрекеті бұзылады.
Екінші шарт - «баланың дене бітімінің қалыпты дамуы және сонымен байланысты жұмыс істеу қабілетінің, жүйке процестерінің дұрыс сақталуы». Үшінші шарт - «баланың сыртқы ортамен дұрыс қарым-қатынасын қамтамасыз ететін сезім мүшелерінің қалыпты сақталуы».
Төртінші шарт – балаға отбасында, балабақшада және мектепте білім берудің жүйелілігі мен реттілігі. Балалардың психикалық, дене бітімі және әлеуметтік денсаулықтарын үнемі тексеріп отыратын түрлі қызметтердің (медициналық, психологиялық, білім берушілік, әлеуметтік) жасаған анализдері қазіргі кезде даму ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдер санының артып келе жатқандығын, ал барлық параметрлерге сай дені сау балалар санының керісінше азайып келе жатқандығын көрсетеді. Жоғарыда аталған мекемелердің берген мәліметтеріне сүйенсек, балалардың 70%-і өздерінің түрлі даму этаптарында арнайы психологиялық көмекті қажет етеді.
Л.С. Выготский, көрнекті психолог, дефектолог, әрі адамның психикалық даму теориясының мәдени-тарихи негізін қалаушы бола отырып, мынаны дәлелдейді: «Сау баланың өркениетке кірігіп өсуі, әдетте оның органикалық жетілу процестерімен біріккен тұтастықты көрсетеді. Дамудың екеуі де табиғи және мәдени – бір-бірімен сәйкес келеді және тұтасып кетеді. Екі қатардағы өзгерістер те өзара кірігеді, нәтижесінде баланың жеке тұлғасының әлеуметтік-биологиялық қалыптасуының біртұтас қатарын құрайды [16].
Факторлар деп қандайда бір белгінің өзгерістерін тудыратын, үнемі әсер ететін жағдайларды айтады. Клиникалық-психологиялық материалдарға сәйкес, психикалық функциялардың өрескел бұзылуы немесе жетілмеуі жүктіліктің бас кезіндегі эмбриогенезде, яғни, ми құрылымының интенсивті жасушалық дифференциациясында түрлі зақымдаушы зиянды әсерлерден пайда болады.
Әсер ету уақытына қарай патогендік факторлар үшке бөлінеді: пренаталдық (тууға дейін); наталдық (туу кезінде); постнаталдық (туғаннан кейін, ерте сәбилік кезеңнен 3 жасқа дейін).
Есте болар жайт, ауытқулы дамудың себебін қарастыруда кез-келген біржақты көзқарас нағыз себептерді анықтауға және тиісті дамыту-түзету мақсатындағы психологиялық-педагогикалық жүйелерді құруға кедергі жасайды.
Психикалық функциялардың жүйелік бұзылыстары деп түрлі жарақаттар мен сырқаттар факторларының нәтижесінде зақымдалған бір функцияның басқалармен байланысындағы және олардың даму сипатындағы ауытқушылықтарды айтамыз. Терминологиялық сөздіктерге сай әдебиеттерде мұндай бұзылыстар екіншілік ауытқулар деп аталады. «Жүйе» сөзі олардың пайда болу табиғатын атап көрсетеді – түрлі функциялар арасында әр алуан байланыстардың бар бары. Бұзылған дамудың құрылымындағы біріншілік және екіншілік ауытқулар Л.С. Выготский теориясы екені белгілі. Оның көзқарасы бойынша, индивид мәдени-тарихи тәжірибені меңгеріп қана мазмұны тұтас осы тәжірибемен анықталатын сананың субъектісіне айналады. Әлеуметтік мұраны меңгеру үрдісі қарапайым психикалық функциялардың жоғарыға айналуының күрделі трансформациясын жүзеге асырады. Соңғының қалыптасуы үшін тек ми механизмдері жеткіліксіз. Л.С. Выготскийдің айтуынша, оның формасы мен мазмұнына жауап беретін адам санасы құрылуының ерекше экстроцерабральді механизмін ұсынатын тәжірибемен алмасудың күрделі үрдісі талап етіледі. Экстроцеребральді механизмнің орталық бөлімі бала мен ересек адамның арасындағы қарым-қатынас жүйесі болып табылады.
Әрине, екіншілік бұзылыстардың негізгі механизмі психиканың түрлі компоненттерінің арасындағы функцияаралық байланыстардың бар болуымен негізделген. Бірақ осы байланыстардың өздерінің пайда болуы және өзгеруі кездейсоқ емес, олар сананың оптимальді құрылымының қалыптасуына бағытталған жас ерекшелік даму үрдісімен анықталады. Сананың құрылымы қалыптасқан түрде 2 негізі компоненттеріне – сананың күнделікті және рефлекстік қабаттарынан құралады. Біріншісі сыртқы әлем көрінісіне бағытталған, екіншісі өзінің субъективті әлеміне, ішке бағытталған. Л.С. Выготскийдің қалыптастыруында бұл қабаттар күнделікті өмір үшін сана және сапа үшін сана деп белгіленеді.
Күнделікті қабатты құраушы негізгі элементтер сананың сезімтал (сезгіштік) және биодинамикалық жасушалары болып табылады. Сезімтал жасуша перцептивті бейнелер мен олардың қасиеттерінің сенсорлы қорын құрайды. Биодинамикалық жасуша заттық қозғалыстардың негізі болып, іске асырылады.
Соның рефлексті қабаты 2 компоненттен тұрады: мән және мағына. Мән сөзде көрінетін түсініктің мазмұны сияқты жиі дәлелденді. Мәндерде тарихи тәжірибе жинақталған пішінде қарастырылады: олар адамның сөйлеу-ойлау әрекетімен байланысты. Мағына – бұл нақты бір адамның шынайы өмірімен бафланысты мәннің ішкі жағы. Мағына ортасы эмоцияларда, қарым-қатынастарда, құндылықтарда көрінеді. Күнделікті сананың шекарасында сезімтал және биодинамикалық жасушалар арсында байланыс бар. Сонымен қатар, мән және мағына арасында да тығыз байланыс бар. Мән ұғындырылдырады, ал мағына білдіреді. Сонымен мән және мағына нақты бейнелер мен іс-әрекеттердің мәні мен мағынасын білдіреді. Түрлі көптеген психикалық феномен арасындағы барлық алуан түрлі функцияаралықбайланыстар жоғарыда айтылған сананың құрылысымен анықталады. Байланыстардың бұзылуы бұл құрылыстардың архитектоникасын зақымдайды [17, 41 б.].
Сезімтал жасушасының аймағында біріншілік бұзылушылықтар бәрінен бұрын биодинамикаға, төмен дәрежеде мән мен мағына аймақтарына әсер етеді. Нәтижесінде сезімтал жасуша қызметі зақымдалады. Системогенез – бұл қандай да бір функцияның бұзылысы онымен байланысты басқа функциялардың зақымдалуына әкелетін құбылыс. Патогендік фактор әсері кезінде психиканың жақтары бұзылады. Сонымен қатар, біріншілік зақымдалумен байланысы жоқ функциялардың бұзылысы да байқалады. Сензитивті белсенділік кезінде компенсаторлы механизмдер жұмысының тиімділігі төмендейді, ал бұл барлық психиканың, оның барлық жақтарының толеранттылығының төмендеуіне әкеп соқтырады.
Бұл механизмнің нақты және заттың иллюстрациясы үшін түрлі психика дамуының түрлі кезеңдері мен фазаларының генетикалық үлгілері қолданылады. Арнайы психологияда көбінесе В.В. Ковалевтің, Ушакованың қолданылды. Бірақ Л.М. Веккердің үлгісі әлде қайда тиімдірек. Схема дифференцияланған құрылыстық деңгейлермен берілген.
Мұнда психикалық белсенділік тәртіптің өте қарапайым түрлерін – лакомоциялар және шектелген кеңістікте орын ауыстыруды реттейді. Лакомоторлық белсенділік дамудың жоғарырақ сатысы перцетивті–эмоционалдығы шығуға мүмкіндік береді. Осы деңгейде біртұтас заттардың көрінісін және олардың арасындағы қарапайым байланысты көру пайда болады. Мінез-құлықтың түрәнде бұл манипуляциялары әрекеттің және қарапайым заттың қозғалыстардың пайда болуымен болады. Осымен олар психикалық дамудың келесі сатысына өтуге мүмкіндік туғызады. Бұл әрекеттің біріккен формасын әлеуметтік тәртіптің тууын реттеуге себеп беретін инсонаторлы интелектің деңгейі. Комуникативті–түрлендіруші тәртіп сөйлеу қалыптасуы, көрнекі–бейнелілік ойлау және сананың тууы тән дамудың күрделенуі болады. Сөйлеу мен ойлаудың дамуы өзінің тәртібінің реттелу тәсіліне көшу жүзеге асырылады. Әрекеттің саналылығы мен мақсатты бағытталуы психикалық ұйымның өте күрделі – сана мен қатынастың субъектісі ретінде жеке тұдғаның қалыптасуына әкеп соқтырады. Сонымен қатар, абстрактылы ойлаудың дамуы тән. Психикалық интеграцияның тұлғалық деңгейі әлеуметтік әрекеттің пайда болуына ықпал етіп, оны ерекше формаға жасап, әрекет сапалы іс сияқты, ол өзінің басқаларға, өз-өзіне және барлық қоғамға деген қарым-қатынасын бекітіп, адамды қасиеттілік актісі бойынша анықтау. Мұндай әрекеттің адамгершілік формасын реттеу психикалық дамудың жоғарғы деңгейі - өзін-өзі түсінуге әкеледі. Бұл әрекет түрінің өзгеруіне және реттеудің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Өзіне психикалық сыртқы Мінез-құлық белсенділігінің барлық қабаттарын бағындырады.
Жоғарыда айтылғандай, баланың психикалық дамуының шешуші кілтінің бірі қатынас үрдісі. Осы қарым-қатынаста ересек адам балаға мәдени-тарихи тәжірибені табыс етеді. Мәдени-тарихи тәжерибені игеру адам санасының қалыптасу үрдісінің маңызын құрайды. Кез келген біріншілік бұзылыс түрлі дәрежеде, түрлі жақтан қарым-қатынасты, тәжірибені беру үрдісін қиындату арқылы психогенез процесін бәсеңдетеді.
Жоғары психикалық функциялар өздерінің қалыптасу үрдісінде екі фазада интерпсихикалық және интропсихикалық фазаларда өтеді. Біріншісіне, функция белгілі бір уақыт бөліп балаға тұтастай тән болмайды, бөлінген түрде болады. Оның бір элементтерін ересек адамдар іске асырады, ал басқаларын бала орындайды. Мұндай түрде функция өте көп уақытта бала барлық элементтерді толығымен меңгергенше болады. Осы кезеңді өткен соң ғана ол баланың ішкі бұйымына айналып, яғни интропсихикалық фазаға енеді.
Коммуникативтік механизм әрекет дамуына түрлі бұзылыс түрлері бар балалармен жас өспірімдердің эмоционалды–ерік саласындағы бір типті бұзылыстардың қалыптасуымен түсіндіріледі.
Әрекеттік механизм жүйелілік ауытқушылықтардың қалыптасуы. Психика оның ішкі жоспарын құрай отырып, сыртқы заттық әрекеттің ерекше реттеушісі рөлінде жүреді. Сондықтан да психикалық даму үрдісінің бұзылуы заттың қимыл және әрекеттің түрлі түрлерінің, психомоториканың қалыптасуының артта қалуына әкеледі.
Балада ақыл-ой әрекеті автомотизация және қысқару мөлшері бойынша біртіндеп сыртқы жоспардан ішкі жоспарға көшетін сыртқы заттық операцияларға сүйеніп қалыптасады. Моторлы аймақта әр алуан бұзылыстардың болуы ақыл-ой әрекетінің қалыптасуына жағымсыз әсер етеді.
Көптеген дизонтогенетикалық көріністерге алуан түрлі сөйлеу бұзылыстары тән. Сөйлеу қатынас және таным құралы ретінде ғана емес, белсенділіктің реттеушісі үшін маңызды роль атқаратын жоғары психикалық функция құрылысының элементі болып табылады.
Ең соңғы қарастырылатын механизм – депривациялық. Дамуында ауытқушылығы бар балалардың көбінің өзіндік өмір жағдайларына депривациялардың бірнеше түрлерінің әсер етуімен сипатталады. Олардың арасында біріншілік немесе клиникалық бұзылыстар көру, есту, сөйлеу және қозғалыс белсенділігінің кемістіктерімен байланысты.