Емі және реабилитациясы. Емі комплексті, биологиялық терапиядан тұрады (психофармакотерапия, шоктық әдіс ауру ұзақтығы бір жылға және т.б.созылса), психотерапия (көтеруші ерекшелігі) және арнайы көмектер және әдістер, науқасты әлеуметтік адаптацияға бейімдеу үшін (реаблитация). Психотропты заттарды таңдау негізгі симптоматикамен белгіленеді («мишень» симптомы). Шоктық әдіс науқастың және оның туыстарының рұқсатымен қатаң көрсеткіштермен қолданылады.
Емдеу этаптары: 1-этап - психикалық бұзылыстарды тексеру; 2-этап - стационардағы психопатологиялық бұзылыстарды ұзақ емдеу; 3-этап - көмекші ем (рецидивке қарсы) және реаблитация (рациональді психотерапия, еңбек терапиясы, әлеуметтік терапия).
Маниакальді-депрессивті психоз (МДП) - эндогенді психикалық ауру, депрессия немесе манияның айқын фазасы тәрізді өтеді, қарапайым интермиссиямен көрінеді. Жеке өзгерістер болмайды және дефектінің пайда болуына әкелмейді.Айқын және бір типті ұстамалар, психикалық бұзылыстың болмауы және жеке дефект МДПді шизофрениядан айырады. Аурудың таралуы әртүрлі, жиналған мәліметтер бойынша 0,4-1% құрайды. Ер адам мен әйел адамдардың қатынасы - 1;3,
Этиопатогенез.МДП және басқа да аффективті психозда тұқымқуалаушылық 70-80% құрайды. Аффективті бұзылыста негізгі рольді нейромедиаторлы жүйе арасындағы әртүрлі тепе-теңдік санымен қатар, сезімтал адренорецепторлар бұзылысы құрайды. ВНД-ң негізгі патологиялық ошағы ми қыртысының қозуы, үлкен ми қыртысына маниакальді фазада таралады, ал депрессивті жағдайда теріс индукция әсерінен қыртыстың тежелуін шақырады.
Клиникасы. Типті фазаны (депрессивті немесе маниакальді) аффективті бұзылыстар бойынша лекцияда толық талқыланды.
Атипті формада маниакальді және меланхолиялы жағдайдың клиникалық көріністерінің толық емес типі бойынша, гетеротипті продуктивті психопатиялық және самотовегетативті бұзылыстар және экзогенді факторлардың қосымша әсер етуімен немесе ошақ көзімен сипатталады. МДПдың атипті формасының кейбір түрлері, шеткі психоздар пр аталатыны МДП және шизофренияға өтеді деген пікір бар.Циклотимия – циркуляторлы психоздың әлсіз айқындалған түрі, жеңіл аффективті бұзылыстар (субдепрессия және гипомания) бүкіл ауру барысында сақталады (жеңілдетілген және амбулаторлы вариант, ағымы МДП).Ағымы. Ауру негізі 20-40 жастан бастап басталады.Пайда болуы, ағымы және ұстаманың қайталануы биологиялық ритммен, аймен және тәулікпен байланысты. Ұстаманың пайда болуы және қайталануы жиі көктем және күзде, жағдайы тәуліктік тербеліске тән. Ұстаманың реттілігі және жиілігі индивидуальді, МДП ағымды типі бойынша бөлінеді; 1. биполярлы; 2. монополярлы; 3. альтернирлеуші.
Емі. Депрессивті фазада антидепрессивті препараттар қолданылады. Психомоторлы тежелу көрсеткіші болса АД мен активті әсер ететін – мелипромин (трфранил) тағайындайды. Егер депрессия, үрей және ажитациямен қосылса, АД мен седативті әсер ететін – амитриптилин береді. Сирек жағдайда ЭСТ (3-5 сеанс) тағайындайды. Маниакальді фазада нейролептиктер және седативті препараттар тағайындаймыз: аминазин, тизерцин, галоперидол, литий тұзы, транквилизаторлар.Пайда болу фазасының профилактикасы литий тұзы мен финлепсин (карбамазепин).