Дәріс курсы қ останай, 2021 Пікір сарапшылар


ТАҚЫРЫП. САҢДЫРАҚТЫҚ ЖӘНЕ АФФЕКТИВТІ БҰЗЫЛУЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ



бет34/47
Дата14.09.2023
өлшемі0,77 Mb.
#107721
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47
8 ТАҚЫРЫП. САҢДЫРАҚТЫҚ ЖӘНЕ АФФЕКТИВТІ БҰЗЫЛУЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ


1. Сандырақ туралы жалпы түсінік.
2. Сандырақ түрлері мен формалары.


1-сұрақ. Паронойяльды синдром - елестеушілігі жоқ жүйелі сандырақ белгілері. Әр түрлі фактілерді жүйелі әңгіме арқылы басқаша түсіндіру. Бұл синдромда сезімнің бұзылуы, жалған және шын елестеушіліктер, психикалық автоматизмдер болмайды. Негізінде: қудалау, жаңалық ашу, қызғану түрінде кездеседі.
Параноидтық синдром (Кандинский-Клерамбо синдромы) - сандырақ бейнелі болып,сезіну процестерібұзылады. Кандинский мен Клерамбо дәлелдеген жалған елестеушілік пен психикалық автоматизмдер кездеседі. Есіту елестеушілігі жиіленеді. Сандырақ ойлардан көбіне әрекет пен қудалау сандырағы басым болады.
Психикалық автоматизмдердің үш түрі болады:
а) Ассоциативті автоматизм - еріксіз пайда болатын, күшпен енгізілген бөтен, қолдан жасалған ойлар. Ауру адамға өзінің ойлары сөйлеп тұрғандай көрінеді, дауыс ретінде естиді және осы ойларын айналадағылардың бәрі білетіндей көрінеді. Дауыстап сөйлеп, жалған елестермен ой арқылы пікір таластырады.
б) Қозғалыс автоматизмі деп ауру адамдардың қозғалысы өз еркімен емес басқа күштің әсерімен болатын жағдайларды айтамыз. Сөзі де, қимылы да шеттен, басқа бір күштердің әсерінен сияқты көрінеді.
в) Сенестопатиялық автоматизм – бұл жағдайда тек ойлар мен қозғалыстар ғана емес аурудың сезімдері де басқа күштердің әсерінен болғандай көрінеді. Олар күйдіргенді, шанышқанды немесе бір нәрселердің тері астындағы жыбырлағанын сезеді. «Дәретке бару баялайды, тәбеті төмендейді, жыныстық қозуыды тоқтатты» деп көпшілігінде көрінеді. Бұл синдромдар шизофрения ауруында кездеседі.
Парафрендік синдромда аурулар өздерін құдаймыз, дүние жүзінің қожасымыз, «бәрі менің қолымда» деп ойлайды. Осы ауру көбіне шизофрения ауруында болады.
Жабысқақ синдром. Невроздарда, баяу ағымды шизофренияда кездесетін синдром жабысқақ ойлардан, үрейлерден тұрады.
Эмоциялық синдромдар.
а) Маникальды синдром деп көтеріңкі көңіл-күй, жылдам келетін ойлар және сөйлеу мен қозғалыс белсенділігі байқалатын белгілерді айтамыз. Ауру адамдар қоршаған ортада болып жатқан жағдайларға байланыссыз, өте қуанышты сезімде болады.
б) Депрессивті синдром да үш белгіден тұрады:
1. қайғылы көңіл күй;
2. баяу ойлар;
3. сөйлеу мен қозғалыс тежелуі.
Аурулар себепсіз қайғырып, зарығып, өздерін - өздері жәбірлейді. Мүлде үндемей немесе қозғалмай қалулары мүмкін.
Бұл жағдайлар маникальді – депрессивті психозда, шизофреннияда кездеседі.
Апатиялық синдром
Көбіне шизофренияда, органикалық ми ауруларында кездесетін әлсіздік, селсоқтық, дәрменсіздік белгілері байқалады.
Кататониялық синдромдар.
Қозу және кататониялық ступор болып екіге бөлінеді.
1. Кататониялық қозу кезінде бағытталмаған, мағанасыз сөз және жалпы қозғалыста көрінеді. Бір сөзді немесе сөйлемді қайталай беретін жағдайларды – вербигерация дейді. Қасындағылардың айтқаның қайталай беретін жағдай – эхолалия, істеген әрекетін қайталаса – эхопраксия дейміз. Дәрігердің. қоршаған адамдардың айтқанын керсінше жасаса- негативизм белгісі орын алады. Қиқандап, бет әлпетін өзгертіп, кенетен қаша жөнеліп, киімін шешіп тастап, түкіріп, басқалардың көзінше жыныс мүшесін қоздыруы да мүмкін.
2. Кататониялық ступор көбіне қозудан кейін білінеді. Аурудың бұлшық еттерінің тонусы жоғары болса да, қозғалмайды. Қоршаған ортадағы жағдайларға көңіл аудармайды, ыстық, суыққа, қарны ашқанға, ауырғанда, тіпті бомба жарылғанға да қарамай бір қалыпты отыра береді. Жатқан орнынан қозғалмай, бір бағыттан ауыспаса оны балауыз иімділікті ступор дейді. Сағаттап, тәуліктеп жата (отыра) береді [70, 12 б.]..
Қозғалмау бағыттан өзгертуге жасалған әрекеттерге қарсылық жасауды – негативтік ступор деп атайды.
Корсаков синдромы (амнестикалық синдром ).
Кейінгі болған оқиғалар естен шығарылып, бұрыңғы оқиғалар есте сақталып қалу жағдайын алғаш С.С Корсаков деген аттақты орыс ғалымы зерттеген. Жақында болған оқиғаларды ұмытып, оның орнына болмаған жағдайларды айтады. Басқаша айқаны өтірік, оған басқаларды сендіруге тырысуды конфабуляция дейді. Бұл синдром уланғанда, маскүнемдікте, мидың органикалық ауруларында кездеседі.
Астениялық синдром.
Әр түрлі психикалық және соматикалық аурулардан кейін болатын жағдай. Организмнің әлсіреуі және психикалық зорығу. Назардың, ойлау қабілетінің нашарлауы, жоғалуы, ашуланшақ, жылауық енжар, селсоқ болып ауру адам өмірден түңіледі.
Психопатия тәрізді синдромдарда аурудың мінез – құлқының өзгергені, тәртібінің нашарлағаны білінеді. Бұл синдромдар арасында ерекше орынды ақылдың кемістігі байқалады. Бұл психика нашар дамығандықтан туа пайда болатын немесе психикалық аурулардың нәтижесінен болатын жағдайдың бірі.
Туа пайда болған ақылдың кемістігінде (олигофрения ) адамда жалпы психика жетілмейді.
Жүре пайда болған ақылдың кемістігінде (деменция) кейбір аурулардан кейін мидың органикалық дөрекі зақымдануы орын алады. Аурудың есі төмендеп, жекелік ерекшеліктері жоғалады.
Сандырақ – ойлаудың бұзылуы, мағынасыздық, шынайылыққа және ойша пайымдауға сәйкес келмейтін, сонымен бірге субъектіге қате пікір екенін түсіндіруге мүмкін болмайтынын білдіретін түсінік. Сандырақ көптеген психикалық аурулардың белгісі, яғни оның мазмұны әр түрлі болуы мүмкін: қуғынға ұшырау, улану,қызғаншақтық, маңыздылық т.с.с.
Сандырақтың екі түрі бар: біріншісі, когнитивтік (танымдық) сфераның бұзылғанында - ауру өзінің ауытқыған сандырақтарын субъективті дәлелдеулерін «логикалық» жолмен бекітеді, екіншісі, сенсорлық сфераның бұзылғанында – аурудың кейбір сипаты, қиял мен фантазия басым болуымен өтеді. Кейбір жағдайларда сандырақ қорқудың аффективті көрінісімен, яғни ылғи қауіп төніп тұрғандай болуымен де сипатталады.
Сандырақтың бірнеше формалары бар: Сандырақ – шындыққа сәйкес келмейтін, түзетуге болмайтын ойлар немесе шындыққа сәйкес келмейтін қате пікір. Оған қарым-қатынас, уландыру, әсер ету, кінәлау, қызғану, кемсіту, ұрлау сияқты ойлар жатады. Қарым-қатынас сандырағы, мұндай сандырағы бар ауруларға айналадағы адамдар жаман қарайтын, оған күлетін, ол туралы сыбырласқандай болып көрінеді. Мұндай сандырақтарды ерекше маңызды сандырақ ойлар дейді. Әрекет сандырағында аурулар өздеріне көзқарас, гипноз, белгісіз аспап, теледидар мен радио толқындары арқылы әсер етеді деп санайды. Нақтылы соңына тусу сандырағы. Мұндай ауруларға әр қадам сайын басқа адамдар ие мекемелер соңына түскендей болады. Кінәлау сандырағы кезінде аурулар оларды кінәлайтыны туралы айтады. Мысалы, ауру адам өзін жұмыстан шығарады деп ойлап, дәрігерге келіп оның алдына құжаттарын қойып, тезірек жұмыстан шығаруын талап етеді. Кемістік пен тонау сандырағы қартайған адамдардың қан тамыры зақымданған және басқа психоздарда болады. Үйлерінен заттардың тоналып, ұрланып жатқаны сияқты т.с.с. көрінеді. Қызғану сандырағы соңына тусу сандырағының бір түрі. Қызғану сандырағы маскүнемдерде жиі болады. Мұндай ауруларда әйелінің (күйеуінің) опасыздығын дәлелдейтін жүйе қалыптасады. Өзін-өзі қорлау сандырағы мұндай аурулар өзін бір нәрсеге кінәлімін деп санайды, олар айналадағыларға ауру жұқтырамыз деп санайды. Олар өзін мүсәпірміз деп санайды [71]..
Ипохондриялық сандырақ. Мұндай аурулар өздерін рак, туберкулез, сияқты жаман аурулармен ауырамыз деп санайды. Мұндай аурулар дәрігердің дәлелін жоққа шығарады. Нақұрыс сандырағы бар аурулар өздеріне сырттан күш енген (шайтан, кейде бақа мен жылан сияқты) деп санайды. Ұлылық сандырағымен ауырғандар өздерін көп ақшаның (мыңдаған, миллиондаған), сарайлардың, автомашиналар мен ұшақтардың иесімін деп санайды. Сандырақ – шындық болмысқа сәйкеспейтін түсініктер мен ой қорытындылары; бұлардың дұрыстығына патологиялық тұрғыда сенімді субъектіге олары қате деп иландыру мүмкін болмайды. Сандырақ көптеген психикалық аурулардың нышаны болып табылады; бұл орайда оның мазмұны әр алуан болуы мүмкін: біреу қуғандай, уландырғандай сезімнің сандырағы, қызғаныш, ұлылық сандырағы және т.б. сандырақтың екі түрі ажыратылады: біріншісінде когнитивтік сала бұзылады – ауру өзінің бұрмаланған пайымдауын «логикалық» жүйеге біріктірілген бірқатар субъективтік дәлелдемелермен қуаттайды, екінші түрінде сенсорлық сала да бұзылады – аурудың сандырағы құрғақ қиялдау басым бейнелік сипатта болады. Қайдайда бір жағдайларда сандырақ қорқыныш, негізсіз алаңдау, беймәлім қауіп-қатерді сезудің аффектілік көріністерімен қабаттасады. сандырақты аса құнды идеялар дейтіннен ажырата білу керек – мұндай идеялар кезінде белгілі бip нақты өмірлік мәселе психикалық тұрғыдан сау субъектінің санасында шектен тыс (аса құнды) мәнділікке ие болады.
Сандырақ қорқыныштар – психотравмалық жағдайлардан (аутохтонды) тәуелсіз пайда болады және коррекцияға келмейді. Ол күйзеліспен, елеңдеумен, қоршаған адамдардан күдіктену, өзіне және жақындарына қауіптену сезімімен бірге жүреді. Психотикалық деңгейлегі (елестетушілік) басқа симптомдармен үйлесуі және психомоторлы алаңдаушылық эпизоды мен соматовегетативті зақымданулармен бірге жүруі мүмкін. Шизофренияда кездеседі, бас миының экзогенді-органикалық ауруларының эпизоды және психогенді зақымданулар кезінде сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет