Түнгі қорқыныштар – түс көру кезінде оянғаннан пайда болады. Осы кезде балалар қорықаннан дірілдейді, айғайлайды, өзінен бірдеңкені қуады, олардың бет әлпетінде қорқыныш байқалады. Әдетте таңертең амнезия жағдайы байқалады яғни, балалардың есінде түнгі қорқыныш ұстамалары жайлы мүлде ештеңе жоқ болады. Психогенді зақымданулар кезінде, түрлі неврозтәріздес күй-жағдайларда кездеседі.
Сараланбаған қорқыныштар – заттық емес, соматовегетативті Диэнцефльді криз кезінде белгіленеді. Дисморфомания синдромы- өзінде қандай да бір ойлап табылған немесе жоғары бағаланған сырт келбеті немесе функциясының физикалық деффектісі бар екеніне сендіруде көрінетін қарапайым синдром. Бұл синдром онтогенетикалық маңызға ие және жасөспірімдік кезеңдерде жиі кездеседі. Басты симптомдары: өзінің физикалық деффектісіне асыра бағалы және сандырақ сендірушілік, -косметикалық дисморфомания немесе денеден шығатын жағымсыз иістер (ішкі газдардың, ауыздан шығатын иістер, т.б.), - парфюмерлі дисморфомания. «Кемтарлығын» түсіндіруде көбінсе «тағдырды» немесе туған-туыстарын кінәлайды. Міндетті симптомдар – гипотимді кернеулі эффект (көңіл-күй фоны), кейде жеткілікті деңгейдегі айқын депрессия, сенситвті ойлар, «айна симптомы»- яғни, өзіне шамадан тыс ұзақ және зейін қойып айнаға қарауы (өзінің «кемтарлығын», деффектісін айқындайтын қосымша ерекшеліктерді іздеу) немесе айнаға қараудан мүлде бас тарту. «Фотосурет симтомы»- яғни, қосымша жарақаттық жағдайдан қашу мақсатында фотосуреттерін жойып жіберу; физикалық деффектісін ресми, өз бетімен дәстүрлі емес медицинаның көмегімен коррекциялау мақсатындағы аутодеструктивті қылық-әрекеті [72]..
Қосымша симптомдар- кататимді сипаттағы иіс сезу галлюцинациясы, синестопатия, деперсонализациялы – дереализациялық зақымданулар. Дисморфоманияға диссимуляцияға бейімділік сай келеді, ол мынадай сипатқа ие: психиатрмен әңгімелесуде арыз – шағымдары жасырын болады, ал хирург немесе косметологтармен сөйлескенде ашық айтады. Дисморфомания көбінесе монотемалы. Дисморфоманиялық күйзелістер мен ойлар сандырақ әрекеттерге әкеп соғады: ауру адамдар «деффектісін» маскировкалауда түрлі тәсілдерді қолданады, оны жасыруға тырысады, қарым-қатынастан қашады. Бұнда дисморфоманикалық ойлар 1-ші орында болмайды, ал қоршаған ортадан қашу қажеттілігі тұрады, себебі «кемтарлық» ортақ күлкіге таңқалуға әкеп соғады. Кейде суицидалық мақсаттар да кездеседі. Сонымен дисморфоманияның патогномикалық синдромы симптомдар триадасы болып табылады, яғни: физикалық кемшіліктер ойлары, қарым – қатынас ойлары және жабыраңқы көңіл-күй болады.
Дисморфофобия - психотикалық деңгейдегі зақымданудың жеңіл түрі болып табылады. Қандай да бір физикалық кемістігіне баланысты невротикалық сипаттағы жабысқақ қорқыныштар. Дисморфомания сидромы – жасөспірімдік кезеңге тән реакциялар түрінде (көбіне қыздарда), мінез акцентуациясы және психопатия кезінде; реактивті дисморфомания түрінде, шизофрения кезінде (параноидті немесе қатерлі) кездесуі мүмкін. Рудиментарлы дисморфофобия дені сау жасөспірімдерде өтпелі реакция түрінде кездеседі.
Жүйке анорексия синдромы- дене массасын азайтуға және тамақтан сандық және сапалық бас тартуға шамадан тыс ұмтылуымен сипатталатын синдром. Көбінесе жасөспірім қыздарда немесе жас әйелдерде кездеседі, ал ұл балалармен үлкен жастағы әйелдерде сирек кездеседі. Басты симптом: дене массасының артықтығына сандырақ сенушілік. Міндетті симптомдар: дене массасын азайтуға бағытталған қылық – әрекеттер тамақтануда шектеулер немесе мүлде бас тарту, арнайы физикалық ауыртпалықтар, дәрі-дәрмектер қабылдау және т.б.Қосымша симптомдар: сенситивті ойлар, анорексия немесе булимия, соматоэндокриндік зақымданулар.
Жүйке анорексия негізінде «толықтыққа» байланысты дисморфоманиялық ойлар жатыр. Алғашқы этаптарында тәбет ұзаққа дейін сақталады, ал тағамнан бас тарту артық тамақтану ұстамаларымен эпизодты бұзылады (жүйкелік булимия). Бұл өз алдына, күй – жағдайдың жақсаруы жайлы жалған әсер тудыруы мүмкін, бірақ соңынан соматикалық асқынуларға әкеп соғатын алғашқы артық тамақтану сипаты бекітіледі. Диссимуляцияға беімділік байқалады, яғни: оңаша тамақтануға ұмтылу, оны байқатпай жойып жіберу, т.б. Бұндай пациенттер тағамдардың каллориялық деңгейімен толық танысады. «Салмақпен күресу» түрлі қосымша әдістермен жүзеге асырылады:
- физикалық жаттығулармен айналысу;
- дәрі-дәрмектерді қолдану, клизмалар;
- құсықты жасанды жолмен жүзеге асыру.
Жоғарыда аталған «салмақпен күресу» әдістерін таңдау пациенттің преморбидті ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, истероидті тұлғаларға дәрі – дәрмек, клизмаларды қолдану тән болса, психастениктерге- тағамға шектеулер қою және физикалық жаттығулармен айналысу тән. Жүйкелік анорексия синромы өзінің дамуында 3 этаптан өтеді: дисморфоманикалық, аноретикалық және кахектикалық. Жүйкелік анорексия пубертантты кезеңдегі психогенді ауруларында да және шизофренияда да кездесуі мүмкін.