Дәріс мақсаты: Мәдениет морфологиясын, мәдениет тілін қарастыру Қарастырылатын сұрақтар


В. Йегер «Грек мәдениетінің идеяларынсыз ертедегі дүние тарихи кезең болып өмір сүре алмас еді, ал Батыс Еуропалық мәдениет дүниеге келмеген болар еді



бет3/6
Дата22.11.2023
өлшемі57,63 Kb.
#125095
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 (1)

В. Йегер «Грек мәдениетінің идеяларынсыз ертедегі дүние тарихи кезең болып өмір сүре алмас еді, ал Батыс Еуропалық мәдениет дүниеге келмеген болар еді» деп айтқан.
Грекияда негізінен мәдениеттің аристократиялық (ақсүйектік) түрі кеңінен таралған, ал оның негізінде терең генеалогиялық дәстүрлер жатыр. Г.Е. Жураковский «көп жылдық Афины мектептеріндегі білім берудің түпкі мақсаты оқушыларға афин қоғамының толық құқылы мүшесі екендігін толық сездіру болып табылады» деп жазды. Мәдениеттің мақсаты адам бойында ойлау, пікір айтып пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімді дамыту болды.
Жаңа заманда 17-19 ғ.ғ мәдениетін көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну оған шындық тұрғысынан баға беру қайта қаралып жаңа мазмұнға ие болды. Ағартушылық кезеңі буржуазиялық қайта құруларға, терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы тарихи, әрі рационалды кезең болып саналады. Мәдениет теориясына үлес қосқан өз өкілдері болды. Олар Англияда Толанд, францияда Вольтер мен Монтескье, Германияда Лессинг, Шиллер, Гете.
Ж.Ж. Руссо сол кездің өзінде ақ ғылым мен өнердің адамдардың табиғатын өзгерте алатынына күмән келтірді. Руссоның пікірінше ғылым мен өнердің дамуына байланысты адамдардың «табиғи» жағдайы бұзылады, адамгершілік кері кетеді, қоғамдық теңсіздік орын алып, адамның бостандық сезімі аяққа басылады.Ол былай жазды: «Адам еркін болып туады, бірақ ол өз тіршілігін әр қашанда күреспен өткізеді». Адамзатты қоғамдық тарихи тұрғыдан нақтылы қарастырғандардың бірі Джанбаттиста Вико. Ол адамзат тарихының үйлесімділік мәселелріне баса назар аудару негізінде «адамзат баласының үздіксіз даму» идея бойынша барлық ұлттар өз дамуында үш дәуірді басынан кешірді «құдайлар ғасыры», «батырлар ғасыры», «адамдар ғасыры».
Ұлы неміс философы Иммануил Кант (1724-1804) «ақыл ойға» табынған.Оның ойынша «мәдениет табиғаттан бостандық патшалығына» барар жол, ендеше Кант ілімінің маңыздылығы оның мәдениеті гуманистік тұрғыдан қарастыруында.19 ғ. Мәдениет мәселелерімен айналысқан ғалымдардың бірі Эдуарт Бернетт Тайлор (1832-1917) болды. Ол «мәдениет жөніндегі ғылым реформалар жөніндегі ғылым» деп тұжырымдай отырып, мәдениетті үздіксіз даму үстіндегі процесс деп қарастырды. Тайлор өрениет кең, әрі этнографиялық мағынада білімен наным сенімдерден, өнерден, адамгершіліктен, заңдардан, салт дәстүрлерден, және қоғамның мүшесі ретінде адамның игерген дағдылары мен түрлі қабілеттерінен құралады деп есептеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет