Дəріс мазмұны 1-ДƏріс тақырыбы: батыс еуропада феодалдық Қатынастардың пайда болуы мен дамуы


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет12/31
Дата14.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#50130
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Білімін тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Г. Тюдор билік басына қашан келді ? 
2. Ағылшын абсолютизімінің ерекшелігі неде ? 
3. Англиядағы Реформация мен Германиядағы Реформацияны салыстыр. 
Ұсынылатын әдебиет: 
1. Штокмар В.В. Экономическая политика Английского абсолютизма в эпоху его рацвета.
Л., 1962.
2. Исаенко А.В. Пуританская реформация в Англии в XVI – начале XVII века.
Орджоникидзе, 1980.
3. Руденко О.А. Контрреформация в Англии при Марии Тюдор // Англия в эпоху 
абсолютизма. М., 1984.
12-ДƏРІС 
ТАҚЫРЫБЫ: 
ХҮІ-ХҮІІ 
ҒҒ. 
БІРІНШІ 
ЖАРТЫСЫНДАҒЫ 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР. 30-ЖЫЛДЫҚ СОҒЫС.
ХҮІ-ХҮІІғғ. халықаралық қатынастар жүйесінде өтпелі кезеңдердің бірі болды. 
Географиялық ашылулар, капиталистік қатынастар Еуропадағы күштердің қарым-
қатынасының орнын ауыстырды. 
Вестфаль бітімі, Католиктік Лига, Протестанттық Уния, чех кезеңі, Ришелье, дат 
кезеңі. 
Сұрақтары: 
1. ХҮІІ ғ. бірінші жартысындағы халықаралық қатынастардың сипаты. 
2. 30 жылдық соғыстың кезеңдері. 
3. Вестфаль бітімі. 30 жылдық соғыстың аяқталуы. 
30 жылдық соғыстың тарихы дәст‰рлi т‰рде төрт кезеңге бөлінеді яғни: 1) чех-пфальц 
кезеңi 1618-1623 жж. 2) дат кезеңi 1625-1629 жж. 3) швед кезеңi 1630-1635 жж. 4) швед-
француз 1635-1648 жж.
1564 жылы II Фердинанд өлгенге дейiн Габсбург иелiктерi оның ‰ш ұлының арасында 
бөлiндi: ‰лкен ұлы, болашақ император II Максимилиан Австрияны, Чехияны және 
Венгрияны алды; екiншi ұлы Карл – Штирияны, Каринтияны және Крайнаны, ‰шiншi ұлы 
Фердинанд – Тироль, Швабия және Эльзасты алды. II Максимилианнан мұралықтың негiзгi 
бөлiгi оның екi ұлына – Рудольфпен Матвейге өттi, олар бұны к‰рестiң нәтижесiнде бөлiп, 
‰лкенi император II Рудольф тек Чехияда қалды. Ал II Матвей Австрияны, Моравияны, 
Венгрияның бөлiгiн алды. Мұралықты бөлу ‰шiн болған к‰ресте Матвей мен Рудольф 
жергiлiктi оппозициялық қозғалыстан өздерiне жақтаушылар iздедi. Венгрия, Австрия, 
Чехиядағы оппозиционерлерге дiни және саяси еркiндiктер бердi. Баласыз II Рудольф 1612 
жылы өлгеннен кейiн Австрияда, Чехияда, Венгрияда Матвейдiң қолына бiрiктiрiлдi және 
оған империялық тәж өттi. Матвей де баласыз болды, оның мұрагерлерi император I 
Фердинанд келесi немересi, Карлдың баласы - Фердинанд Штирский болуға тиiс едi. 
Фердинанд Штирскийдiң мұрагерлiкке енуi (болашақ император II Фердинанд) Поршневтiң 


ойынша 30 жылдық соғыстың бастамасы. Яғни, Габсбургтер ‰йiнiң саясаты өзгердi. 
Фердинанд Штирский iс ж‰зiнде мұралыққа Матвей өлгенге дейiн екi жыл бұрын 1617 
жылдың соңында ендi, яғни, осы кезеңге дейiн болған саясат к‰рт өзгертiлдi. 
Кейiнгi орта ғасырлар тарихының капитализм генезисi кезеңiнде халықаралық 
қатынастардың мазмұндық негiзi де өзгерiске ұшырады. Х‡I-Х‡II ғғ. халықаралық
қатынастар және Х‡II ғ. елеулi оқиғасы 30 жылдық соғыс тарихына тоқталып, осы мәселеде 
шешушi роль атқарған немiс, чех, швед, орыс тарихшылары. Бұл авторлар 30 жылдық 
соғыстың өздерiне жақын оқиғаларын зерттеуге атсалысты. Мысалы, чех тарихшылары 30 
жылдық соғыстағы чех мәселесiн, орыс тарихшылары соғыстағы Ресейдiң орнын т.б. 
Соғыс тарихнамасындағы ерекше орынды немiс тарихшылары алады. Себебi, бұл соғыс 
Германияның тарихи тағдырында ерекше орында болды. Немiстердiң тарихи әдебиетiнде 30 
жылдық соғыстың көрiнiстерi Х‡II ғ. көрiнiс тапты. Сол ғасырдың көзi ашық адамдарын 
Германияның саяси тағдыры терең ойландырды. Осы кезеңде соғыстың орны туралы 
көзқарастарды жазушылар мен ақындардың шығармаларынан кездестiремiз. Осындай 
жазушының қатарына Мартин Опиц (1597-1639) жатады. Ол ақындардың бiрiншi 
силезиялық мектебiнiң өкiлi болды және немiс ғылыми классицизiмiн жақтаушыларды 
бiрiктiредi. Мартин Опицтiң ең белгiлi шығармасы «Песни утешения среди бедствий войны» 
(1621-1633). Ол еңбегiнде өзi өмiр с‰рiп отырған немiс қоғамының кемшiлiктерiне 
тоқталады, немiс халқына соғыстың тигiзген ауыртпалықтары туралы батыл айтты. Опиц 
‰шiн бейбiтшiлiк пен ұлттық бiрлiк ең жоғарғы қасиет. 
Германияның саяси тағдыры туралы мәселе көтерген келесi патриот, Опицтiң 
оқушысы Пауль Флемминг (1609-1640). Ол Х‡II ғ. ең талантты ақындарының бiрi едi.
Автордың 30 жылдық соғыстың зардаптары туралы жазылған «Господину Олеарию» (1630); 
«Ода на новый 1633 г.» атты еңбектерi бар. 
30 жылдық соғыс тарихнамасында ұзақ уақыт бұл тек Германия тарихына 
байланысты оқиға деген көзқарас сақталды. Соғыстың iшкi герман мәселесi жағына ‰лкен 
тарихи әдебиет арналған. Мысалы, соғыстың дiни сипатын көрсеткен Х‡III ғ. алдыңғы 
қатарлы ақыны, жазушысы, тарихшысы Ф. Шиллер және тарихшылары М. Риттер және Г. 
Винтер. Бұл бағыт өкiлдерi шет мемлекеттер iшкi герман к‰ресiне араласып, iшкi 
қайшылықтан әлсiреген елге ендi дейдi. Ф. Шиллердiң 30 жылдық соғысқа байланысты
«Тарихи шығармалар жинағында», «30 жылдық соғыс тарихы» атты шығармасы және 
соғыстың басты кейiпкерлерiнің бiрi А. Валленштейнге арналған «Валленштейн» атты 
поэмасы бар. Орыс және кеңес тарихшылары бұл соғыстың барысына т‰пкiлiктi тоқталған 
жоқ және шет ел тарихнамасымен салыстырғанда бұл мәселемен айналасушы тарихшылар 
саны аз. Ал мәселемен шұғылданған тарихшылар соғыстағы Ресейдiң рөлiн ашуға ғана 
ұмтылған. Мысалы, бұрынғы кеңес тарихшылары – О. Л. Вайнштейн. Тарихнамадағы аса 
маңызды орынды чех тарихшылары – Б. Шинделарж, И. Полишенский, М. Грох, И. Яначек 
иеленедi. ФРГ тарихшыларының да ‰лесi аса мол. Мысалы, I. Burkhardt, H. Langer, G. Parker, 
K. Repgen, G. Schormann т.б. Бұл авторлардың көпшiлiгi соғысқа байланысты өз 
еңбектерiнде төмендегiдей сұрақтарға жауап iздейдi: 30 жылдық соғыс саяси қақтығыс па, 
әлде дiни қақтығыс па?; 30 жылдық соғыстағы чех мәселесi, Германияның бытыраңқылығын 
заңды т‰рде бекiткен Вестфаль бiтiмi ме?; 30 жылдық соғыс орталық еуропалық соғыс па, 
әлде жалпы еуропалық соғыс па? т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет