Дəріс мазмұны 1-ДƏріс тақырыбы: батыс еуропада феодалдық Қатынастардың пайда болуы мен дамуы


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет9/31
Дата14.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#50130
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Білімін тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Еуропадағы капитализм генезисіне әкелген факторлар жиынтығы. 
2. Капитализмнің қайтарымды және қайтарымсыз т‰рі. 
3. Капитализм генезисі және Еуропа елдерінің дамуындағы айырмашылықтар мен 
ұқсастықтар. 
4. Америкадағы алғашқы ағылшын отарларын атаңыз ? 
5. Отарлаудың мақсаты, т‰рлері, тәсілдері. 
6. Отарлық экспансияның жетекші Еуропа мемлекеттерінің экономикалық дамуына әсері. 
Ұсынылатын әдебиет: 
1. Бродель Ф. Материальная цивилизация, экономика и капитализм. Х‡-Х‡ІІІ вв. М., 1986, 
1988, 1992. Т. 1-3. 
9-ДƏРІС ТАҚЫРЫБЫ: ХҮІ-ХҮІІ ҒҒ. БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ГЕРМАНИЯ.
Кейінгі орта ғасырлардың қиындықтары көрініс алған мемлекеттердің бірі Германия болды. 
Дəл осы мемлекетте еуропалық Реформация басталды, осының негізінде конфессиялық 
негізде Германия саяси жағынан екіге бөлінді. 
Реформация, контрреформация, гуманизм, конфессия, император, Лютер. 
Сұрақтары: 
1. ХҮІғ. Германияның экономикалық, əлеуметтік-саяси құрылымы. 
2. Неміс Реформациясы. Мартин Лютер. 
3. Шаруалар соғысы, оның барысы. 
4. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. барысындағы Германиядағы саяси күрес. 
ХҮІ ғасырда Европа феодалдық қоғамдық құрылыстан капиталистік құрылысқа өтіп 
жатты. Ортақ əлемдік нарық қалыптасты. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, сана мен 
көңіл-күй, жаманшылық пен жақсылық туралы түсінік өзгерді. Феодалдық дворян өзінің 
үйреншікті тірегінен айырылып, үстемдігін одан ары жалғастыру жолдарын іздестірді. Ескі 
мемлекеттік шекаралар жойылып, абсолюттік монархия қалыптасты. 
Бұл процестер Орталық Европада шегеріліп қалды. Себебі, аталмыш территорияда 
Қасиетті Рим империясы əлі де өмір сүріп отыр еді. Орта ғасырларда қалыптасқан түсінік 
бойынша, бұл империя «мəңгілік» жəне бүкіл əлемді қамтуы қажет еді. Көптеген католиктік 
мемелекеттер бүкіл орта ғасырлар бойы (православиялық мемлекеттерді айтпағанның өзінде) 
ішкі жəне сыртқы істерінде Қасиетті Рим империясының алдында бағынышты 
болмағанымен, император христиан монархтарының ішінде аса үлкен орында иеленді жəне 
жетекші ретінде мойындалды. Германияның өз территориясында жəне бірқатар көрші 
мемлекеттерде император беделі ХҮІ ғасырларда өмірдің шындығы еді. 
Əрине, Германиядағы император билігі француз, ағылшын, испан корольдерінің өз 
еліндегі билік құқығымен салыстыруға келмейтін. Мысалы, Майнц архиепископы, 
рейхстагтің тұрақты төрағасы ретінде императордың поляктар, итальяндықтар жəне өзге 
халықтар қоныстанған, əртүрлі тілде сөйлейтін аймақтар болды. Осы аймақтар мен елдердің 
ішінде – Швейцария, Солтүстік Нидерланды, Чехияның дамуындағы өзгешеліктерге қарап, 
бұл мемлекеттердің империяға қатыстылығы тек сөз жүзінде ғана екендігін байқауға 
болатын. Ал Бельгия, Лотарингия, Бургундия, Италия сияқты аймақтардың қожалары 
Франция мен Испанияның корольдері еді, бірақ бұл аймақтар да империяның иелігі болып 
есептелді. Неміс князьдерінің көпшілігі өз алдына тəуелсіз билеушілер болып кеткен еді. ХҮ 
ғасырдың ортасынан бастап, императорлық таққа тек Габсбургтер династиясының өкілдері 
сайланатын. Бұл династияның Дунай аңғарында өте ірі мұралық иеліктері болды, Чех тəжі 


мен Венгрияның түріктер жаулап алмаған территориясы Габсбургтер династиясының иелігі 
болды. Габсбургтердің испан бұтағының Испанияда, Португалияда, Америкада, Африкада 
иеліктері жəне Азияда тірек аймақтары болды. Орталық Еворпаға түрік қысымы күшейген 
кезде Габсбургтер династиясының қажеттілігі артты. Чех, венгер, австрия жерлері түріктерге 
қарсылық жасау үшін біріктіріліп, Дунай бойындағы көп ұлтты сьезге тікелей өз 
вассалдарын шақыруына қарсылық білдіре алатын. Император рейхстагтің қабылданған 
шешімдерін тоқтату құқығын иеленгенімен, бұл шешімдерді қайта қарату құқығын иеленген 
жоқ. Рейхстаг шешімдері дауыс берушілерге ғана міндетті деген түсінік кең таралған еді.
Империяның құрамында немістер, фламандықтар, француздар, чехтар, мемлекеттің 
басында Габсбургтер династиясы тұрды. ХҮІ ғасырларда Габсбургтер Батыс Европаны 
мұсылмандардан қорғап тұрған қорған ретінде көрінді. 
Германиядан тыс жерлерге көп көңіл бөлінгендігі соншалық, император германияның 
өзінде билігін күшейтуге мүмкіндігі аз болды. Орта ғасырлардың соңында Батыс жəне 
Орталық Европада шіркеуге деген қарым-қатынас өзгерді. Ертеде бірнеше ғасырлар бойы 
католиктік шіркеу феодалдық құрылыстың тірегі, оның ұйымдастырушы жəне жетекші күші 
болды. Діни феодалдар үстемдік етуші топтың ең ауқатты жəне қуатты тобы болды. 
Феодализмнің құлдырауы ең алдымен католиктік шіркеуге əсер етті, оның беделі құлдырады, 
қоғамдағы орны төмендеді. Көптеген елдерде реформация басталды – ол дін иелерінің 
артықшылықтарына, оның рухани, саяси үстемдігіне қарсы болды. Кейінірек реформацияны 
жақтаушыларды протестанттар деп атай бастады. Көптеген феодалдар осы қозғалысқа 
қосылып, феодалдық жүйенің орнын жоюды көздеді.
Еуропаның бірқатар елдерінде, ең алдымен Герман империясында князьдар, ру 
ақсүйектері, дворяндар, қалалықтар діни мекемелердің территориясын, мүліктерін басып ала 
бастады. Кейбір шіркеу сановниктері, солардың ішінде архиепископтар, еписткоптар 
католик шіркеуінен қол үзіп, олардың мүліктерін тартып ала бастады. Католик шіркеуі өз 
артықшылығынан оңай айырылғысы келген жоқ. Император Ү Карл жəне оның ізбасарлары 
реформацияны қоғамдық жəне мемлекеттік құрылымның негізін қиратушы процесс ретінде 
қабылдады. Шіркеу мен сенім бірлігінің бұзылуынан империяның бірлігінің де негізіне 
нұсқан келді. Князьдар мен дворяндар протестанттар қатарына өтіп, шіркеу мүлкі арқылы 
байып, император билігіне қарағанда өзінің саяси қуатын арттырды.
Дегенмен, неміс княздарының басым бөлігі реформацияға қарсы күресте императорды 
жақтады. Европаның көптеген экономикалық, саяси, мəдени байланыстары бар елдері - 
Испания, Австрия, Оңтүстік Германия үшін Рим мен Италияда қол үзу алдағы 
қиыншылықтардың бастамасы еді. Сондықтан олар шіркеумен қол үзбеуге тырыса отырып, 
оны өзіне тиімді келісімдер арқылы қызмет еткізуге тырысты. 
ХҮІ ғасырдың басында Германия саяси артта қалғандығына қарамастан 
экономикалық жағынан өзге европа елдеріне шамалас еді. ХҮІ ғасырдың ортасынан елдің 
экономикалық артта қалушылығы байқала бастады, ол Германияның бытыраңқылығына да 
байланысты еді. Германия арқылы өтетін халықаралық жолдар өзінің бұрынғы белсенділігін 
жоғалтты. Германия мыңдаған бөліктерге бөлініп кетті.
Германия өзінің бірнеше ғасырларға созылған саяси бытыраңқылығы мен кейінгі орта 
ғасырларда елеулі тарихи оқиға болып табылатын жаңа географиялық ашылуларға қатыса 
алмауынан, сол кезеңдерде Батыс Европадағы абсолюттік монархиялық құрылыс берік 
орнаған Англия, Франция сияқты елдермен салыстырғанда, əлемнің басқа елдерімен сауда-
саттық байланысы əлдеқайда артта қалған болатын. Германияның мұндай тарихи 
оқиғалардан томаға-тұйық оқшаулануының объективті жəне субъективті себептері болды. 
Кейінгі орта ғасырлар мен жаңа заман дəуірінің тоғысында Батыс Европалық 
Франция, Англия, Испания, Португалия жəне Нидерланды сияқты елдердің территориясы 
негізінен осы күндердегі шамасында қалыптасып, ұлттық мемлекеттер деңгейіне дейін 
көтерілсе, Германия бірнеше курфюрстарға бөлінген саяси жағынанан бытыраңқы ел болды. 
Оның үстіне жоғарыда аталынып отырған себептерге байланысты Франция, Англия, 
Испания жəне Португалия сияқты елдердің сыртқы саясатының нысанасына айналды. 


Əсіресе осы елдердің ішінде Франция үшін Германияның бір орталыққа бағынған мемлекет 
ретінде қалыптасуы тиімсіз еді. 1618 жылы басталып, 1648 жылы Вестфаль бітімімен 
аяқталған отыз жылдық соғыс неміс князьдары үшін ғана емес, бүкіл неміс халқы үшін 
қасіретті оқиға болды. Бұл соғыстың шығуына діни жіктеліс сылтау болғанымен негізгі 
себебі орта ғасырлық дамудың шеңберінен əлі де шыға қоймаған австриялық 
Габсбургтермен испандық Габсбургтер жəне дамуы жағынан ерте буржуазиялық даму 
сатысына аяқ басқан Франция арасындағы Европа құрлығындағы біріншілікке таласқан 
бəсекелестік күрес болды. Австриялық жəне испандақ Габсбургтер құрған «Қасиетті Рим 
империясындағы» əлсіз буын болып табылатын Германия қақтығыс аренасына айналды. 
Отыз жылдық соғыстың тікелей нəтижесі болып табылатын Германияны территориялық 
жағынан бөліске салу, князьдардың саяси билігінің шектелуі, Германияның назарын басқа 
европалық елдер сияқты ортарлар үшін бəсекелестен тек өзінің саяси жəне территориялық 
бірлігі үшін күреске аударды.
Германияның тарихи дамуына тəн ерекшеліктері оның əрбір бөліктерінің 
араларындағы экономикалық қарым-қатынастардың нашарлығында жəне мұндағы 
орталықтандыру процесінің тек жеке провинциялары мен территориялардың масштабында 
ғана өткендігінде болды. Германияда болған экономикалық өзгерістер мен сауда саттық 
байланыстардың ұлғая түсуі елдің саяси бытыраңқылығын бекіте түсті. Германияның 
орталығы барған сайын əлсірей түсті. Неміс княздерін империялық реформаның жолдарын 
іздеуге мəжбүр болды. ХҮ ғасырдың 80-жылдары оңтүстік-батыс Германияда «Швабия 
одағы» деген атпен ірі саяси жəне соғыс бірлестігі құрылды.
Германияның саяси дамуының көрсеткіші – бұл ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы княздардың 
жетістігі, олардың император билігіне жол бермеуі. Бұған Люксембургтегі графтық атақ 
Генрих ҮІІ (1308-1313) мысалға келтіруге болады. Ол өзінің баласын Чехия королінің 
мұрагер қызына қосты. Ондағы мақсаты сол елге билік жүргізу еді. Осыдан кейін ол 
Италияға жорық жасайды. Генрих ҮІІ өлімнен кейін таққа Габсбургте туған австриялық 
герцог Фридрих Красивыймен Вительсбахта туған герцог Людвиг Бавар (1314-1347) 
шайқасты. Бұл шайқаста Людвиг Бавар жеңіске жетті. Германияның Иоанна ХХІІ папасы 
қаржылық жəне саяси қарсыластықта Людвигті қолдады. Оны антипартиялық оппозициялар 
да қолдады. Бұл оппозиция неміс бюргерлері мен клирдің бір бөлігінен тұрады. 
Германиядағы ақсүйектер билігінің қарсыластары Марсилий Падуан папасы жəне Вильям 
Оккам папасы да болады. Людвиго бұдан кейін 1327-1330 жылдары Италияға жорыққа 
шықты. Шайқастың өткірлігін пайдаланған неміс князьдары чех королін жəне Люксембург 
əулетін көрсетуші маркграф Карлды таққа отырғызды. 
Германия үшін ХҮІ ғасырлар қала өмірінің өркендеуімен жəне қолөнер кəсібі мен 
сауданың одан əрі өсе беруімен сипатталады. Германияның экономикалық өмірінің 
ерекшелігі оның өскелең жəне өркендей бастаған қалаларының арасындағы тығыз қарым-
қатынастардың нашарлығы болған еді. Қолөнер кəсібі мен сауданың өсуі ХҮ ғасырда жалпы 
германдық рыноктық қарым-қатынастың пайда болып, бүкіл елдің бірыңғай экономикалық 
орталығының құрылуына əкеліп жеткізе алмады.
Германияның дүниежүзілік сауда жолдарының түйіскен торабына орналасуы 
маңызды болды. ХҮ ғасырдың қарсаңында Германияда жүн маталарын өңдеп шығару 
Еуропаның өзге елдеріндегі сияқты алыстағы рыноктарға жұмыс істеуші өндірістің басты 
саласы болды. Солтүстіктегі германдық жерлерде қой шаруашылығының айтарлықтай 
дамуы жəне ел ішінде негізгі бояғыш заттардың болуы шұға өндірісі үшін қолайлы болды. 
ХҮ ғасырдың соңынан бастап жəне ХҮІ ғасырда мақта-мата мен полотно өндірісінің 
сапасы бірсыпыра табыстарға қол жеткізді. Бұлар тек жергілікті рыноктарға ғана емес, 
сонымен қатар Италия мен Испанияға жəне басқа елдерге де шығарды. Металл өңдеу ісі де 
жетілдірілді. Металл өңдеуге Нюрнберг қаласы маманданды. Германияның бытыраңқылығы 
өндірістің жаңа салаларының пайда болуына кедергі келтіріп отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет