Ұсынылатын əдебиет:
1. Риза Шайбани. Иран тарихы. Алматы, 2002.
22-ДƏРІС ТАҚЫРЫБЫ: ХІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТҮРКИЯ.
ХІ-ХІІ ғасырларда Кіші Азия территориясында алғашқы түрік мемлекеті пайда болды.
Сыртқы саясатында Византиямен күрес жүргізді. ХІІІ ғ.
екінші жартысында монғол
шапқыншылығына ұшырады.
Селжүк, Осман империясы, Орхан, Данышменилер, Иконий сұлтандығы.
Сұрақтары:
1. ХІ-ХІІ ғасырларда Кіші Азия территориясында алғашқы түрік мемлекеті.
2. Данышменилер, Иконий сұлтандықтары жəне олардың əлеуметтік-экономикалық
құрылысы.
3. ХІІІ ғ. екінші жартысындағы сұлтандықтардың құлдырауы.
4. Сельжүк мемлекетінің монғол үстемдігінде болуы.
ХІ ғасырдың соңына қарай Кіші Азияда жаңа қуатты мемлекет – Түрік Осман
империясы құрыла бастады. Бұл мемлекеттің негізін ХІ
ғасырдың басында Сырдария
алқабынан қоныс аударған оғыз (түркмен) тайпасының Қайлы руы қалады. ХІ ғасырдың 30-
жылдарында ағайынды Тогрул-бек пен Чағырыл-бек Селжүктер көршілерінен бас сауғалап
қол астындағы 1000-ға жуық отбасымен Иранға қоныс аударды. Газневидтер мемлекетіне
вассалдық тəуелсіздікте
болуға келісіп, Хорасанды мекендеуге рұқсат алды. Біраз жылдан
кейін Газневидтерге қарсы көтеріліске шығып, 1040 жылы
Данденакан маңында олардың
əскерін талқандап, жеңіске жетті. Тогрул-бек (993-1063 жж.) сұлтан атанып, 1040-1050
жылдар аралығында Хорезмді, бүкіл Иранды, Əзірбайжанды, Күрдістан
мен Иракты басып
алып, өз билігін орнатты. 1055 жылы Бағдад қаласы да селжүктер қол астына көшті. Алып
Арслан кезінде (1063-1072 жж.) 1064 жылы Армения басып алынды. 1071 жылы селжүктер
Манцикерт маңында Византиялықтарды жеңді. 1071-1081 жылдар аралығында селжүктер
кіші Азияны т.б. жерлерді жаулап алды.
Мəлік-шах сұлтан тұсында (1072-1092 жж) селжүктер мемлекеті саяси қуаттылығы
бойынша өзінің шырқау шегіне жетті. Бұл кезде олар Грузияны,
қарақандар мемлекетін
басып алды. Сонымен қатар, бұл кезде феодалдық бытыраңқылық та орын алды. Селжүктер
құрылған бірнеше сұлтандықтар пайда болып, олар орталық үкіметке номиналды түрде ғана
бағынышты болды. Олар керман, Рум, Сирия сұлтандықтары. Бірінші крест жорығынан
кейін селжүктер Палестинадан,
кейінірек Сириядан, Кіші Азияның теңіз жағалауынан,
Грузиядан айырылды.
1118
жылы селжүктер мемлекеті Мəлік-шах балаларының арасында бөліске түсті.
Санжардың үлесіне астанасы Мерв болған шығыс облыстар, Махмудтың үлесіне Батыс Иран
мен Ирак тиді. 1141 жылы қарақытайлықтардан жеңілген Санжар Орта Азиядағы билігінен
айырылды. 1153 жылы балхтық оғыздар көтеріліске шығып, Марыны, Нишапурды, Тусты,
Хорасан қалаларын тонады.
Санжар өлген соң, 1157 жылы Хорасандар селжүктер билігі
жойылды. 30 жылдық феодалдық қырқыстан кейін, Керманды
Хорасан мен Батыс Иранды
хорезмдықтар басып алды. Селжүктер тек Кони сұлтандығын сақтап қалды. 1243 жылдан
бастап, Иранда билік құрған монғол елхандарының вассалдарына айналды. 1307 жылы ұсақ
княздықтарға бөлініп кетті. Сол княздықтардың бірі – Осман мемлекетінің ядросы болды. І-
Осман Гази өз үлесіне тиген бейлікте 1282-1324 жылдары билік құрды. Эмираттың астанасы
Бурса қаласы болды. Осман əкесінен қалған мұраны Кіші Азиядағы Византия империясының
есебінен ұлғайтқан болатын. Осман жақсы қаруланған, қатаң тəртіпке бағынған əскер құрды.
Османның баласы Орханның тұсында Византияның Кіші Азиядағы иеліктері түгел Осман
эмиратына қосылып, империяға айнала бастады.
Достарыңызбен бөлісу: