Осман түріктері Балкан түбегі мен Кіші Азияны жаулап алды. Халықаралық жағдайы
шиеленісті, феодалдық қарым-қатынастар дамыды.
Ленник, тимариоттар, заимдар, хасса, харадж, джизья.
Сұрақтары:
1. Кіші Азиядағы түрік əмірліктері, мемлекеттік құрылысы.
2. Осман түріктерінің Балкан түбегіндегі жаулап алушылықтары.
3. ІІ Мехмедтің аграрлық реформалары.
4. Жаулап алған жерлердегі əлеуметтік жəне діни саясаты.
Түркияда жер мемлекет меншігі болды. Жердің едəуір бөлігі феодалдарға уақытша
пайдалануға берілді. Уақытша берілген жер ленник деп аталды. Ол екі категорияға бөлінді:
тимариоттар, заимдар. Əскери лендер басым болды. Леннің иесін сипахилер деп атады. Олар
сұлтанның атты əскерінде қызмет атқарып, өздерінің лендік мөлшеріне байланысты əскер
шығаруы керек болды. Ірі əскери лендер хасса деп аталды. Балқан жерлеріндегі христиандар
уақыт өте келе мұсылман дінін қабылдады. Халықтың басым бөлігі – шарулар өздерінің жер
үлестерін мұрагерлікпен пайдаланды. Харадж, джизья салықтарын төлеп отырды. Барлық
халыққа салынатын ақшалай салық испандже деп аталды.
ХҮ ғасырдың 20-жылдарында Баязит балалары арасындағы араздық басталып, Түркия
мемлекеті қайта күшейген кезде олар назарын қайтадан Константинопольге аударды. 1422
жылы түріктер Константинопольді қоршап алды. Бірақ, елде ақсүйектер бүлігі басталған
соң, ІІ Мұрат қоршауды тастап, елге қайтуға мəжбүр болды. Византия Македония мен
Фракиядағы бірсыпыра қалаларды түріктерге беруге мəжбүр болды. Сөйтіп, византиялықтар
бұрынғы ұлан-ғайыр территориясының аз ғана бөлігін сақтап қалды. 1430 жылы түріктер
Византияның ең ірі экономикалық орталығы Фессалониканы алды. 1452 жылы түріктер
Константинопольді басып алуға дайындала бастады. 1453 жылы Византия астанасын
қоршады. 1453 жылы 29 мамырда византиялықтар толық жеңілді.
ХҮІ ғасырда Осман империясы Балқан түбегін толық бағындырды. Осман
империясын кірген жерлер ірі əскери-əкімшілік бірліктерге-улəяттарға бағынды, олар
санджактарға бөлінді. Көптеген шіркеулер мешіттерге айналдырылды.
Достарыңызбен бөлісу: