мемлекетті солай атаған. Анатолия – қазіргі Түркияның 97 %, территориясының тек 3 %
ғана Еуропада орналасқан. ХҮ-ХХ ғасырлардың басында түрік мемлекеті – Осман
империясы Азия мен Еуропаның үлкен бөлігін иеленіп алды, Африкада да отарлары болды.
Бұл мемлекет өзінің қуаты асқан ғасырларда (ХҮІ-ХҮІІ) Осман империясының құрамына
Анатолиядан басқа Греция, Болгария, Сербия, Далмация, Босния, Герцоговина, Венгрия,
Трансильвания, Албания, Македония, Фракия, Молдавия, Валахия, Қара теңіздің солтүстік
жағалауы, Азов, Қырым, Грузияның оңтүстік
жағалауының бөлігі, Армения, Күрдістан,
Сирия, Ливан, Палестина, Месопотамия т.б. территорияларда қамтыды.
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы халықаралық қайшылықтардың үш түйіні көрсетіледі.
Біріншісі – теңіздің арғы жағында сауда мүдделері бар Испания, Франция, Англия жəне ХҮІІ
ғасырдан бастап Голландия мемлекеттерінің мүдделерінің қайшылықтар болды. Екіншісі -
ХҮІ ғасырда пайда болып, ХҮІІІ ғасырда түпкілікті түрде қалыптасты. Ол еуропалық
державалар мен Осман империясының қарым-қатынасына байланысты. Үшіншісі – Балтық
теңізіне үстемдік үшін жасалған ұмтылыстар. Бұл мəселелер ХҮІ ғасыр мен ХҮІІ ғасырдың
басында ерекше маңызға ие болды. Бұл үш мəселе бір-біріне əсер етіп, халықаралық
қатынастарда қайшылықты мəселелер тудырды. Осы жылдардағы дипломатиялық қызмет
Германия мен Англияның протестант княздарымен байланысын нығайту жəне осман
империясымен жақындасу бағытында жүргізілді. Осы жылдардағы дипломатиялық қызмет
төменгі бағыттарда дамыды: Германия мен Англияның протестант княздарымен
байланыстарын нығайту, Осман империясымен жақындасу.
Батыс Еуропамен Осман
империясының арасындағы байланыстар ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда шиеленісті. Папа мен герман
императорлары өсіп келе жатқан түрік қаупінен қауіптенді. Батыс Еуропа мемлекеттері мен
Осман империясының арасындағы тікелей байланыстар ХҮ ғасырдың 60-70 жылдарынан
басталады. Түрік сұлтандары Батыс Еуропадағы күштердің орналасуын жіті бақылап отырды
жəне еуропалық қақтығыстардың ушыққан кезінде əскери күштері мен одақтарын ұсынып
отырды. Франк-Габсбург қайшылықтарының одан əрі өсіп, Осман империясының өз билігіне
Венгрияны өткізуге ұмтылыстары ең бірінші түрік-франк қатынастарын өмірге əкелді. Ол
каптиуляция деген атпен белгілі. Итальян соғыстарының соңына қарай Франция мен Осман
империясының арасындағы қатынастардың сипаты өзгерді. Оған халықаралық жағдайдың
өзгеруі жəне Францияның ішкі жағдайы əсер етті.
Османдардың жаулапалушылық жорықтарын ешкім тоқтата алмады: оңтүстік-шығыс
Еуропаға османдарды жетектеген Сүлейменнің өлімі де (1357 ж.), Орхан өлгеннен кейін
басталған биліктегі өзара күрес те, билік басына Мұраттың келуі де (1362-1389),
византиялықтардың Галлиполидегі осман иеліктерін жаулап алуы да болашақ жаулап алу
жорықтарына кедергі бола алмады. Əскери қолбасшылары Хаджи Ильбей Эверенос-бей,
Михал-бей Туракханның басшылығымен османдықтар негізгі үш бағытта: батыс, Эгей
теңізінің жағалауы; солтүстік-батыс, рим заманынан белгілі Адрианополь мен Софияны жəне
Белградты қосатын «патша жолдары»; жəне солтүстік Қара теңіз жағалауына қарай
жаулаушылық жорықтарын бастады. Османдардың əскери экспедициясының мəні де өзгере
бастады: жорықтар тонаушылық сипаттан гөрі, алым-салық төлейтін халықтарды бағындыру
сипаты басым бола түсті. Бірақ бұл өзгерістерді балкан билеушілері жете бағалай білмеді.
1371 жылы Черномен түбінде (Мариц өзені) Османдарға қарсы құрылған бірінші одақ
талқандалды. Бұл ұрыстан кейін османдарға қарсы тұратын күш əлсіреп, османдардың өзі де
тактикасын
өзгертіп, балкан феодалдарын Мұратқа вассалдары ретінде бағындыруға
тырысты.
Осман империясының ұдайы жүргізген басып алу соғыстарының мемлекеттің саяси-
экономикалық дамуына кері əсерін тигізді. Империя ішінде саяси жəне экономикалық
дағдарыстың кең етек алу қаупі төнді. Сұлтандық биліктер бұл жағдайдан шығудың бірден-
бір жолы басып алушылық соғыстарды жалғастыру арқылы түземек болды. Мысалы, 1576 ж.
Мұрат- ІІІ (1574-1595) сефевидтік Ираннан Закавказьені тартып алып, Иран мен Ресейді
жалғастырып жатқан волга-каспий сауда жолына бақылау орнату үшін өз армиясын жаңа
жаулап алу соғысына бағыттады. Он төрт жылға созылған əскери қимылдар, түріктерге
қарсы соғыспен бір мезетте Қорасандағы өзбектерге қарсы соғыс жүргізуге тура келген
Аббас шахты 1590 ж. Стамбул бейбіт шартын жасауға мəжбүр етті.
Стамбул шартына
сəйкес, Иран Түркияға Шығыс Гүрзі мен Шығыс Арменияны, Əзірбайжанды түгелдей дерлік
жəне Батыс Иранды берді.
Содан екі жыл өткен соң, яғни, 1592 ж. Осман империясының Австрияға қарсы венгер
жерлері үшін ұзаққа созылған соғысы басталды. 1605 ж. осман күштерінің Еуропада
шоғырланғандығын жəне Анадолыда «джелялий бүлігінің» өршуін пайдаланған Аббас шах
Закавказьеде қайтадан əскери қимылдарды бастады. Порта тез арада Габсбургтермен өз
қақтығысын реттеуге мəжбүр болды. І Сүлейменнің билігі тұсында Осман империясы өз
қуатының жоғарғы деңгейіне қол жеткізді. Египетті жаулап алғаннан кейін түрік флоты
Родосты жаулап алды. Осының нəтижесінде османдықтар жерорта теңізінде өз үстемдігін
нығайтты. Осман сұлтаны өз билігін Мароккодан Жерорта теңізінің бүкіл африкалық
жағалауына таратты. Еуропада Сүлеймен Габсбургтер династиясымен күресті. Оңтүстікте
османдар Қызыл теңіздің барлық жағалауы мен Йеменді басып алды. Қызыл теңіз арқылы
сауда жасауға кедергі болып отыр деген желеумен Үнді
мұхитынан португалдықтардың
қуып шығуға ұмтылды. Бағдадты жаулап алғаннан кейін Иран шахын бейбіт келісімге қол
қоюға мəжбүр етті. Келісім бойынша Батыс Армения, Батыс Грузия, Ирак Турцияның
қолына өтті.
Қырық алты жылғы өз билігінің барысында Сүлеймен он үш əскери жорыққа шықты,
оның оны Еуропаға қарсы бағытталған еді. Венаны алу, Үндістанның жағалауына
экспедиция, Мальтаны жаулап алуға ұмтылу – осы шаралардың барлығынан өз державасын
əлемдік империяға айналдыруға деген жаулап алушылықтардың кең бағдарламасын көруге
болады. Тарихшылардың көрсетуі бойынша Осман империясының тұрғындарының саны 25-
30 млн. адам болды. Осы уақыттағы түрік сұлтандарының иеліктері
шығысынан батысына
дейін 7 мың км. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін 5 мың км. созылды. 50 жылдың ішінде
Осмвн империясының 14 ірі қаласының тұрғындарының саны екі есе өсті. Тұрғындарының
санының өсуіне осман түріктерінің билеушілерінің саясаты да қолайлы болды. Олар қала
өмірінің тұрақты болуына, қалалықтардың өмірінің қолайлы болуына ықпал етті. Қалаларды
орталық биліктің тірегі ретінде қарастыра отырып, ислам дінінің, мəдениетінің орталығы
ретінде есептеп, азық-түлік пен шикізаттың тиімді бағамен болуына, салықтың аз болуына
жағдай жасап отырды. ХҮІ
ғасырда осман империясы Шығыс, Еуропа елдерімен сыртқы
сауда байланыстарын жасап отырды. Шығыстық тəтті тағамдар, жібек, қымбат бұйымдар
Египет пен Сирия арқылы транзиттік сауда жолдарымен өтіп отырды.Сауда республикалары
түріктерге салық төлеп Осман империясының территориясында сауда жасауда
артықшылықтар алып отырды.
Достарыңызбен бөлісу: