Дəріс мазмұны 1-ДƏріс тақырыбы: батыс еуропада феодалдық Қатынастардың пайда болуы мен дамуы


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет5/31
Дата14.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#50130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Білімін тексеруге арналған сұрақтар: 
1. ХІ ғ. соңындағы Батыс Еуропаның феодалдық құрылысының негізгі сипаты ? 
2. Инвеститура дегеніміз не ? 
3. Верден келісім шарты қашан жасалды және оның барысында қандай мәселе шешілді ? 


4. Италияның саяси дамуы қандай сипатта болды ? 
Ұсынылатын әдебиет: 
1. Тейс Л. Наследие Каролингов. ІХ-Х века. М., 1993. 
 
5-ДƏРІС ТАҚЫРЫБЫ: ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН 
ДАМУЫ.
Феодалдық қоғамның бір ерекшелігі феодалдық қалалардың пайда болуы мен дамуы болды. 
Ол қоғамдағы жаңа топтың қолөнершілер мен көпестердің пайда болуына алып келді. 
Сұрақтары: 
1.Х-ХІғғ. Батыс Еуропадағы шаруашылық өмірдегі өзгерістер. 
2. Қаланың пайда болуына қатысты тарихнама. 
3. Қолөнер мен сауда орталығы ретінде феодалдық қаланың өсуі. 
4. Сауданың жəне кредит ісінің өсуі. Феодалдық қоғамдағы товар-ақша қатынастары жəне 
əлеуметтік-экономикалық өмірдегі өзгерістер. 
Қалалардың қолөнер мен сауда орталығы ретінде пайда болуы, орта ғасыр мәдениетін 
дамытуда ‰лкен маңызы болды. Кейбір батыс еуропа елдерінде пайда болған қала мәдениеті
католик шіркеуінің көптеген ғасырлар бойы оқу-ағарту саласындағы монополиясына алғаш 
рет қарсы шықты. Феодалдарға және шіркеулерге қарсы дамыған қала мәдениеті өзінің даму 
жиегін қолөнершілерді алды. 
Орта ғасырлық қалалар сауда жолдарының қиылысында, өзен өткелдерi маңында, 
адамдар шоғырланатын жерлерде пайда болды. Көбiне шағын қалашықтар қорғаныс 
мақсатында iрi замоктардың қалқасында орналасты. Феодал оларға қорған болды, әрине өз 
пайдасын да ұмытқан жоқ. Феодалдар қолөнершiлердi өздерi шақырып, оларға қорған 
болуға, жеңiлдiктер жасауға уәде еттi. Феодалға қаладан пайда т‰сiп отырды. Ол қалада бас 
төрешi болды және басқару билiгiн өз қолында ұстап отырды. Қолөнершiлермен қатар 
қалаларға саудагерлер кеңiнен қоныстанды. Еуропаның т‰пкiрлерiнен әкелiнген тауарлар 
қалалардың базар алаңдарында сауданы қыздыра т‰стi. Базар ортағасырлық қаладағы ең 
басты орын болды. Базарда сауда ғана жасалып қойған жоқ, қалалықтар осы араға жиналып, 
маңызды мәселелерiн шешiп отырды. Саудагерлер қала халқының ең дәулеттi бөлiгi болды, 
сондықтан басқаларға өз өкiмiн ж‰ргiздi. Қаладағы ең бай отбасылар өзара туыстасып, уақыт 
өте келе бiрыңғай топқа – патрициатқа айналды. Патрициат м‰шелерi өз мырзалары рұқсат 
берген мөлшерде қала өмiрiне басшылық жасады. Әр қаланың өз соты, әкiмшiлiгi болды. 
Қала құқықтары хатқа т‰сiрiлiп, бұл жазбалар мұқият сақталды. Ең басты артықшылық өз 
базары болуға тиiстiгi едi. Қала халқы айтарлықтай тез өстi. Қалада дiни адамдар көп тұрды. 
Қалалар тек қана ‰лкен елдi мекен болып қана қойған жоқ, олар жаңа өмiр салты, жаңа 
д‰ниетаным, жаңа адамдар қалыптасты. Орта ғасырлық Еуропа кейпiне айтарлықтай өзгерiс 
енгiзген осы қалалар болды.
Батыс Еуропада орта ғасырлық қалалар қолөнер мен сауда орталығы ретiнде 
Италияда, Францияның оңт‰стiгiнде (Марсель, Арль, Нарбонн, Монпелье,Тулуза, Монтобан 
т.б.) пайда болды. Себебi мұнда IХ ғ. бастап-ақ Еуропаның басқа аймақтарына қарағанда 
феодалдық қарым-қатынастардың ертерек өркендеуi өндiргiш к‰штердiң елеулi дәрежеде 
өркен жаюына және қолөнершiлiктiң ауылшаруашылығынан бөлiнуiне алып келдi. 
Итальяндық және оңт‰стiк француз қалаларының пайда болуына және өркендеуiне әсер 
еткен тағы бiр тиiмдi фактор - Италия мен оңт‰стiк Францияның Византиямен және басқа 
сол кездегi даму дәрежесi өздерiнен жоғары болған Шығыс елдерiмен сауда байланысы 
болғандығы едi. Х-ХI ғғ. қалалар солт‰стiк Францияда да, Нидерландыда, Англияда, 
оңт‰стiк-батыс Германияда, Рейн мен Дунай бойында да пайда болды. ХI ғ. Фландрия 
графтығында қалалар көбейдi. Фландриялық қалалар - Брюгге, Ипр, Гент, Лилль, Дуэ, Аррас 
және басқаларының ж‰қа шұға өндiруiмен даңқы шықты және олар Еуропаның көптеген 
елдерiн шұғамен жабдықтайтын.
Қалалардағы тұрғындардың көпшiлiгi қолөнершiлер болды. Орта ғасырлық қалалар 
өзiнiң сырт көрiнiсi жөнiнен қазiргi қаладан м‰лде өзгеше болды. Олар әдетте мұнаралары 
және қалың қақпалары бар тас дуалдармен, сол сияқты феодалдардың және жаулардың 


басқыншылығынан қорғаныс ретiнде терең қазылған орлармен қоршалатын. Қала шетiндегi 
қыстақтардың айналасы өз кезегiнде жаңа дуалдармен бекiнiстермен қоршалатын. 
Қалалардың көлемi тым шағын болатын. Әдетте олардағы тұрғындардың саны 3-5 мың 
адамнан аспайтын. 80-100 мыңнан астам адамдары бар Париж, Милан, Венеция, Флоренция, 
Кордова, Севилья сияқты қалалар өте аз болды.
Ортағасырлық қала феодал жерiнде пайда болғандықтан оған бағынуға мiндеттi 
болды. Алғашқы қала тұрғындары кейбiр жағдайларда қала сеньорына бағынышты болды. 
Олардың қолында барлық қала билiгi шоғырланды. Қала феодалға бiрталай пайда 
әкелгендiктен алғашқы кезде олар қаланың пайда болуына м‰дделi болды. Феодалдардың 
қаладан табатын пайданы өсiруге деген ұмтылысы коммуналдық қозғалыстарға алып келдi.
Коммуналдық қозғалыс қала мен феодал арасындағы Батыс Еуропаның барлық 
территориясында Х-ХIIIғғ. пайда болған қозғалыс. Алғашында қалалықтар феодалдық 
қанаудың ауыр т‰рiнен құтылу ‰шiн к‰рестi. Кейiн қаланың өзiн-өзi басқаруы сияқты саяси 
мiндеттер де пайда болды. Бұл к‰рестiң нәтижесi оның экономикалық г‰лденуi мен саяси 
құрылымының деңгейiн анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет