Дəріс мазмұны 1-ДƏріс тақырыбы: батыс еуропада феодалдық Қатынастардың пайда болуы мен дамуы


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет10/31
Дата14.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#50130
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
Орта ғасырлар бойынша дәрістер

Білімін тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Реформация қарсаңындағы Германияның саяси дамуы қандай сипатта болды ? 


2. Неміс гуманизімінің ерекшелігі неде ? 
3. Мартин Лютер ілімінің негізі ? 
Ұсынылатын әдебиет: 
1. Колесницкий Н.Ф. «Священная Римская империя»: притязания и действительность. М., 
1977. 
2. Немилов А.Н. Немецкие гуманисты ХҮ века. Л., 1979. 
10-ДƏРІС ТАҚЫРЫБЫ: ШВЕЙЦАРИЯДАҒЫ РЕФОРМАЦИЯ. ЕУРОПАДАҒЫ 
ФЕОДАЛДЫҚ РЕАКЦИЯ ЖƏНЕ КОНТРРЕФОРМАЦИЯ.
Еуропалық Реформациялық қозғалысқа қарсы феодалдық үкіметтің жауабы реакция болды. 
Реформаторлардың барлығын жер аударып, өлім жазасына кесіп, еңбектерінің барлығы отқа 
өртелді. Бірақ, реформаторлық қозғалыс бүкіл Еуропаға тарап кетті. 
Сұрақтары: 
1. Реформация қарсаңындағы Швейцариялық одақтың жағдайы. 
2. Ульрих Цвингли жəне оның ілімі. 
3. Жан Кальвиннің реформациялық ілімі. 
4. Феодалдық реакция жəне контрреформация. 
Реформациялық iлiмдердiң iшiнде өмiршең болып, дәл сол кезеңнiң талаптарына жауап 
бере алған бұл – кальвинизм. ХVII ғасырдан бастап, Кальвин iлiмiнiң мәнi, қоғамда атқарған 
рөлi зерттеле бастады. Өз iлiмiн дамытуда Кальвин тек жалпы реформациялық жағдайларды 
пайдаланумен шектелмедi. Көп жағдайда ол өзiнiң алдындағы реформаторлардың алдына 
қойған мәселелерiн аяқтап қана қоймай, бұл iлiмдi толықтырды. Лютер мен Цвингли 
негiзiнен құдайлық бастама теориясының негiзiн қалыптастырды. Ал Кальвин бұның 
абсолюттiгiн және өзгерiссiздiгiн баса көрсеттi. Кальвинизм көрсеткiштерiнiң жиынтығымен 
сол дәуiрдiң әлеуметтiк-экономикалық және этикалық ж‰йесi өте тығыз байланыста болды. 
Кальвин мемлекет мәселелерiне де өте көп көңiл бөлдi. Адам мен қоғам Кальвин iлiмi 
бойынша «к‰нәһар». Құдайдың құдiретi бойынша қоғамды басқару ‰шiн мемлекеттер 
қалыптасады. Ақс‰йектiк билiкке құдай заңы бойынша басқаруға құқық берiлген. Билеушi 
билiгi құдай iс-әрекетiмен шектелiп отырады. Ары таза емес билеушiлер мен тирандарды 
құдай жазалайды, бұл халық көтерiлiсiнен көрiнiс табады. Бiрақ бұның барлығы Кальвиннiң 
Библиядан алған жалпы постулаттары едi. Iс ж‰зiнде Кальвин құқықтың тиранияға 
қарсылығын талқылағанда аса сақтық жасады. Кальвиннiң көрсетуiнше ол тек төменгi 
билiкке сословиялық өкiлеттiлiк мекемелерге тән болды. Кальвиннiң мемлекет туралы 
концепциялары шынайы өмiрге негiзделдi. Мемлекет басқарудың ең дұрыс т‰рi Кальвин 
бойынша олигархия, ең нашары - демократия. Кальвин өз алдына шiркеудiң мемлекеттiк 
билiктен тәуелсiздiгiн сақтауды мақсат етiп қойды. Оның көрсетуiнше билiк басындағылар 
шiркеу қызметкерлерiнiң кеңесiне ден қоюға тиiстi. Iс ж‰зiнде бұндай ‰йлесімділікке қол 
жеткiзу м‰мкiн болмады. 
Шет елдiк тарихнама капитализм генезисi процесi мен Реформацияның себептiк 
байланысын жоққа шығарып, Реформацияның әлеуметтiк-экономикалық шарттылығын 
мойындамайды. Кальвин iлiмiндегi мәселелердiң iшiндегi негiзгiлерiнiң бiрi - байлықты 
иелену, оны пайдалану және этика. Нидерландыдағы кальвинистiк шiркеу ортодоксальдық 
принциптен шықты, яғни, адамдардың жердегi iстерi құдайдың қасiретi. Адамдардың 
мамандық қызметi шiркеу заңымен анықталады, оның жетiстiгi тазалықтың өлшемi болып 
табылады, бiрақ ол ортақ м‰дденi жеке м‰ддеден жоғары қоюға тиiстi, яғни тек баюды ғана 
көздемей, құдайдың жердегi тапсырмасын орындау. Егер Лютерде бұл постулат к‰нделiктi 
жанды құтқару болса, кальвинизм бұны құрал ретiнде қарастырады. Дәл осы жерде 
консервативтi лютерлiк iлiмiнен кальвинизм iлiмiнiң революциялық сипаты көрiнедi. 
Кальвин iлiмi бойынша байлық – ең ауыр сындардың бiрi. Ал осы байлықтан т‰сетiн 
табысты дұрыс пайдаланбау бұдан да өткен к‰нә. Кальвинизм бойынша ақша әрқашан iсте 
болуы керек – өнеркәсiпте, саудада, несие саласында және де процент арқылы бұл ақшадан 
пайда табу да ұят нәрсе болып есептелмедi. Кедейлiк кальвинистердiң ойынша жоғарғы 
қасиет емес едi. Еңбек етушi адам еңбекке барлық к‰шiн берiп, аптасына алты к‰н, қажет 


болса жетi к‰н еңбек етуге тиiстi болды. Кальвинизмнiң дамып келе жатқан капитализммен 
органикалық байланысын көрсететiн келесi белгi, бұл кальвинизм iлiмiнiң солт‰стiкке де 
оңт‰стiкке де сауда-өнеркәсiп, қолөнер және өнеркәсiп орталықтарында дамуы. Және де 
сословиялық туа бiтетiн құқықтарға негiзделген феодалдық құрылымға қарсы 
кальвинизмнiң iлiмi революциялық шақыру болды. Кальвинизм iлiмi барлық атрибуттар 
құдай iсiне еш қатысы жоқ, ол сыртқы адамның ар тазалығымен өлшенедi, ал жетiстiгi оның 
мамандығымен анықталады деп көрсетедi.
Нидерландыдағы кальвинизмнiң шаруашылық этикасы негiзiнен жаңа қатынастардың 
жетiлмеуiне дәл келедi, сауда капиталының басымдылығымен сипатталды. Кальвинизм 
этикасында сол кезде басым болған меркантилистiк көзқарастар ‰стемдiк еттi. Ол елдегi 
көпестiк олигархия билiгiнiң алғашқы қорлану кезеңiне дәлме-дәл келуiмен сипатталады. 
Әрине кальвинизм капитализмдi тудырған жоқ, керiсiнше кальвинизм буружуазияның 
радикалды тобының ойындағы көрiнiсi болды,-деп көрсетiлдi. 
Нидерландының әлеуметтiк-экономикалық дамуы, испан абсолютизмiмен к‰рделi 
саяси қақтығысы, кальвинизм ‰шiн таптырмайтын орта болды. Кальвинизмнiң таралу 
жолдарымен ‰ш ағымы бар. Бұл ж‰йелер – мәдени, сауда, саясат арқылы, және тiкелей 
Женева мен көршi Франция арқылы тарады. Алғашында елде екi ағым жылдам дами бастады 
- ортодоксальдық, негiзiнен Фландрия, Брабант, Голландия, Фрисландия сауда-өнеркәсiп, 
қолөнер және өндiрiс орталықтарында, екiншi ағым гугеноттық, бұл ағым оппозициялық 
дворяндардың арасында белгiлi болды. Кейiн республикада либертиндiк бағыт пайда болып, 
ХVII ғасырдың бiрiншi жартысында арминиандық және ремонстранттық даму сатыларын 
басынан өткiздi. Бұл билеушi көпестiк элитаның бiршама көп идеологиясына айналды. 
Жоғарыда көтерiлген мәселелерден шығатын қорытынды: кальвинизм мәселесi 
революция және азаматтық соғыс кезеңiндегi демократиялық қозғалыс мәселесiмен 
органикалық байланысты. Осыдан кальвинизмнiң және революциялық дәст‰рдiң орнын 
бағалаудағы көзқарастардың к‰ресi көрiнедi. Немiс Лютеран iлiмi князьдық реакция 
шоқпарына айналып кеткесiн, Цвингли iлiмi Швейцарияда ассимиляцияға ұшырағасын, ХVI 
ғасырдың екiншi жартысында кальвинизм реформацияның к‰рескер бағытына айналып, сол 
кезеңдегi буржуазияның ең ж‰ректi бөлiгiнiң идеологиясына айналды. Нидерландының 
керемет даярланған топырағына т‰скен ортодоксальдық кальвинизм өз жемiсiн әкелдi. Өз 
дамуының нидерландық сатысында кальвинизм Реформацияның монополиялық бағыты 
болды, дегенмен негiзгi ‰ш ағымға бөлiндi: дворяндық-гугеноттық, либертиндiк, 
демократиялық. Кальвинизм дамуының нидерландылық сатысы тарихнамада (Женевалық 
саты сияқты) классикалық даму болып есептелiнедi. Кальвинизмнiң нидерландылық 
сатысының қалыптасуын және оның женевалық, ағылшындық кезеңдерден айырмашылығын 
көре бiлу қажет. Кальвинизм дамуының келесi сатысы - ағылшындық кезең. Бұл жерде 
кальвинизмнiң iшкi ағымы одан әрi жетiлiп, пуритандық, буржуазиялық мазмұнының 
логикалық аяқталуына әкелдi. 
Сонымен, к‰рделi процестердiң бiрлiгiнен құралған Нидерланды революциясының 
идеологиясы кальвинизм болды. Бұл папалықты, монархияны, зайырлы билiктi жоққа 
шығаратын протестантизмнiң өзiндiк т‰рi. Жаңа дiннiң негiзiн Жан Кальвин қалады. Өзiнiң 
моральдық және ұйымдастырушылық сипатына байланысты, Кальвиннiң iлiмi көпшiлiкке 
кеңiнен танымал болды. Кальвин берiк қалыптасқан д‰ниенiң к‰йбеңшiлдiгiн айыптай 
отырып, алғашқы қорлану дәуiрiнiң есепқой кәсiпкерлерiнiң санасына дөп келетiн 
қарапайымдылық пен ұстамдылыққа шақырды. Кальвиншiл-буржуа ақшаның құнының 
байыбын т‰сiнбейтiн, ысырапқор ақс‰йектерге қынжылыспен қарады. Кальвинистiк мораль 
католик шiркеуiнiң байлығымен келiсе алмады, сондықтан ол байлықты тәркiлеудi талап 
еткенiмен, шiркеулiк меншiктi жоққа шығарған жоқ. Кальвинизм папалықтың жауы 
болуымен бiрге, идеализацияланған лютерандардың да жауы болды. Кальвин ақс‰йек бола 
отырып, жақсы адамдар басқаратын шiркеудiң құрылуын армандады. Бiрақ, бұл адамдардың 
билiгi құдайға құлшылық етушiлердiң ‰стiнен шексiз болуы керек едi. Олигархиялық 
құрылыс Кальвиннiң т‰сiнiгiнде қоғамның ең жетiк ұйымы болып табылады. Сонымен 
қатар, Кальвин мемлекеттiк ж‰йенiң ‰ш т‰рі - монархия, демократия және аристократияға да 


өзiндiк баға бердi. Оның пiкiрiнше, монархия жаппай құлдыққа, демократия анархияға 
бастайтын, ал аристократия – тәртiп пен әдiлдiктi қамтамасыз ете алатын басқару т‰рi 
болды.
Кальвин iлiмi өзiнiң лабораториялық сынағын Женевада өттi, кейiн Францияның 
азаматтық соғыстарында шыңдалды. Өз көлемi мен ауқымына қарамастан бұл соғыстар ел 
тарихындағы бiр көрiнiс болып қана қалды, т‰пкiлiктi төңкерiстерге әкелген жоқ. Осы т‰рде 
ортодоксальдық кальвинизм ұрығы Нидерландыдағы өте қолайлы ортаға тап болды. 
Нидерландылық даму сатысында кальвинизм Реформацияның монополиялық бағыты болды. 
Кальвинизмнiң осы тарихи жағдайдағы к‰штi жағы - ол өзiнiң топтық мазмұнын шебер 
көлеңкелеп өз құрамына әлеуметтiк топтың әрт‰рлi құрамдарын тарта алды. Сондықтан да, 
кальвинизмнiң нидерландылық даму сатысы классикалық деп есептелiнедi. Кальвинизмнiң 
iшкi ағымын одан әрi жетiлдiрiп, оның буржуазиялық мазмұнының логикалық аяқталуына 
әкелген, оның дамуындағы келесi ағылшындық саты - пуританизм. Реформация 
буржуазиялық өндiрiстiк қатынастарды қолдауға бағытталған қозғалыс болғандықтан бұл 
жерде адамның өмiрдегi мәнi ретiнде еңбек алынады. Сондықтан, протестантизм болашақ 
капиталистiк өндiрiстiк қатынастардың негiзiн қалады деп есептелiнедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет