Дәріс: Қозғыш құрылымдардың физиологиясы Синапс немес Түйіспе



бет3/13
Дата21.03.2022
өлшемі5,55 Mb.
#28528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Нейроглия деп нейрондар аралығын толтыратын клеткаларды (глиондарды) айтады. Глия– грек сөзі – желім деген мағынада. Глиондар екі түрлі – астроциттер және олигодендроциттер.

Астроциттердің өсінді талшықтары көп болады.Олар клетка денесінен күннің сәулесі тәрізді жан – жаққа таралады. Астроциттер көбінесе мидың қан тамырлары бойында орналасады да, нейрондарды қан тамырларымен байланытырады.

Олигодендроциттер нейронның аксонын қоршайды, тармақтары өте аз болады.

Нейроглияның функциялық маңызы:

1.Трофикалық қызмет атқарады, яғни қаннан нейрондарға керекті қоректік заттарды алып, зат алмасу өнімдерін нейрондардан қанға өткізеді.

2.Нейрондардың тіршілігіне, қызметіне керекті жағдай жасайды. Нейрондардың айналасындағы сұйықтықтық иондық құрамын, медиаторлар мен судың деңгейін бірқалыпты сақтайды. Медиатор саны көбейсе қозу процесі күшейіп, тежелу процесінен адамның жұмысына деген қабілеті төмендейді. Осыған орай нейроглия нейрондарды қатты қозудан және өте күшті тежелуден сақтайды.

3.Олигодендриттер нейрондар аксонының миелин қабығын жасауға қатысады.

4.Нейроглия нейрондар арасындағы қарым – қатынысты күшейтеді.

Нейрон түрлері.Тармақтарының санына қарай нейрондар көп тармақты (мультиполярлы), қос тармақты (биополярлы) ,бір тармақты (униполярлы) болып бөлінеді.

Адамның жұлын түйіндерінде биополярлы және жалған униполярлы нейрондар бар. Ал мультиполярлы клеткалар көбіне қозғалтқыш (мотонейрондар) нейрондар арасындағы ең жиі кездесетіндері..





Атқаратын қызметіне қарай сезімтал (афференттік),қозғалтқыш (эфференттік), аралық нейрондар болып үшке бөлінеді.



Сезімтал нейрон рецепторларда туған қозуды орталыққа жеткізеді. Бұлар жұлын түйінінде, мидың барлық бөлімдерінде кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет