Дәріс: Қозғыш құрылымдардың физиологиясы Синапс немес Түйіспе



бет4/13
Дата21.03.2022
өлшемі5,55 Mb.
#28528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қозғалтқыш нейрондар жүйке серпіністерін орталықтан шеткі ағзаларға апарады. Олар жұлынның сұр затында, ми бағанының ядроларында орналасқан.

Аралық нейрондар сезімтал нейрондардан шыққан қозуды (серпіністерді) қозғалтқыш нейрондарға жеткізеді.

Жүйке жүйесінде 100 млр.астам нейрон болады.Аксон тармақталып кетеді. Оның үшында синапс орналасады. Синапс арқылы аксон басқа нейрондармен байланысады.







2.Орталық жүйке жүйесінің рефлекстік қызметі

Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі – рефлекс (reflecsus – латын сөзі – тойтарыс беру) тітіркендіруге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664 ж.), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817 ж.). Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П.Павлов, П.К.Анохин.



Рефлексдегеніміз орталық жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы. Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына, онан шеткі ағзаға (эффекторға) жеткізетін жол. Ол бес бөлімнен атап айтқанда:

1)қабылдаушы құрылым – рецептордан;

2) қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден;

3) афференттік, аралық, эфференттік нейрондардан тұратын орталықтан;

4) қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден;

5) жауап беруші құрылым – эффектордан тұрады. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс біржола жоғалып кетеді. Соңғы кезде рефлекстік доғамен қатар рефлекстік шеңбер деген ұғым қолданылады. Рефлекстік шеңбердің доғадан бір бөлімі артық болады. Оның алтыншы бөлімі эфференттік ағзадан орталық жүйке жүйесіне рефлекстік әсерленіс (реакция) туралы хабар жеткізетін байланыс, мәселен, рефлекстік әсерленіс еттің жиырылуы болса, оның жиырылу күші (қысқару дәрежесі) туралы хабар, я,ни керісінше байланыс (афферентация) арқылы орталыққа жеткізіледі. Керісінше байланыс рефлекс доғасын бекітіп, оны шеңберге айналдырады. Әрбір рефлекстің рецептивтік қрісі болады.

Белгілі бір рефлекс рецепторлары орналасқан аймақты рецептивтік өріс деп айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет