Дәріс: «Пайымдау. Қарапайым пайымдау, оның түрлері»



бет3/14
Дата15.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#124033
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Дәріс-презентация 5. Қарапайым пайымдаулар

2) қатынас-белгі
Осы белгілер қарапайым пайымдауды түрлерге бөлудің негізі ретінде алынады
Қарапайым пайымдаудың түрлері:
а) атрибутивті, егер белгі-қасиеттің бар не жоқ болуы туралы хабарланса;
б) қатынастық (релятивті), егер белгі-қатынастың бар не жоқ болуын хабарланса
қасиет-белгі: лимон қасиеттері – сары, жұмырлау, қышқыл
қатынас-белгі: Қарағанды облысы Қазақстанның орталығында орналасқан

Атрибутивті пайымдау


Атрибутивті пайымдау латынның «atribuo» — «беремін, сыйлаймын» деген сөзінен шыққан. Атрибут деп қарастырылған заттың қандай да бір қасиеті түсіндіріледі.
Мысалы, «Сот билігі заң шығарушы және атқарушы биліктерден тәуелсіз». Бұл пайымдау атрибутивті, өйткені соттардың «тәуелсіз болуы» олардың қасиет-белгісі болып бұлар атрибутивті ылады
Атрибутивті пайымдаудың формуласы:
S — Р
немесе
S дегеніміз Р емес
«Сот билігі заң шығарушы және атқарушы биліктерден тәуелсіз»
Атрибутивтік пайымдаулар арасында айрықша топ — тіршілік ету немесе экзистенциалды пайымдаулар бар. Мысалы, келесі пайымдауларды қарастырайық:
1. Менің Римдік құқық бойынша кітабым өте көне.
2. Менің Римдік құқық бойынша кітабым өте жақсы.
3. Римдік құқық бойынша көп оқулықтар бар.
Бірінші және екінші пайымдауда римдік құқық бойынша оқулықтардың «өте көне» және « өте жақсы» қасиеттері туралы сөз болып тұр, яғни бұлар - атрибутивті пайымдаулар
Үшінші пайымдауда Римдік құқық бойынша оқулықтардың ортақ бір қасиеті туралы айтылады. Ол осы оқулықтың бар екендігі туралы деректі тұрақтандырады, яғни оның «тіршілік ету» қасиеті - предикат болып табылады.
атрибутивті пайымдауға мысал

Қатынастық (релятивті) пайымдаулар


Қарапайым пайымдаулардың екінші түрі — бұл релятивті пайымдаулар немесе кеңістіктегі әлде уақыттағы қатынастар туралы пікір. Релятивті пайымдаулар құрамына екі немесе одан да көп субъектілер мен предикат рөлін атқаратын қатынас кіреді.
Мысалы,
1) «Іле Алатауының таулары Кавказ тауларынан жасырақ» Бұл пайымдаудың құрылымында екі нәрсе анық көрінеді: «Іле Алатауының таулары» мен «Кавказ таулары» және олардың арасындағы «жасырақ» қатынасы.
2) «Алматы Тараз бен Қарағандының арасында орналасқан». Бұл пайымдауда үш нәрсе аталған: «Алматы», «Тараз», «Қарағанды» және олардың «арасында орналасқан болуы» қатынасы құпталған.
Латынның «relatio» қатынасы R символымен, нәрселер — х, у, z болып белгіленеді. Толығымен біз бірінші пайымдаудың құрылымын R (х, у); екінші пайымдаудың құрылымын R (х, у, z) деп белгілейміз.
  • R (х, у)
  • R (х, у, z)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет