Гомеостаз - бұл тепе-теңдікті бұзатын ішкі және сыртқы факторларға қарсы тұру арқылы сақталатын жүйенің қозғалмалы тепе-теңдік күйі. Гомеостаз туралы ілімнің басты сәттерінің бірі - кез-келген жүйе өзінің тұрақтылығын сақтауға тырысады. У.Кэннонның пікірінше, жүйеге қауіп төндіретін өзгерістер туралы белгілерді ала отырып, ағза оны тепе-теңдік күйіне қайтару мүмкін болғанша жұмысын жалғастыратын құрылғыларды қосады. Егер де ағзаның үдерістері мен жүйелерінің тепе-теңдігін бұзса, онда ішкі ортаның параметрлері бұзылады, тірі ағза сырқаттана бастайды. Сонымен қатар, сырқаттық күй ағзаның қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін параметрлерді қалпына келтірудің барлық уақытында сақталады. Егер де ішкі ортаның тепе-теңдігін сақтау үшін қажетті алдыңғы параметрлерге қол жеткізу мүмкін болмаса, онда ағза басқа, өзгертілген параметрлермен тепе-теңдікке қол жеткізуге тырысуы мүмкін. Бұл жағдайда ағзаның жалпы күйі қалыптыдан өзгеше болуы мүмкін. Мұндай тепе-теңдіктің көрінісі жиі созылмалы сырқат болып табылады. Сондықтан ішкі тепе-теңдікке қол жеткізуге тырысатын тірі ағза бір уақытта ол орналасқан орта жағдайларына бейімделуі керек. Дәл осы құбылыс «бейімделу» ұғымының мазмұнын анықтайды.
Мұны білу қажет Ағзаның гомеостатикалық механизмдері Біздің өміріміз белгілі бір заттардың тұрақтылығын сақтауға байланысты. Егер біздің миымыздың температурасы бірнеше градустан асып кетсе, біз тез естен танып қалушы едік. Егер біздің ағзамызда судың көлемі бірнеше пайызға үлкейсе немесе азайса, біздің миымыз бен денеміз жұмыс істемей қалушы еді және біз өліп қалар едік. Адамдар мен жануарлар физиологиялық мұқтаждықтардың арасындағы тепе-теңдіктің жұқа сымымен жүреді. Нәзік және дәл реттелген механизм сияқты, егер ішкі орта теңдестірілмеген болса, біз жұмыс істей алмаймыз. Бірақ көптеген машиналардан айырмашылығы, бізде бұл теңгерімді өз бетінше сақтау мүмкіндігі бар. Сыртқы әлем өзгерген кезде де біздің ішкі күйіміз салыстырмалы түрде тұрақты болып қалады.
Өзіміздің ағзамызды физиологиялық өмір сүрудің тар шеңберінде ұстау үшін біз гомеостазды сақтау үдерістерін белсенді түрде бақылауымыз керек. Гомеостаз бір нәрсенің өзгермейтіндігін білдіреді: «гомео» - «тең» дегенді білдіреді, ал «стазис» - «статикалық» немесе «тұрақты» дегенді білдіреді. Гомеостазды басқару үдерісі – бұл тұрақты күйді сақтаудың белсенді жүйесі болып табылады. Гомеостазды басқару үдерісі психологиялық, физиологиялық және механикалық болуы мүмкін.
Гомеостазды сыртқы басқару терлеу немесе дірілдеу сияқты физиологиялық реакциялар түрінде көрінеді. Бұл реакциялар мидың температурасын тұрақты ұстап тұру механизмінің бөлігі болып табылады, өйткені олар булану түрінде салқындатуды және бұлшықет белсенділігі түрінде жылуды қамтамасыз етеді. Бірақ бұл физиологиялық және психологиялық реакцияларды не қамтиды?
Сіз ыстық күнде болсаңыз, бүкіл денеңіз қыза бастайды. Осыған ұқсас, егер сіз суықта ұзақ уақыт қорғалмаған болсаңыз, бүкіл денеңізді гипотермия қамтиды. Бірақ іс жүзінде температураның өзгеруі тек сіздің миыңыздың ішінде болады. Мидың бірнеше белгілі бір учаскілерінің нейрондары, әсіресе мидың түбіндегі гипоталамустың преоптикалық (алдыңғы) учаскісінде орналасқан, негізінен жүйке термостаттары болып табылады. Өз температурасы өзгерген кезде олар басқаша жұмыс істей бастайды. Сіздің ішіңіздегі бұл нейрондар термометр және гомеостатикалық орнату нүктесі ретінде қызмет етеді. Олардың температурасы қалыпты деңгейден ауытқып кетсе, олардың метаболизмі өзгереді, нәтижесінде олардың белсенділігі өзгереді. Бұл температураны реттеуге көмектесетін терлеу немесе дірілдеу сияқты физиологиялық реакцияларды қоздырады. Бұл ретте сізге тым ыстық немесе тым суық екендігі сезінілуі мүмкін, бұл сізді көлеңкеге баруға немесе пальто киюге, яғни сол тапсырманы мінез-құлық арқылы шешуге мәжбүр етеді.
Сізге тым ыстық болған кезде салқын жел жағымды болуы мүмкін. Сол сияқты, тым суық болған кезде ыстық ванна жағымды сезім береді. Бірақ сіздің ішкі температураңыз өзгерген сайын, сол сыртқы оқиғаларды қабылдау да өзгереді. Алайда сізге өте ыстық немесе өте суық болса да, әдетте бүкіл дене температурасы бір-екі градусқа өзгереді, ми температурасының өте әлсіз өзгеруі сіздің түйсігіңіздің өзгеруіне әкеледі. Миды бірнеше гипоталамус нейрондарының температурасын өзгерту арқылы жылу немесе суық сезімдерге қатысты «алдауға» болады. Мысалы, егер гипоталамусқа хирургиялық жолмен имплантацияланған кішкене ілмек түтік арқылы салқын сұйықтықты жіберу егеуқұйрықты бүкіл дененің температурасы төмендемегеніне қарамастан, терісін жылытатын қыздыру лампасын қосатын тетікті басуға итермелейді.
Реттеудің ұқсас механизмдері ағзаның басқа да параметрлеріне қатысты болады. Мысалы, егер сіз сусыз амалдай тұрғанға талпынсаңыз, онда сіз бір аптадан артық өмір сүрмеуіңіз мүмкін. Ал ыстық күннің астында, егер ештеңе ішпесе, адам бір күнде өмір сүре алмайды. Су адам өмірі үшін өте маңызды. Шөлдеу - суға деген қажеттіліктің психологиялық көрінісі. Шөлді не реттейді?
Ыстық күн астында сусыз немесе жаттығусыз болғаннан кейін, су біртіндеп терлеу, тыныс алу және зәр шығару арқылы аға бастауына қарай, біздің ағзамыз сұйықтықтың екі қосалқы ыдысын босата бастайды. Бірінші типтегі су қоры ағза жасушаларында болатын судан тұрады. Бұл су жасушаның құрылымы мен құрамын құрайтын ақуыз, май және көмірсулармен араласқан. Жасушалардың ішіндегі су жасушаішілік қорды құрайды. Екінші типтегі қор жасушалардың сыртында орналасқан судан тұрады. Бұл су қан мен ағзаның сұйық ортасында болады. Жеке жасушалардан тыс сақталатын барлық су жасушадан тыс қор деп аталады. Осы қорлардың бірінде су жоғалған кезде шөлдеу басталуы мүмкін.
Жасуша сыртындағы қордан судың жоғалуымен туындаған шөлдеудің қалай пайда болатындығын қарастырайық.
Біз су ішпей жүрген кезде немесе ыстық жерде болған кезде ағзадан су жоғалады. Су ағзадан бүйрек арқылы зәр түрінде, тер түрінде тері бездері, сондай-ақ тыныс алу кезінде өкпеден бу түрінде шығарылады, және барлық осы жағдайларда ол тікелей қан ағымынан, яғни жасушадан тыс сұйықтықтан алынады. Бұл судың жоғалуы жасушадан тыс қалған сұйықтықтың көлемін азайтады. Тесік шинадан ауаның жоғалуы соңғысын кішірейтіп, солғын қылған секілді, қан көлемінің жоғалуы қан қысымының төмендеуіне әкеледі. Сіз қан қысымының шамалы өзгеруін сезбейсіз.
Алайда бүйректе, жүректе және негізгі қан тамырларында орналасқан қысым рецепторлары мұны анықтап, миға белгі жібереді, бұл шөлдеу сезімін тудырады.
Қысым бергіші мен психологиялық шөлдеу арасындағы оқиғалар тізбегі ми мен дененің арасында «кезетін» күрделі сигналдар ретін қамтиды. Қысым рецепторлары қан қысымының төмендеуін анықтаған кезде, олар миға белгі тарататын сенсорлық нейрондарды белсендіреді. Бұдан әрі, гипоталамус нейрондары қанағымға антидиурездік гормон (АДГ) бөлуге оны мәжбүрлей гипофизге импульс жібереді. АДГ қаннан түскен суды оның сүзілуіне қарай ұстап қалуға бүйректі мәжбүрлейді. Бұл суды зәрге өңдеуге жіберудің орнына, бүйректер оны қайтадан қанға жеткізеді. Бұл сіз жеті сағаттан артық су ішпесеңіз болады. Одан басқа, ми бүйректерге өздерінің жеке гормонын ренинді шығару үшін жүйке белгісін жібереді, ол қандағы затпен химиялық әрекеттеседі, нәтижесінде тағы бір гормон – ангиотензин пайда болады. Бұл шөлдеудің соңғы және тікелей себебі болып табылды. Ангиотензин мидағы терең орналасқан нейрондарды белсендіреді, бұл су ішуге деген ықыласты тудырады.
Айта кету керек, барлық осы оқиғалар тізбегі дегидратациядан туындаған қан қысымының төмендеуінен басталады. Қан қысымының күрт төмендеуіне әкелетін басқа да оқиғалар шөлдеуді тудыруы мүмкін. Мысалы, жарақат алған және көп қан жоғалтқан адамдар қатты шөлдеуі мүмкін. Олардың шөлдеу себебі - қысым рецепторларының активтенуі. Оларды іске қосу ренин мен ангиотензиннің дәл сондай өндіріс тізбегін бастайды, бұл шөлдеу сезімін тудырады.
Судың алмасуын реттеудің басқа да механизмдері бар, бірақ біз үшін аталған физиологиялық реакциялар белгілі бір психикалық үдерістерімен - органикалық сезімдермен бірге жүретіні маңызды. Демек, адам психикасы әлеуметтік мінез-құлықты реттеуге ғана емес, сонымен қатар ағзаның күйін реттеуге де қатысады. Психиканың қатысуынсыз, белгілі бір биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігін түсінбестен, адам ағзасының қалыпты өмір сүруі мүмкін емес.