EV3 МОДУЛІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ Операциялық жүйесі – Linux
Контроллер ARM9 300МГц
Флэш-жады – 16Мб
Оперативті жады – 64Мб
Экран өлшемі – 178*128/ақ-қара
Басты ДК-мен USB 2.0 арқылы – 480 Мбит/с дейін
Басты ДК-мен USB 1.1 арқылы – 12 Мбит/с дейін
Micro SD картасы – SDHC-ті қолдайды, 2.0 нұсқасы, маск. 32Гб
Коннекторлар – RJ12
Автоматты идентификацияны қолдайды
Энергия – АА типі 6 батарея/ аккумуляторлы батарея
Модульдің күй индикаторы,модульді басқару батырмаларының айналасында орналасып, EV3 модулінің күйі жайлы хабар береді. Индикатор түсі жасыл, қызыл-сары, қызыл болу мүмкін, сонымен қатар өшіп-жануы мүмкін. Индикатор келесі күйлерде болуы мүмкін:
Қызыл – қосылу, жаңару, жұмыстың аяқталуы
Өшіп-жанатын қызыл – бос емес
Қызыл-сары – хабар, дайын
Өшіп-жанатын қызыл-сары – хабар, жұмыс жасап жатыр
Жасыл – дайын
Өшіп-жанатын жасыл – программа орындалып жатыр
Сонымен қатар, сіз күй индикаторын түрлі түстермен жанып немесе жанып өшетіндей түрлі шарттарға байланысты бағдарламалай аласыз (модульдің күй индикаторының блоктары жайлы қосымша ақпаратты EV3 модулінің «Справка» бөлімінен таба аласыз).
Сурет 4 - EV3 модулінің порттары
EV3 моторлары.Үлкен мотор – ол қуатты, «ақылды» мотор. Оның ішінде айналу датчигі орнатылған, ол айналуды 1 градус дәлдікпен орындайды. Үлкен мотор роботтардың қозғалысын орындау үшін жасалған.
EV3 программалық жабдықтаманың «Рульдық басқару» және «Моторларды тәуелсіз басқару» программалық блоктары арқылы екі мотордың жұмысын бір уақытта үйлестіруге болады.
Ортаңғы мотор да үлкен мотор секілді айналу датчигіне ие (дәлдігі 1 градус), бірақ ол үлкен мотордан кішірек. Яғни, ол үлкен мотордан тезрек жауап беруге қабілетті.
Ортаңғы моторды өшіп-қосылатындай, қуатты бақылап отыратындай, белгілі бір уақыт бойы жұмыс жасайтындай немесе белгілі айналымдар жасауға бағдарламалауға болады.