3.Фонетикалық принцип.
5.Басқа тілден енген сөздердің жазылуы.
дәстүрлі-тарихи принцип, орфоэпия.
дәстүрлік т.б. принциптер.
М о р ф о л о г и я л ы қ п р и н ц и п бойынша сөз бөлшектерінің түбір
дыбыстардын бір сөз ішіндегі немесе сөз аралықтарындағы бір-біріне
тигізетін әсерлері ескерілмей, негізгі фонемалық түрі (мәні) сақталып
ережесіне де сай келмейді, мұнда сөздердің бір кездегі қалыптасып,
үйреншікті болып кеткен жазылу түрі сақталады. Белгілі бір тілдердің
Қазақ орфографиясының негізі морфологиялық-фонематикалық және
фонетикалық принциптерге сүйенеді.
Қазақ тіліндегі сөздер мен сөз бөлшектерінің (түбір, жалғау,
жұрнақтарының) басым көпшілігінің түпкі тұлғасы сақталып жазылады.
Мысалы, жұмыс, іс, аш деген түбірлерге -шы, -шең, -са қосымшалары
жалғанғанда, олардың естілуі (айтылуы) жұмұшшы,ішшең, ашша болады.
Бірақ сөздердің түбірі жұмыс, іс, аш болғандықтан және косымшалар -шы,
-шең, -са болғандықтан, әрқайсысының түбір тұлғасы сақталып, жұмысшы,
ісшең, ашса түрінде жазылады. Сондай-ақ қашанғы, түнгі, күнге деген
сөздердің естілуі қашаңғы, түңгү, күңгө болады. Бірақ бұлардың
айтылуындағы (естілуіндегі) фонемалардың (дыбыстардың) қосалқы реңкі
есепке алынбай, сөз бөлшектерінің түпкі тұлғалары сақталып, фонемалардың
негізгі реңкі таңбаланады да, қашанғы, түнгі, күнге болып жазылады. Бұл
ереже емленің фонематикалық принципінің қолданылуын танытады. Қазақ
орфографиясында фонематикалық принцип пен морфологиялық
принциптердің тоғысып кететін сәттері жиі кездеседі. Мысалы, біріккен
сөздер мен қос сөздер де, негізінен, әр компонентінің жеке тұлғасын сақтап
жазылады, олардың арасындағы дыбыстардың айтылуда бір-біріне ететін
әсері ескерілмейді. Айталық, қара + құйрық (жануар), жар + қабақ, орын +
басар, алма + кезек, көзбе + көз, қиян + кескі деген сөздер біріккенде не
қосарланғанда, айтылуы (естілуі) қарағұйрұк, жарғабак, орұмбасар,
алмагезек, көзбөгөз, кияңгескі болады, бірақ әр сөздің түбір тұлғасы
сақталып қарақұйрық, жарқабақ, орынбасар, алма-кезек, көзбе-көз, қиян-
кескі түрінде жазылады. Бұл әрі фонематикалық, әрі морфологиялық
принциптердің қабаттаса қолданылуы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: