Дәріс тақырыбы: Балық шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау Қарастырылатын сұРАҚтар



бет2/22
Дата16.09.2022
өлшемі146,35 Kb.
#39289
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
№1 балық ВСС

Аузы жылжымалы, басының төменгi жағында орналасқан көлденең саңылау (тесiк) тәрiздес. Жақтарында тiс болмайды. Аузының алдынғы жағында мұртшасы бар. Жота қанаты арт жағында орналасқан. Белгiлi кәсiптiк маңызы барлары қорытпа, бекiре, мекiре, сүйек қызыл балық жалпы 24 түрi бар. Қаңқасы сүйек емес шемiршектен тұрады.

  • Аузы жылжымалы, басының төменгi жағында орналасқан көлденең саңылау (тесiк) тәрiздес. Жақтарында тiс болмайды. Аузының алдынғы жағында мұртшасы бар. Жота қанаты арт жағында орналасқан. Белгiлi кәсiптiк маңызы барлары қорытпа, бекiре, мекiре, сүйек қызыл балық жалпы 24 түрi бар. Қаңқасы сүйек емес шемiршектен тұрады.
  • Албырт тұқымдастар. Бұлардың басы кiшкене және жалаңаш, етi нығыз, денесi тығыз, бүйiр сызығы бар. Терiсiнiң түсi әр қалай (әсiресе уылдырық шашқанда әдемi) шапшаң жүзедi, суық суда мекендейдi. Басқа балықтармен салыстырғанда бұлардың ерекшелiгi құйрық қанатының алдында май қанатының орналасуы. Бұлар негiзiнен тынық мұхиттан, куриль аралдарынан ауланады. Бұл тұқымға балықтың көптеген түрлерi жатады. Албырт, семга, кета, күдiр балық, бахтақ, көкшұбар сылан, ақбалық және т.б. Етi өте нәзiк, қызғылт немесе қоңыр түстi, дәмдi, сүйегi аз, яғни олар өте бағалы балықтар.
  • Мұхиттар мен теңiздер, өзен-көлдер және су қоймалары, сондай-ақ тоғандардан адамзатқа қажет белоктық тағамның 40  мөлшері алынады. Тағамға пайдаланумен қатар, оларды мал мен құсты азықтандыруға, сондай-ақ техникалық шикiзат ретiнде де кеңінен пайдаланылады.
  • Балықтың тағамдық қасиетiнiң жоғары болуымен қатар, онымен адамның уланып қалуы және ауруға шалдығуы да ықтимал. Демек, ветсансарапшыға балықтың тағамға немесе азыққа жарамдылығын анықтауға тура келедi.
  • Кәсiптiк балықтар. Су алабының түрiне оны мекендейтiн балықтарға және уылдырық шашуда олардың орын ауыстыруларына (миграция) орай теңiздiк, өтпелi және тұщы су балықтары деп бөлiнедi. Теңiздiк балықтарға камбала, треска, тунец, және т.б. көптеген балықтың түрлерi жатады. Өтпелi балықтар теңiзде мекендейдi де, уылдырық шашуға өзенге келедi. Бұларға семга, кета, күдiр балық, бекiре, қызыл балық, май шабақтардың кейбiр түрлерi жатады. Тұщы су балықтарына тұқы, алабұға, шортан, сүйрiк, бахтақ, лақа тұқымдары жатады. Ал, жылан балық тұщы суды мекендейдi де уылдырық шашуға теңiзге шығады.
  • Бекiре тұқымдастары. Тұрқы ұзын ұршық тәрiздес, сыртынан 5 қатар сүйек қабыршақтарымен қапталған. Құйрық қанатының жоғары қалақшасы төменгiсiне қарағанда едәуiр ұзын. Тұмсығы ұзын (конус тәрiздес немесе күрекке ұқсайды). Аузы жылжымалы, басының төменгi жағында орналасқан көлденең саңылау (тесiк) тәрiздес. Жақтарында тiс болмайды. Аузының алдынғы жағында мұртшасы бар. Жота қанаты арт жағында орналасқан. Белгiлi кәсiптiк маңызы барлары қорытпа, бекiре, мекiре, сүйек қызыл балық жалпы 24 түрi бар. Қаңқасы сүйек емес шемiршектен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет