Дәріс тақырыбы: Балық шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау Қарастырылатын сұРАҚтар



бет3/22
Дата16.09.2022
өлшемі146,35 Kb.
#39289
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
№1 балық ВСС

Албырт тұқымдастар. Бұлардың басы кiшкене және жалаңаш, етi нығыз, денесi тығыз, бүйiр сызығы бар. Терiсiнiң түсi әр қалай (әсiресе уылдырық шашқанда әдемi) шапшаң жүзедi, суық суда мекендейдi. Басқа балықтармен салыстырғанда бұлардың ерекшелiгi құйрық қанатының алдында май қанатының орналасуы. Бұлар негiзiнен тынық мұхиттан, куриль аралдарынан ауланады. Бұл тұқымға балықтың көптеген түрлерi жатады. Албырт, семга, кета, күдiр балық, бахтақ, көкшұбар сылан, ақбалық және т.б. Етi өте нәзiк, қызғылт немесе қоңыр түстi, дәмдi, сүйегi аз, яғни олар өте бағалы балықтар.

  • Албырт тұқымдастар. Бұлардың басы кiшкене және жалаңаш, етi нығыз, денесi тығыз, бүйiр сызығы бар. Терiсiнiң түсi әр қалай (әсiресе уылдырық шашқанда әдемi) шапшаң жүзедi, суық суда мекендейдi. Басқа балықтармен салыстырғанда бұлардың ерекшелiгi құйрық қанатының алдында май қанатының орналасуы. Бұлар негiзiнен тынық мұхиттан, куриль аралдарынан ауланады. Бұл тұқымға балықтың көптеген түрлерi жатады. Албырт, семга, кета, күдiр балық, бахтақ, көкшұбар сылан, ақбалық және т.б. Етi өте нәзiк, қызғылт немесе қоңыр түстi, дәмдi, сүйегi аз, яғни олар өте бағалы балықтар.
  • Тұқы тұқымдастар. Денесi үлкен қабыршақпен қапталған, дегенмен қабыршақсыз түрлерi де болады. Жота қанаты жалғыз. Құрсақ қанаттары төстiк қанаттарынан кейiн едәуiр қашықтықта орналасқан. Қанаттарының ұштары жұмсақ. Бастары үлкен, жақ тiстерi жоқ болғанымен жұтқыншақ тiстерi бар. Бүйiр сызықтары жақсы байқалады. Бұл тұқымда балықтың 118-дей түрi бар. Олар негiзiнен тұщы суда мекендейдi, кейбiреулерi Каспий, Арал, Азов теңiзiнде де болады, барлық жерлерде ауланады. Әсiресе сазан, табан, торта, тұқы, таран, қаяз, шармай, көкбас, қаракөз және т.б. кәсiптiк маңызы жоғары, етi нәзiк, семiздiгi орташа балықтар.
  • Алабұға тұқымдастары. Дене пiшiнi әрқалай (жалпақ немесе жұмыр), сыртынан қабыршақ немесе сүйектi тiкенектер және пластинкалармен жабылған немесе алдын-ала орналасқан. Жотасының екi қанаты бар, алдынғысы ине сияқты қолға кiредi. Басы үлкен, ұзын және сүйектi келедi. Алабұға тұқымдастардың етi нәзiк, құрамында дәмiн жақсартатын заттары көп. Кәсiптiк маңызы барлары көксерке, алабұға, таутан және т.б. 30-ға жуық түрi бар.
  • Нәлiм тұқымдастар. Көпшiлiк түрлерiнiң бастары тұрпайы, ұзын, ала нәлiмдiкi жалпақтау. Дене тұрқы ұзынша, сыртынан ұсақ қабыршақпен қапталған. Жотасында үш қанат, аналдық екi қанаты бар. Бүйiр сызықтары айқын көрiнедi. Денесiнiң жота жағы қаралау да, құрсақ жағы ақшыл. Кәсiптiк маңыздылар нәлiм, пикша, лаха және т.б. болып саналады. Бұл балықтардың көптеген түрлерi (лахадан басқасы) теңiздiң терең түбiн мекендейдi. Етi майсыз, бiрақ бауырынан балық майын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет