Қақталған және кептiрген балықты сараптау. Қақталған сапалы балық сыртқы жағы таза, құрғақ сұр немесе қоңыр-сұр түстi, құрсақ жағының етiн тiлiп қарағанда аздап сарғайғаны байқалады. Етi нығыз немесе қатты, дәмi мен иiсi әр балықтың өзiне тән. Кесiп қарағанда тотыққан майдың болар-болмас иiсi бiлiнедi. Қақталған сапасыз балықтың үстiңгi жағы дымқыл, қолға жабысады. Иiсi сасық болады. Қабыршықтары күңгiрт. Өңделген балықтың құрсақ жағының кескен жерi сары түстi, тотыққан май иiсi шығып тұрады. Етi жұмсақ, бiрақ жекеленiп шоқтанбайды. - Қақталған және кептiрген балықты сараптау. Қақталған сапалы балық сыртқы жағы таза, құрғақ сұр немесе қоңыр-сұр түстi, құрсақ жағының етiн тiлiп қарағанда аздап сарғайғаны байқалады. Етi нығыз немесе қатты, дәмi мен иiсi әр балықтың өзiне тән. Кесiп қарағанда тотыққан майдың болар-болмас иiсi бiлiнедi. Қақталған сапасыз балықтың үстiңгi жағы дымқыл, қолға жабысады. Иiсi сасық болады. Қабыршықтары күңгiрт. Өңделген балықтың құрсақ жағының кескен жерi сары түстi, тотыққан май иiсi шығып тұрады. Етi жұмсақ, бiрақ жекеленiп шоқтанбайды.
- Қақталған және кептiрілген сапасыз балықтар кәдеге жаратылады немесе ветеринариялық зертхана қорытындысы бойынша мал азығына пайдаланылады. Қақталған және кептiрген балықтардың негiзгi зиянкесi болып терi жейтiн қоңыз саналады. Ол негiзiнен кепкен, қақталған балықтарды зақымдайды. Терi жейтiн қоңыздың личинкасы балықтың дене қуысынан, желбезектерiнен, терi асты және етiнiң терең қабаттарынан табылады. Етi зақымданған балықтан жиiркенiштi иiс шығады. Секiргiш шыбын балықтың аузы мен желбезектерi арқылы оның құрсақ қуысына енiп, етiн бүлдiредi.
- Балық өнiмдерiнiң зиянкестерiмен зақымданған сапасыз балықтарды кәдеге жаратады.
- Балық консервiлерi мен пресервтерiн сараптау. Бұл өнiмдердi ветеринариялық санитарлық сараптау үдерістері мен әдiстерi, ет консервiлерiн сараптаумен бiрдей.
Балық аурулары және оларды ветеринариялық санитариялық бағалау. - Балық аурулары және оларды ветеринариялық санитариялық бағалау.
- Жұқпалы аурулармен ауырған балықты ветеринариялық санитариялық сараптау.
- Краснуха (псевдомоноз, вирусты гидремия, жұқпалы бөсiр). Негiзiнен тұқы тұқымдастар (тұқы, сазан, табан, оңғақ, қабыршықты тұқылар, тұқы мен сазанның буданы), сондай-ақ көксерке мен жылан балық (угорь) зақымданады. Аурудың қоздырушысы қысқа келген жұмыр, Граммен боялмайтын таяқша -B.pseudomonas punctata. Ауруға барлық жастағы балықтар шалдыққанымен ересектерi сирек ауырып, 1 жастағылары қатты ауырады.Краснуха жiтi, жiтiлеу және созылмалы түрде өтуi мүмкiн. Жiтi түрiмен ауырғанда балықтың терiсi мен iшектерi қабынады, бауыр етiнiң сыртында, құрсағында қызыл дақ байқалады. Жүзу қанаттары зақымданады, кейiннен ол шiрiп, түсiп қалады. Кейде көздерiне қан құйылады. Балықтың тiк iшегiнiң ұшы томпайып шығып кетедi. Өлмей тiрi қалған балықта аурудың басқа да белгiлерi қалып қояды. Қабыршықтары қопсып көтерiледi де, сыдырылып түседi, бастапқыда құрсақ қуысы, кейiннен бүкiл денесi сары суға толады. Қабыршақсыз карп балықтары терiсiнiң өңi жұқарып, үлбiреп кетедi. Ауру балықтар үш-төрт тәуліктің iшiнде өледi.Жiтiлеу түрiмен ауырған балықтардың терiсi мен етi қабынып, бiрте-бiрте өлiеттенедi, түйнеме жара пайда болады. Қабыршықтары үрпиiп кетедi, қанаттары сынады.Аурудың созылмалы түрiнде балық денесiндегi түйнеме жараның кейбiреулерi жазыла бастайды, қабыршықтары аздап үрпиiп тұрады. Жазылған жараның орны тыртық болады.
- Аурудың жiтi түрiнен өлген балықтарды сойып зерттегенде, iшектерiнiң кiлегей қабығының қабынғанын көруге болады. Кейде құрсақтың көк етi зақымданады. Бауыры мен көк бауыры және бүйректерi қанға толып, олардың көлемi үлкейедi. Өт қалтасы өтке толады. Торсылдағы қабынып, пішіні өзгередi.
Достарыңызбен бөлісу: |