Дәріс Тақырыбы: Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі, оны құрудың логикасы Жоспары


Тақырыбы: Ғылыми іс-шараларға қатысу. Ғылыми іс-шаралардың түрлері. Ғылыми конференция: нысандары, өткізу тәртібі, қатысушыларға қойылатын талаптар



бет10/11
Дата10.12.2022
өлшемі39,61 Kb.
#56365
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Дәріс 10.
Тақырыбы: Ғылыми іс-шараларға қатысу. Ғылыми іс-шаралардың түрлері. Ғылыми конференция: нысандары, өткізу тәртібі, қатысушыларға қойылатын талаптар


Мектепішілік ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастыру технологиялары
Мектепішілік ғылыми-практикалық конференциялардың мақсаты мен міндеттері. Елімізде өткізілетін оқушыларға арналған конференциялар саны жыл сайын көбейіп келеді. Бұл жағымды үдеріс, себебі бүгінгі таңда әр оқушы өзінің ғылыми жұмысын презентациялау үшін конференция таңдау мүмкіндігіне ие. Биологиядан зерттеу жобаларын Дарын ғылыми жобаларды іріктеу бөліміне және көптеген конференцияларға ұсынуға болады.
Оқушылардың барлық ғылыми-практикалық конференциялары МЖББМ көздеген пәндік, метапәндік және тұлғалық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Биология пәні бойынша ғылыми-практикалық конференциялардың мақсаты – оқушыларға биология саласындағы ғылыми қызмет нәтижелерін көпшілікке ұсыну мүмкіншілігін беру.
Оқушылардың ғылыми-практикалық конференцияларының алдында тұрған міндеттер әртүрлі болуы мүмкін. Ол осы шараны жүргізу тақырыбы мен формасына және ұйымдастырушылар анықтаған акценттерге байланысты.
Конференция мақсаты мен міндеттері Конференция туралы ережеде көрсетіледі. Онда сондай-ақ конференцияның ерекшеліктері, талаптары, шарттары, мерзімдері мен басқа сипаттамалары анықталады. Конференцияға қатысу, оны таңдауда сәйкес Ережемен танысып, оқушыны дайындау барысында барлық мүмкіндіктерді ескеру керек. Мысалы, «Дарын» ғылыми-практикалық конференциясына қандай да болмасын пәннен жұмысты шет тілінде әзірлеген (ағылшын, неміс, француз, қытай) оқушылар шақырылады.


Мектеп оқушыларының ғылыми-практикалық конференциясын дайындау мен өткізудің бір нұсқасының алгоритмі

Мектеп оқушыларының ғылыми-практикалық конференциясын өткізу нұсқалары көп. қазіргі уақытта тіпті қашықтықтағы конференциялар немесе олардың жекелеген кезеңдері де өткізіледі. Біз осындай конференцияны өткізудің жалпы ережелері мен нұсқаларының бірін қарастырамыз.




Жалпы ережелер

  1. Конференция білім беру мекемесінде көп оқушылардың қатысуын көздейді, демек, қауіпсіздік шаралары күшейтілуі тиіс.

  2. Конференция барлық қатысушылар үшін орын мен сөзге берілетін уақыт жеткілікті болатындай етіп ұйымдастырылуы тиіс.

  3. Оқушылармен ілесіп келген тұлғаларда балаларды күту уақытын пайдалы жұмсау мүмкіндігі болу керек (әділқазылар жұмысына қатысу, қорғауға қатысу, концерт, фильм және т.с.с. қарау).

  4. Конференция оқушылар үшін өткізіледі, сондықтан барлық балалар – конференцияның барлық қатысушылары мадақтау алу керек.

  5. Егер конференция бүкіл оқу күні бойы өтетін болса, онда балаларды тамақпен қамтамасыз ету керек.

  6. Біреулерге жетпей қалудан сақтану үшін, алдын ала қосымша сыйлықтар, грамоталар, сертификаттар қорын жасап алу керек.

  7. Даулы мәселені шешу комиссиясын құру керек.

  8. Пікірлер кітабын көрінетін орынға қойыңыздар.

  9. Әділқазы мүшелеріне жұмысы үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.

  10. Конференция мазмұнын, ұйымдастырылуы мен нәтижелерін міндетті түрде талдаңыздар.



Конференцияны дайындау және өткізу алгоритмі
Конференцияны дайындау. Дайындау кезеңінде конференцияның мақсаты міндеттері, оның барысы, жоспарланатын нәтижелер ойластырылады, Конференция туралы ереже жасалады, қатысушылар, ұйымдастыру комитеті мен даулы мәселені шешу комиссиясының құрамы анықталады. Осы кезеңде конференцияға қатысуға ниет білдірген өтінімдерді қабылдауға сәйкес сыйлықтар, сертификаттар, грамоталар, дипломдар, медальдар т.с.с. дайындалу керек. Егер қатысушыларға жұмыстарының тезистері жинағын тапсыру жоспарланса, онда жинақты алдын ала шығару керек.
Конференцияға қызмет көрсету және өткізу бойынша педагогтар мен педагогтар ұжымының басқа мүшелері арасында міндеттер алдын ала бөліну керек. Бұл жағдайда кесте өте қолайлы болады (48-б. қараңыз). Ол конференцияны ұйымдастыру бойынша ұжым мүшелері арасында міндеттерді нақты бөлуге және қандай да болмасын кабинеттрдің босауын біліп отыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет