Курстық жұмыстың міндеттері:
педагогика және психологияның өзекті мәселелері туралы білімдерін кеңейтеді, тереңдетеді және бекітеді;
педагогикалық міндеттерді жүзеге асыруға шығармашылық тұрғыдан қарауды қалыптастырады;
өз жұмысының нәтижесін сыни тұрғыдан бағалауға үйренеді;
теориялық білімдерін тәжірибе жүзіне қолдана білуге ықпал етеді, озық тәжірибелерде талдау жасау және қорытындылауға, сондай-ақ, педагогикалық тәжірибеде өзінің қалыптасқан тәжірибесін талдай, қорытындылай алуға үйренеді;
педагогикалық үрдіс заңдылықтарының мәнін түсіне бастайды.
Курстық жұмыстың тақырыптары оқу бағдарламаларына сәйкес кафедра белгілейді.
Курстық жұмыстың тақырыптары кафедраның оның мүшелерінің мәселелері ғылыми жетекшісі ісімен байланысты болғаны тиімді. Курстық жұмысқа ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми жетекшілер бекітіледі.
Ғылыми жетекшінің міндеттері:
Студенттерге тақырыпты анықтауға, жұмыс көлемін белгілеуге, зерттеу мөлшерін анықтауға көмектеседі және мақсатын, міндеттерін, зерттеу әдістемесін таңдауға көмектеседі;
Курстық жұмыс алдында консультация беріледі (әдіснама, зерттеу әдістемесі, жалпы талаптар, нақтылы нұсқаулар, жұмыс кезеңдері, әрбір кезеңнің жұмыс мазмұны, есеп беру тәртібі және түрі);
Әдебиеттермен жұмыс, материал жинау әдістері, қажетіне қарай тәжірибелік-педагогикалық эксперимент бағдарламасын дайындауға көмек береді (хаттама жүргізу, тәжірибе, оқушылармен, мұғалімдермен әңгімелесу жоспарын дайындау, ұжымды зерттеу әдістері т.б.).
Жұмыс барысын ұдайы бақылып отырады;
Курстық жұмысты тексереді, рецензия жазады, қорғауды ұйымдастырады.
Курстық жұмысты дайындау барысында ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін меңгере және оны пайдала білу керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Курстық жұмыстың дипломдық жұмыстан негізгі айырмашылығы неде?
2. Ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарының түрлерін толықтыр: курстық жұмыс, ...
3. Бұл қай ғылыми аппаратқа тән: ... тиімді болады, сол уақытта; егер мынандай жұмыстар істелінсе...
4. Дипломдық жұмыстың кіріспе бөліміндегі ғылыми аппараттарды жалғастыр:... обьекті,...
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1. Мақсат дегеніміз не?
А) әрекет арқылы адамның жеткісі келетін нәтижесі
В) әрекеттің реттілігін белгілеу
С) нәтижеге жету жолдары
D) адамның іс-әрекеті
Е) ойлау нәтижесі
2. Зерттеу жұмысының кіріспесіндегі негізгі ұғымдардың тізбегін белгіле:
А) мақсат
В) обьекті
С) шығарма
D) баяндама
Е) болжам
3.Педагогикалық зерттеулердің деңгейлерін белгіле:
А) әдістемелік, теориялық, эмпирикалық
В) шығармашылық, қатынастар жиынтығы
С) жоспар дайындау, нәтижесі
D) кезеңдерін анықтау, талдау
Е) теориялық, технологиялық, әдіснамалық
4. Болжамның дұрыс немесе дұрыс емес екендігі қай уақытта белгілі болады:
А) ғылыми әдебиеттерді талдау барысында
В) теориялық бөлімде
С) анықтауыш эксперимент барысында
D) қалыптастырушы эксперимент барысында
Е) байқау экпериментінің нәтижесін анықтағанда
5. Курстық жұмыс пен дипломдық жұмыстың айырмашылығы
А) Ғылыми аппараттары жағынан
В) Құрылымы жағынан
С) Әдебиеттер саны мен көлемі жағынан
Д) Көлемі, мазмұны жағынан
Е) Барлық жауап дұрыс
Достарыңызбен бөлісу: |