Ерекше білім беру қажеттілігі - оқу-дамыту барысындағы сапалы білім алуға тиісті көмекке және қызметке қажеттілік.
Инклюзивті білім берудің негізгі құндылықтары:
мүмкіндіктердің алуан түрлілігін кедергілер мен проблемалар емес, ресурстар ретінде қарастыру. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін қоғамдағы толерантты мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің ресурстары.
Бір оқушының қиындықтарын жеңуге қатысты жұмыс, әдетте, басқа балаларға да пайда
оқу үдерісін оқуда жоғары жетістіктері бар оқушыларға ғана емес, барлық сынып оқушыларына бағдарлап құру;
ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды тек мамандармен (логопед, арнайы педагог, психолог, жеке көмекші) ғана емес, барлық білім беру процесіне қатысушылар тарапынан және де бірінші кезекте мұғалім тарапынан қолдауды қамтамасыз ету;
оқу процесінде оқушыға көмек көрсету мәселелерін командалық тәсілмен шешу;
оқушыларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру кезінде "кемсітуден « бас тарту. Көмек "инклюзивті білім алушы", "ерекше", "дағдарысты", "инклюзияға жататын" балаларға емес, оқушылар қауымдастығының толық құқылы мүшесі болатын оқушыға көрсетіледі. Кемсіту дисриминацияның көрінісі болып табылады.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір - біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.