Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет102/106
Дата20.02.2023
өлшемі0,57 Mb.
#69515
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106
Конфликті шешу сатысы. Конфликтің созылмалылығы мен қарқындылығы тараптардың мақсаттары мен нұсқамасына, күрес жүргізу ресурстары, әдістері мен тәсілдеріне, қоршаған орта конфликтінің реакциясына, жеңіс пен жеңіліс таңбаларына, келісімге келудің мүмкін болған тәсілдеріне байланысты болып келеді.
Конфликт дамуының белгілі бір кезеңінде қарсыласқан тараптарда өз қарсыластарының мүмкіндіктері туралы көзқарасы маңызды түрде өзгеруі мүмкін. Жаңа өзара қарым-қатынас, күшті орналастыру, нақты жағдаятты ұғынуға негізделген құндылықтарды қайта бағалау кезі келеді. Мұның бәрі конфликт тәртібінің стратегиясы мен тактикасының өзгеруіне түрткі болады. Аталған жағдайда конфликтіге түскен тараптар татуласу жолдарын іздей бастайды. Осы сәттен конфликті аяқтау үдерісі басталады, алайда ол жаңа ушығуға қарсы бола алмайды.
Конфликті шешу сатысы.Конфликті шешу кезеңінде оқиға дамуының нұсқалары болуы мүмкін:
– тараптардың бірінің айқын басымдығы оған барынша әлсіз оппонентке конфликті тоқтату бойынша өз шарттарын айтуға мүмкіндік береді;
– тараптардың бірі толығымен жеңгенше күрес жалғаса береді;
– ресурстардың жетіспеушілігі салдарынан күрес ұзаққа созылу сипатына ие болады;
– тараптар ресурстардың әлсіреуін және нақты (потенциалды) жеңімпазды анықтамай тұрып, конфликте өзара шегінімге жол береді;
– конфликт үшінші күштің ықпалымен тоқтатылуы мүмкін.
Әлеуметтік конфликт оны тоқтатудың нақты шарты пайда болмайынша жалғаса береді. Толығымен ресми мойындалған конфликте мұндай шарттар қарсыласу басталмай жатып анықталуы мүмкін (аяқтау ережелері белгілі болған ойындағыдай) немесе даму барысында жасалып, бекітілуі мүмкін. Егер конфликт жартылай ғана ресми мойындалған немесе толығымен ресми түрде мойындалмаған болса, оны аяқтаудың қосымша мәселелері туындайды.
Сондай-ақ қарсыластың біреуін немесе екеуін де толығымен құртатын абсолютті конфликтер бар. Жанжал пәні қаталырақ сипатталса, тараптардың жеңісі мен жеңілісін білдіретін белгілер нақтырақ көрінеді, сол арқылы оны оқшаулаудың мүмкіндіктері көбейеді.
Конфликті аяқтау тәсілдері, негізінен, қатысушыларға әсер ету жолымен немесе конфликт объектісі сипаттамасының өзгерту тәсілімен, болмаса басқа да әдістермен конфликт жағдайының өзінің өзгеруіне бағытталған. Аталған тәсілдердің кейбіреуін қарастырайық:
1. Конфликт объектісін жою.
2. Бір объектіні басқа объектімен ауыстыру.
3. Конфликт қатысушылары тараптарының бірін жою.
4. Тараптардың бірінің ұстанымын өзгерту.
5. Конфликт объектісі мен субъектісінің сипаттамасын өзгерту.
6. Объект туралы жаңа мәлімет алу немесе қосымша жағдай жасау.
7. Қатысушылардың өзара тікелей және жанама әсерін болдырмау.
8. Конфликт қатысушыларының бірегей шешімге келуі немесе кез келген шешіміне бағыну шартымен арбитрға бет бұру.
Конфликті еріксіз түрде аяқтау тәсілдерінің бірі – мәжбүрлеу. Келіссөздер. Конфликті аяқтау сатысының қорытындылаушы кезеңі келіссөздер жүргізу мен қол жеткен уағдаластықты заңды түрде рәсімдеуді ұсынады. Тұлғааралық және топаралық конфликтерде келіссөздер нәтижелері ауызша уағдаластық және тараптардың өзара міндеттемелеріне ие болады. Әдетте, келіссөздер үдерісін бастаудың бір шарты уақытша бітімге келу болып табылады. Алайда алдын ала уағдаласу кезеңінде тараптар әскери әрекеттерін тоқтатып қана қоймайды, сондай-ақ келіссөз кезінде өз ұстанымын нығайту үшін конфликтің ушығуына да алып келетін нұсқалар болуы мүмкін.
Келіссөздер конфликтіге түскен тараптардың өзара ымыраны іздеуін ұсынады және мүмкін болған рәсімдерді ұсынады.
Конфликтің бар екендігін мойындау.
1. Тәртіп ережелері мен нормаларын бекіту.
2. Негізгі даулы мәселелерді анықтау («Келіспеушілік хаттамасын» рәсімдеу).
3. Мәселе шешімінің мүмкін болған нұсқаларын зерттеу.
4. Әрбір даулы мәселе бойынша келісім іздеу және конфликті толығымен реттеу.
5. Барлық қол жеткен келісімдерді құжатпен рәсімдеу.


15 - Практикалық сабақ: «Жанжал кезінде тиімді қарым-қатынас және ұтымды мінез-құлық» тақырыбындағы практикалық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет