Дәріс 11. Мектеп - әлеуметтендіру институты және әлеуметтік- педагогикалық жүйе ретiнде Дәріс жоспары: 1.Мектептің әлеуметтендіру институты ретіндегі мәні мен мүмкіндіктері
2.Мектептің баланы әлеуметтендірушілік қызметі
3.Әлеуметтiк бағдарланған мектептердiң қызметiнiң жетекшi бағыты мен типтері
4.Мектептегі баланы әлеуметтендіру шараларының ұйымдастырылу ерекшеліктері
Тәрбие бүгiнге дейiн бiр орында тұрған емес. Ол сан құбылып, сан өзгерiске ұшырап, қоғаммен бiрге жаңарып келедi.
Қоғамға нарықтық экономиканың келуiне байланысты балалар психологиясын нарық талаптарына сай тәрбиелеу қажеттiлiкке айналды. Оларда ұлттық тәрбиемен қоса нарық заманына сай қасиеттердi қалыптастыру тәрбие мақсатына айналды. Осы тұста ғалымдар Ж. Б. Қоянбаев пен Р. М. Қоянбаевтар өздерінің «Педагогика» кітабында тәрбие ұғымына былайша анықтама бередi: «Тәрбие дегенiмiз - жастарды қоғамда өмiр сүруге және еңбек етуге бейiмдеу». Бұл нағыз нарық талабын ескеріп, адам тәрбиесін қоғам талабына сай жүзеге асыруды көздеген анықтама болатын.
Бүгiнгi таңда «тәрбие» ұғымының ауқымы әлеуметтендiру ұғымымен астасып, әлеуметтiк мәнге ие болып отыр. Өйткенi бүгiнгi тәрбие беру мәселесi жастарды қоғамға лайықты азамат етiп тәрбиелеумен сәйкес келгендiктен, бұл ұғымдар бiр-бiрiнiң баламасы ретiнде де қолданылып келедi.
Сапалы бiлiм алған адам өмiрде міндетті түрде тәрбиелi әрi қоғамдық істерге жан-жақты дайын болады деп саналды. Бiрақ тарихи тәжiрибелерге талдаулар жасау мен практика мұның дұрыс емес екендiгiн көрсетiп бердi. Бүгiнгi жағдайда мектептiң
әлеуметтiк-қалыптастырушылық, тәрбиелеушiлiк мiндетi елеулi түрде күшейтiлуде. Әсiресе, тұрғындардың елеулi бөлiгiнiң әлеуметтiк орнықтырушылығы отбасындағылардың әлеуметтiк-психологиялық қиыншылықтардан басымдығы бiлiм беру жүйесiндегi әлеуметтiк ортаның қатаң әсерiнiң күшеюi бүгiнгi бiлiм беру мен тәрбиенiң дәстүрлi қызметiнiң көкейкестiлiгiн арттырып, тереңдете түсуге алып келдi.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары Бүгінгі отбасындағы әлеуметтік мәселелердің түрлеріне сипаттама беріңіз.
Отбасындағы әлеуметтік мәселелердің туындауына қандай факторлар әсер етеді?
Бүгінгі қоғамдағы отбасының әлеуметтік жағдайларына статистикалық талдау жасай отырып, болашаққа бағдар беріңіз.
4. Дүниежүзілік отбасы тәрбиесі тәжірибелерін ескере отырып, отбасының әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайын жақсартудың ғылыми жобасын ұсыныңыз.