Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Дәріс 10. Отбасы - әлеуметтендiру процесiнің жетекші институты



бет7/13
Дата27.02.2023
өлшемі43,71 Kb.
#70085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
дәріс тезистері

Дәріс 10. Отбасы - әлеуметтендiру процесiнің жетекші институты
Дәріс жоспары:
1.Отбасы және оның баланы әлеуметтендіру институты ретіндегі қоғамдық мәні
2.Отбасының әлеуметтендірушілік белгiлерi мен әлеуметтендірушілік ықпалы
3.Отбасы типтері және ондағы әрекеттер сферасы
4.Отбасының әлеуметтендірушілік қызметі
5.Толық емес отбасылардағы тәрбие мен әлдеуметтендіру үрдісінің жүргізілу мүмкіндіктері
Отбасы қоғамның элементарлы құрылымы ретіндегі алғашқы әлеуметтік бөлігі болып табылады.
Отбасындағы адамдардың бiр-бiрiмен өзара қарым-қатынасының сипатына қарай М. Галагузова оларды авторитарлы, демократиялық және эгалитарлық деп бөлдi. Авторитарлық отбасы өзiнiң қарым-қатынастағы қаталдығымен сипатталады. Мұндай отбасыларында әйел ерiне бағынышты немесе ерi әйелiнен аса алмайды және балалары ата-аналарының дегенiнен шыға алмайды. Демократиялық отбасыларындағы қарым-қатынас толық өзара түсiнiстiк пен сыйластыққа негiзделедi. Мұнда отбасы мүшелерiнiң үйiшiлiк қызметтерi қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiне қарай тең бөлiнген, отбасындағы әрекеттердi ұйымдастыру мен атқаруға бәрi жұмыла қатысып отырады. Ал эгалитарлық отбасылары ондағы ересектердiң тең құқылығымен ерекшеленедi. Мұндай отбасыларындағы адамдар үшiн отбасы проблемаларына қарағанда жеке басының проблемалары бiрiншi орында тұрады. Мысалы, жұмыстағы жетiстiктер және т.б. Мұндай отбасыларында үйiшiлiк жұмыстар тең бөлiнген, барлығы ұжым болып жабыла кiрiсiп атқарады және шешiм қабылдайды. Бос уақытты да бiрге өткiзуге тырысады. Мұндай отбасыларындағы қарым-қатынастың кемшiлiгi отбасы проблемаларын шешуде кейбiрiнiң жеке мүддесi немесе қызығушылығы ескерiлмесе, кикiлжiң тууы мүмкiн.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

  1. Бала тұлғасын әлеуметтендiруде отбасының рөлi қалай көрiнедi?

  2. Әлеуметтік педагогтар тарапынан ұсынылып жүрген отбасылық қарым-қатынастың типтерiн бөлiп көрсетіңіз. Олардағы тәрбие мен әлеуметтендіру ерекшеліктерін сипаттаңыз.

  3. Отбасына берiлген әртүрлi анықтамаларды салыстырыңыз. Олардың қайсысы отбасының сипатының мәнiн толық ашады?

  4. Отбасының маңызды қызметтерiн ата-бабаларымыздың тарихи дәстүрлерімен және бүгінгі күнгі жаңа дәстүрлермен салыстыра отырып, сипаттаңыз.

5.Қолайлы емес отбасының типологиясын және ондағы қарымқатынасты реттеудiң мүмкiн болатын жолдарын өзiңiздiң тұжырымыңыз бойынша ұсыныңыз.

1

11



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет