Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: Девиантты мінез-құлықты балалармен қандай бағыттарда жұмыс жүргізіледі?
Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізуді концептуалдық тұрғыда зерттеген ғалымдар көзқарастарын сипаттап айтыңыз.
Әлеуметтік қараусыз қалған балаларды өмірге қайта бейімдеу жұмыстарына қандай қызметтер енеді?
Реабилитациялық орталықтарда қандай әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жүргізіледі?
Қазақстанда девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізіп жатқан қандай реабилитациялық орталықтардың жұмысының оң нәтижелері туралы айта аласыз?
1
13
Дәріс 13. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологиясы Дәріс жоспары: 1. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологиясы түсінігі
2.Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологиясы ұғымдарының өзара байланысы мен ерекшеліктері
3. Әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүргізу технологиясының практикасы
4.Әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастырудағы басқа ғылымдар теориясы мен практикасының қажеттілігі
Кез келген мамандықтың қызметін меңгеруде болашақ маман ең алдымен қызмет түрлерімен танысады. Мысалы, физика пәнінің маманы болу үшін ол алдымен физиканың заңдылықтарын оқып үйренеді, ал балалар дәрігері болып шығу үшін анатомия, физиология ғылымдарын меңгереді.
Мұндай сұрақтарға әдістеме мен технология жауап береді.
Алдымен «әдістеме» және «технология» ұғымдарының мәнін түсініп алайық.
«Әдістеме» - бұл қандай да бір жұмысты орындауға мақсатты бағытталған әдістер мен тәсілдердің және құралдардың жиынтығы. Біз әлеуметтік-педагогикалық зерттеу мәселесін қарастырған кезімізде «әдіс» ұғымымен таныс болдық. Бұл ұғым өте кең көлемде қолданылады. Атап айтқанда, психологияда, әлеуметтануда, педагогикада және т.б.
«Әдістер»-бұл баланың әлеуметтенуіне әсер ететін, әлеуметтік тәжірибелердің жинақталуына мүмкіндік туғызатын бала мен әлеуметтік педагогтың өзара байланысты қызметінің тәсілі.
Әлеуметтік-педагогикалық технологияның «классикалық» технологиядан ерекшеленетін нақтылы сипаттарын Ресей ғалымы Е.И.Холостова мынадай құрамда сипаттап көрсетеді.