Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Дәріс 9.Әлеуметтік педагогтің кәсіби қызмет жүйесі



бет6/13
Дата27.02.2023
өлшемі43,71 Kb.
#70085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
дәріс тезистері

Дәріс 9.Әлеуметтік педагогтің кәсіби қызмет жүйесі
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет және оның жүйесі туралы түсінік
2. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің негізгі функциялары
3. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің құрылымы
4. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің міндеттері
«Әлеуметтік педагог» мамандығының аталуының өзі «педагог» сөзінен туындайды. Сондықтан әлеуметтік педагог мамандарын педагогикалық оқу орындарында дайындап шығарады. Бұл екі мамандықты да теңестіріп отыратын нәрсе - олардың екеуінің негізгі назарының объектісі бала және оның дамуы мен әлеуметтік қалыптасуы болуында. Соған қарамай, бұл мамандықтар бір-бірінен ерекшеленеді де. Оқытушы өзінің негізгі білім берушілік қызметін орындаса, ал әлеуметтік педагог оқушының қоғамға бейімделуін басты назарда ұстайды.
Әлеуметтік педагогтің қызметінің объектісі - әлеуметтендіруге мұқтаж болып табылатын балалар мен жастар болады. Бұған бойында әртүрлі интеллектуалдық, педагогикалық, психологиялық ауытқулары бар балалар (көзі көрмейтін, естімейтін, ақыл-есі кемтар және т.б. балалар) да жатады. Әлеуметтік педагогтің қызметінің мақсаты - баланың дұрыс өсіп жетілуі мен дамуына психологиялық мүмкіндіктерді жасау.
Маманданудың негізіне әлеуметтік педагог қызметінің бағыттарына икемділік танытқан тип тұлғалары алынады. Осыған байланысты мынадай мамандарды ажыратып көрсетуге болады:
-девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар;
-мүгедектермен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар;
-жетім балалармен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар;
-қашқын балалармен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтар және т.б.


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

  1. Әлеуметтiк педагогтың жеке басына қойылатын талаптар қандай?

  2. Әлеуметтiк педагог қызметiнiң жүйесi және мазмұны неден тұрады?

  3. Әлеуметтiк педагог қызметi барысында қолданылатын әдiс-тәсiлдер мен құралдарды сипаттап беріңіз.

  4. Әлеуметтiк педагогтың кәсiби бiлiмдiлiгiн түсiндiрiңiз.

  5. Әлеуметтiк педагог қызметiнiң құрылымы және оны iске асыру әдiстемесi тиімді ұйымдастырылуы үшін қандай шарттарды ұсынасыз? Көзқарасыңызды дәлелдеңіз.

  6. Әлеуметтік педагогтың міндеттері тәрбиешіден, сынып жетекші міндеттерінен несімен ерекшеленеді?

  7. Қандай тұлғалық қасиеттер, білімдер мен дағдылар әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметінде қажет болып саналады?

  8. Қалыпты отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық көмек қажет болады деп ойлайсыз ба?

1

10



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет